Download Print this page

Bayer HealthCare MEDRAD CT 300 Series Instructions For Use Manual page 209

Advertisement

Қазақша
Кіріспе: Осы брошюрада берілген ақпаратты оқыңыз.
Ақпаратты түсіну MEDRAD Avanta стерильді қолмен
басқару құрылғысын дұрыс пайдалануға көмектеседі.
Қауіпсіздік туралы маңызды хабарлама: MEDRAD
Avanta стерильді қолмен басқару құрылғысы тиісті
даярлықтан өткен жəне MEDRAD Avanta сұйықтықты
бақылау инъекция жүйесін жəне ангиографиялық
процедуралар мен əдістерді пайдаланудан тəжірибесі
бар медицина мамандарының пайдалануына арналған.
Қолдану көрсетімдері: MEDRAD Avanta стерильді
қолмен басқару құрылғысы рентгеноангиографиялық
ортада MEDRAD Avanta сұйықтықты бақылау инъекция
жүйесімен пайдалануға арналған.
Қарсы көрсетімдер: MEDRAD Avanta стерильді қолмен
басқару құрылғысы тек MEDRAD Avanta сұйықтықты
бақылау инъекция жүйесімен пайдалануға арналған.
Шектеулі сатылым: Дəрігердің рецептісі бойынша
ғана сатылады.
Жұмыс температурасы: +15°C жəне +30°C
аралығында
Жұмыс ылғалдылығы: 20%–75%
Осы құрылғыға байланысты туындаған қандай
да бір жағдай туралы Bayer компаниясына
(radiology.bayer.com/contact) жəне Еуропалық құзыретті
органға (немесе қажетінше осы жағдай орын алған
елдің тиісті реттеуші органына) хабарлаңыз.
REACH талаптарына сəйкестік туралы ақпаратты
www.REACH.bayer.com веб-сайтынан табуға болады
Абайлаңыз
Аэроэмболия емделушінің өліміне
немесе ауыр жарақаттануына себеп болуы
мүмкін. Шприцтегі жəне сұйықтық жолындағы
барлық артық ауа шығарылғанша, инъекторды
емделушіге жалғамаңыз немесе инъекция
жасауға əрекеттенбеңіз. Аэроэмболия қаупін
азайту үшін FluiDots индикаторларын пайдалану
жөніндегі нұсқауларды (қолданылатын жағдайда)
мұқият оқыңыз.
Бір реттік бұйымдарды қайта пайдалану
немесе стерильді əдісті орындамау
нəтижесінде биологиялық ластану орын алуы
мүмкін. Бір реттік бұйымдарды пайдаланған соң,
оларды тиісті жолмен тастаңыз. Орнату немесе
пайдалану барысында ластану орын алуының
қандай да бір мүмкіндігі болса, бөлшектеп, жаңа
стерильді өнімді орнатыңыз.
ЕСКЕРТПЕ. MEDRAD Avanta стерильді қолмен
басқару құрылғысы қосымша MEDRAD Avanta қолмен
басқару құрылғысының стерильді қалқанынсыз
пайдаланылса, емделушіге əр пайдаланғаннан кейін
қолмен басқару құрылғысын тастаңыз.
Стерильденген бума ашылған немесе
зақымдалған болса, оны пайдаланбаңыз.
Бума ашылған немесе зақымдалған болса, не
болмаса зақымдалған компоненттер қолданылса,
емделуші немесе оператор жарақаттануы мүмкін.
Бума мен оның ішіндегілерді пайдаланар алдында
əрдайым көзбен қарап тексеріңіз.
Контрасттық зат ағып кетсе, не болмаса
шприц немесе жалғағыш түтік ажырап кетсе,
емделуші немесе оператор жарақаттануы
мүмкін. Сұйықтық жолында артық қысымды
немесе окклюзияларды пайдалану шприц пен
жалғағыш түтіктен сұйықтықтың сыртқа ағуына
немесе олардың ажырап кетуіне себеп болуы
мүмкін. Сұйықтық жолы ашық екеніне көз жеткізіңіз;
жарамды қысым шамасынан асырмаңыз.
Ескерту
Компонент дұрыс орнатылмаған жағдайда
зақымдалуы мүмкін. Барлық қосылымдардың
берік екеніне жəне тым қатты бекітілмегеніне
көз жеткізіңіз. Бұл сұйықтықтың сыртқа ағу,
қосылымдардың ажырау жəне компоненттердің
зақымдалу ықтималдығын азайтуға көмектеседі.
ЕСКЕРТПЕ. Қосымша ақпаратты инъекцияның
пайдалану нұсқаулығынан жəне MEDRAD Avanta
қолмен басқару құрылғысының стерильді қалқанын
пайдалану нұсқауларынан қараңыз.
Қолмен басқару құрылғысын орнату
MEDRAD Avanta стерильді қолмен басқару құрылғысын
бес емделушіге дейін пайдалануға болады. Емделушілер
арасында стерильділікті MEDRAD Avanta қолмен басқару
құрылғысының стерильді қалқандарын (сатып алуға
болады) қолдану арқылы сақтауға болады.
1. Инъектор қолмен басқару режиміне орнатылғанын
тексеріңіз.
2. Қолмен басқару құрылғысының қалтасын стерильді
əдіспен ашыңыз.
3. Стерильді əдісті қолданып қолмен басқару
құрылғысын қалтасынан шығарып алыңыз.
4. Қолмен басқару құрылғысын сұйықтықты бақылау
модулі – қолмен басқару құрылғысының коннекторына
жалғаңыз (төмендегі суретті қараңыз). Дұрыс
жалғанғанда, сырт еткен дыбыс шығады.
ЕСКЕРТПЕ. Қолмен басқару құрылғысы зақымдалған
болса немесе дұрыс жұмыс істемесе, пайдалануды
тоқтатып, құрылғыны тастаңыз.
42
Сұйықтықты
бақылау модулі
MEDRAD Avanta
Стерильді қолмен
басқару құрылғысы
Қолмен басқару
құрылғысының
коннекторы
5. Қолмен басқару құрылғысын пайдалану үшін
MEDRAD Avanta сұйықтықты бақылау инъекция
жүйесінің пайдалану нұсқаулығында берілген
нұсқауларды орындаңыз.

Advertisement

loading

This manual is also suitable for:

Medrad vistronCtp-200-fls