Download Print this page

Bosch GHO 6500 Professional Original Instructions Manual page 127

Hide thumbs

Advertisement

OBJ_BUCH-2410-002.book Page 127 Thursday, November 19, 2015 11:21 AM
Жонғы пышағын орнату (I – J суреттерін қараңыз)
Жонғы пышағын бағыттау ойығы арқылы алмастыру
немесе аудару кезінде бірдей биіктік қамтамасыз етіледі.
Керек болса, пышақ басындағы 13 пышақ орны мен
жонғы пышағын 20 тазалаңыз.
Жонғы пышағын орнатуда ол пышақ басының 13
қысқышында кедергісіз тұруына көз жеткізіңіз.
Жонғы пышағы жонғы табандығының ортасында 8
орнатылып бағытталуы керек. Сосын 3 бекіткіш
бұранданы 11 жұлдыздық кілтпен 10 тартып бекітіңіз.
Бұрандама қысқышта 12 көрсетілген тарту реттілігін
() сақтаңыз.
Ескертпе: Пайдалану алдында бекіту бұрандаларының
бекем тұруын тексеріңіз 11. Пышақ басын 13 қолмен
айналдырып, жонғы пышағының еш жерде шығып
тұрмауына көз жеткізіңіз.
Қайта жабдықтау жинақтарын пайдалану
HSS-тен HM/TC-ке қайта жабдықтау
Қайта жабдықтау жинағын 2 607 001 399 (керек-
жарақтар) пайдаланып HSS жонғы пышақтарымен
жабдықталған жонғыны HM/TC жонғы пышағына
жабдықтау мүмкін.
– Бұрандама қысқышты 12 босатып алып қойыңыз.
– Қапсырманы 16 жонғы пышағымен 15 бірге иінтірек
басынан 13 немесе бағыттауыш ойықтан 14
шығарыңыз.
– Қайта жабдықтау жинағын 2 607 001 399 бағыттауыш
ойыққа 14 жылжытыңыз.
– Бұрандама қысқышты 12 орнатып бекіткіш
бұрандаларды 11 бұрап, бірақ бұрандаларды
тартпаңыз.
– HM/TC жонғы пышағын жонғы пышағы қысқышына
салыңыз.
– Жонғы пышағы жонғы табандығының ортасында 8
орнатылып бағытталуы керек. Сосын 3 бекіткіш
бұранданы 11 жұлдыздық кілтпен 10 тартып бекітіңіз.
Бұрандама қысқышта 12 көрсетілген тарту реттілігін
() сақтаңыз.
HM/TC-ден HSS-ке қайта жабдықтау
Қайта жабдықтау жинағын 2 607 001 398 (керек-
жарақтар) пайдаланып HM/TC жонғы пышақтарымен
жабдықталған жонғыны HSS жонғы пышағына жабдықтау
мүмкін.
– 3 бекіткіш бұранданы 11 жұлдыздық кілтпен 10
шығарып, бұрандама қысқышты 12 алып қойыңыз.
– Қапсырманы 16 жонғы пышағымен 15 бірге иінтірек
басынан 13 немесе бағыттауыш ойықтан 14
шығарыңыз.
– Қайта жабдықтау жинағын 2 607 001 398 бағыттауыш
ойыққа 14 салып оны жонғы табандығының
ортасына 8 бағыттаңыз.
– Бұрандама қысқышты 12 орнатып 3 бекіткіш
бұранданы 11 жұлдыздық кілтпен 10 тартып қойыңыз.
Бұрандама қысқышта 12 көрсетілген тарту реттілігін
() сақтаңыз.
Bosch Power Tools
Шаңды және жоңқаларды сору
 Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар
және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу
қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге
канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал
тек қана мамандармен өңделуі керек.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жоңқа шығатын жерді 3 жүйелік түрде тазалаңыз. Бітелген
жоңқа шығатын жерді тазалау үшін тиісті құралды
пайдаланыңыз, мысалы ағаш, қысылған ауа т. б.
 Шығарылған жоңқаларды қолмен алмаңыз.
Айналатын бөлшектерден жарақат алуыңыз мүмкін.
Оңтайлы соруды қамтамасыз ету үшін бөлек сорғыш
құралын немесе шаң-/жоңқа қабын пайдаланыңыз.
Пайдалану
Пайдалану түрлері
Жоңқалау тереңдігін реттеу
Айналмалы реттегіш 2 жоңқалау тереңдігін бірқалыпты
ретте 0–2,6 мм-ге жоңқалау тереңдігі шкаласы 1 (Шкала
бөлектірі = 0,1 мм) арқылы реттеу мүмкін.
Сақтайтын башмак (N суретін қараңыз)
Сақтайтын башмак 29 электр құралын дайындама немесе
жонғы пышағын зақымдау қаупінсіз жұмыс істеуден соң
қоюға мүмкіндік береді. Жұмыс істеуде сақтайтын башмак
29 жоғарыға қисатылып жонғы етегінің 8 артқы бөлігі
босатылады.
Пайдалануға ендіру
 Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдары 220 В жұмыс істеуі
мүмкін.
Қосу/өшіру
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.
Электр құралды қосу үшін қосқышты/өшіргішті 5 басып
тұрыңыз.
Басылған қосқыш/өшіргішті 5 құлыптау үшін құлыптау
пернесін 4 басыңыз.
Қaзақша | 127
1 609 92A 1T5 | (19.11.15)

Hide quick links:

Advertisement

loading

  Also See for Bosch GHO 6500 Professional