Download Print this page

Bayer HealthCare MEDRAD CT 300 Series Instructions For Use Manual page 391

Advertisement

Кіріспе. Осы пайдалану нұсқаулығындағы ақпаратты
оқыңыз. Ақпаратты түсіну MEDRAD
шприцін дұрыс пайдалануға көмектеседі.
Қауіпсіздік туралы маңызды хабарлама.
MEDRAD Mark 7 Arterion шприці ангиографиялық
процедуралар жəне MEDRAD Mark 7 Arterion
инъекция жүйесін пайдалану бойынша тиісті
даярлықтан өткен жəне тəжірибесі бар білікті
медициналық мамандардың пайдалануына
арналған. MEDRAD Mark 7 Arterion пайдалану
нұсқаулығында MEDRAD Mark 7 Arterion инжекторы
мен шприцін дұрыс пайдалану бойынша нұсқаулар
берілген.
Кез келген инжектор сияқты MEDRAD Mark 7 Arterion
инжекторы/шприцтері оператордың жітілігін талап
етеді. Орнату жəне пайдалану барысында көзбен
тексеру мен тиісті əдістер жəне оператор
нұсқаулығындағы талаптарға сəйкестік сұйықтықты
жеткізу барысында ауаның болу қаупін азайтатын
негізгі əдістер болып табылады.
Қолдану көрсетімдері: MEDRAD Mark 7 Arterion
шприці, тез толтыру түтігі жəне Bayer компаниясының
бір реттік бұйымдары ангиографиялық зерттеулер
үшін тек MEDRAD Mark 7 Arterion инъекция
жүйесімен бір рет пайдалануға арналған.
Қарсы көрсетімдер. Бұл құрылғы химиотерапия
үшін пайдалануға жəне тамырішілік контрасттық
затты жəне қарапайым шаю ерітінділерінен басқа
сұйықтықтарды құюға арналмаған.
Шектеулі сатылым. Дəрігердің рецепті бойынша
ғана сатылады.
Осы құрылғыға байланысты туындаған қандай
да бір жағдай туралы Bayer компаниясына
(radiology.bayer.com/contact) жəне Еуропалық
өкілетті органға (не болмаса, қажет болса, осы
жағдай орын алған елдің тиісті реттеуші органына)
хабарлаңыз.
®
Mark 7 Arterion
Аэроэмболия қаупі. Емделуші ауыр жарақат
алуы немесе қазаға ұшырауы мүмкін.
• Бір оператор шприцті толтыру жəне қайта
толтыруға жауапты етіп тағайындалғанына
көз жеткізіңіз. Операторларды процедура
кезінде ауыстырмаңыз. Операторлар
ауысатын болса, жаңа оператордың
сұйықтық жолы ауадан тазартылғанын
тексергеніне көз жеткізіңіз.
• Емделуші шприцтен ауаны үрлеп
шығарғанда немесе піспекті итергенде
немесе тартқанда жалғанып тұрмағанына
көз жеткізіңіз.
• Шприцті толтыру жəне ауаны үрлеп шығару
кезінде инжектор басын үрлеу (тік)
құралының күйіне қарай реттеңіз.
• Толтырған соң, шприцтен жəне барлық бір
реттік бұйымдардан ауаны үрлеп шығарыңыз.
• Ауаның шығуын жеңілдету үшін шприцті
толтырған соң шертіңіз.
• Шприцте сұйықтық бар екеніне көз жеткізу
үшін MEDRAD
дөңгелек екенін тексеріңіз.
Қан арқылы ауру жұқтыру қаупі. Емделушінің
жəне/немесе жұмысшының ауыр жарақатына
немесе өліміне əкелуі мүмкін.
• Шприцтен ауаны абайлап шығарыңыз.
Ауаны шығару барысында құралдарды
пайдалану себебінен компонент зақымдалуы
мүмкін.
• Дисплейді басқару құрылғысындағы
End Case (Істі аяқтау) түймесін басыңыз.
Істі аяқтағыңыз келетінін жəне емделуші
жүйеден ажыратылғанын растау үшін
Yes (Иə) опциясын таңдаңыз.
• Не болмаса, 2 мл шприц поршенін
шығару үшін қолмен реттеу тұтқасын
сағат тіліне қарсы бұраңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
®
FluiDots индикаторлары
Шприцті толтыру, үрлеу жəне шығару туралы ақпаратты келесі беттен қараңыз
73
АБАЙЛАҢЫЗ
Биологиялық ластану қаупі. Емделушінің
жəне/немесе жұмысшының ауыр жарақатына
немесе өліміне əкелуі мүмкін.
• Пайдаланғаннан кейін, не болмаса орнату
немесе пайдалану кезінде ластанған
жағдайда, бір реттік бұйымдарды тиісінше
алып тастаңыз.
• Бір реттік қолданысқа арналған құрылғылар
үшін мынаны ескеріңіз: бұл өнім бір рет
қолдануға арналған; қайта стерильдеуге,
қайта өңдеуге немесе қайта пайдалануға
болмайды; бір реттік құрылғылар тек бір рет
пайдалануға арнап жасалған жəне
мақұлданған. Бір реттік құрылғыларды
қайта пайдалану құрылғының дұрыс жұмыс
істемеу қауіптерін тудырады жəне
емделушіге қауіп төндіреді. Құрылғының
жұмыс істемеуінің ықтимал себептері:
компонентті ұзақ пайдалану салдарынан
оның күйінің нашарлауы, компоненттің
дұрыс жұмыс істемеуі жəне жүйенің жұмыс
істемеуі. Емделушіге төнетін ықтимал
қауіптер: құрылғы дұрыс жұмыс
істемегендіктен жарақат алу, не болмаса
құрылғы тазалауға немесе қайта стерильдеуге
жарамайтындықтан инфекция түсу.
• Стерильденген бума ашылған немесе
зақымдалған болса, оны пайдаланбаңыз.
Бума ашылған немесе зақымдалған болса,
не болмаса зақымдалған компоненттер
қолданылса, емделуші немесе оператор
жарақаттануы мүмкін. Бума мен оның
ішіндегілерді пайдаланар алдында əрдайым
көзбен қарап тексеріңіз.
ЕСКЕРТУ
Қоршаған ортаны ластау қаупі. Емделуші
жəне/немесе жұмысшы жарақат алуы мүмкін.
• Əрбір пайдалану алдында бума мен оның
ішіндегісін көзбен қарап тексеріңіз жəне
бумасы ашылған немесе зақымдалған
жағдайда пайдаланбаңыз.
• Стерильді əдістерді пайдаланыңыз, əсіресе
шприц ұшының, поршеннің, шприц
цилиндрінің ішкі бетінің жəне тез толтыру
түтігінің стерильдігін сақтаңыз.
• Шприцті орнату барысында құрғақ,
ластанған болуы мүмкін контрасттық затты
ойыққа қырып тастамаңыз.
• Бір реттік бұйымдарды қайта пайдаланбаңыз.

Advertisement

loading

This manual is also suitable for:

Medrad vistronCtp-200-fls