MSA WORKMAN MINI PFL Use And Maintenance Instructions page 47

Retractable type fall arresters
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 15
ҚАЗАҚША
P/N 10157620
ҚАЗАҚША
ПАЙДАЛАНУ НҰСҚАУЛЫҒЫ
1. Жұмыс барысы мен Қолдану тәсілдері: Тоқтатқыш құрылғының тартылатын түрі EN 360:2002 және EN 355:2002 стандарттарына
сәйкес келеді. Бұйым құрамы екі карабин, қаптама, тартылатын жүк асатын бау (арқан), жүктеме индикаторы (4-суретті
қараңыз) және бар болса, RFID-белгісінен (5-суретті қараңыз) тұрады. Арқан полиамидті тоқыма баудан дайындалған, бұл өнім
жапсырмасында (8-сурет, 13-күйді қараңыз) белгіленеді. Бұл өнім құлаудан сақтайтын EN 361 (Бразилиялық стандарт: ABNT
NBR 15836) сақтандыру белдігіне және сәйкес бекіту нүктені тіреу қосқышқа бекіту кезінде EN 363:2008 (Бразилиялық стандарт:
ABNT NBR 14628, Аргентина стандарты: IRAM 3605) құлаудан жеке сақтандыру жүйесінің элементі болып табылады. Бұл өнімді
тек ұсынылған ереже бойынша пайдаланыңыз. Рұқсат етілген бекіту нүктелерін анықтау мақсатында белдікке қоса берілген
нұсқаумен танысып шығыңыз.
Өнім жоғарыға көтерілу, төмен түсу, сондай-ақ бір жағына қозғалған кезде құлаудан үздіксіз қорғауды қамтамасыз ету үшін
қолданылуы мүмкін. Жерге құлаған жағдайда, құрылғы автоматты түрде белгілі биіктікте тұрған жұмысшының төмен түсуін
тоқтатады да, жүйенің адам денесіне түсіретін қысымын шектейді.
Тек екі аяқты конфигурациялар үшін: Өнім жұмыс алаңында қозғалу кезінде пайдаланушыларға 100% қорғаныс беруге
арналған.  Т іреуіштердің (аяқтардың) бірін пайдаланушы жаңа позицияға қозғалған кезде тиісті бекіту бөлігіне қосу керек. Жаңа
позицияда тұрып, екінші тіреуішті (аяқты) алдыңғы тіреуішті ажыратпас бұрын тиісті бекіту бөлігіне бекітіңіз. Бұл процедураны
соңғы нүктеге жеткенше қайталаңыз.
Өнім RFID қолдауы мүмкін. Өнім үшін RFID пайдалану туралы қосымша ақпарат алу үшін www.msanet.com/fieldid торабыұсынылады.
Тігінен тарту қолданыстары үшін PFL құрылғысын тікелей пайдаланушының үстіне орнатыңыз. Білікті маман қолданыстарды
тексеріп, көлденеңінен немесе қисайтып және шектеуші құрылғы ретінде бекітуі қажет. PFL құрылғысын орналастыру құрылғысы
ретінде пайдаланбаңыз.
2. Дайындық: MSA өндірген ТҚТТ (тоқтатқыш құрылғының тартылатын түрі) қолданушы бұйымды оларды пайдалану жөніндегі
осы нұсқаулықпен таныстырылуын қамтамасыз етуі қажет және оларды өткізу үшін білікті маман дайындауына жауапты
болып табылады. Осы өнімді пайдалану бойынша қажетті дайындықтан өткендігіңізге және оның жұмыс принципін толығымен
түсінетіндігіңізге көз жеткізіңіз.
Химиялық қауіпті факторлар, жоғары температура және даттану өнімді зақымдауы мүмкін. Мұндай жағдайларда тексерулерді жиі
өткізу қажет. Температура -40°C 0-ден төмен және 60°C 0-ден жоғары болған жағдайларда сақтандыру белбеулерін қолдануға
тыйым салынады.
3. Құтқарылу ережесі: Пайдаланушыда құтқарылу жоспары және оны жүзеге асыру құралдары болуы тиіс. Бұл жоспар күтпеген
жағдайларда жедел құтқару үшін қажетті жабдықтарды және арнайы оқытуды қарастыруы қажет. Құтқару барысында әрқашан
құтқарушымен ашық немесе жанама көзбе-көз кездесу немесе басқа да байланыс түрі болу керек.
4. Жүйе бөлшектерінің қамтылуы: өнім бекітілген барлық компоненттер оған сәйкес БОЛУЫ ТИІС. Жабдық элементтерін біріктіріп
пайдаланған кезде бір заттың қауіпсіз функциясы басқасына әсер етуі немесе кедергі жасауынан туындайтын қауіп-қатер бар.
MSA өндірген ТҚТТ (тоқтатқыш құрылғының тартылатын түрі) сертификатталған бекіту компоненттері мен ішкі жүйелерімен қоса
пайдалануға арналған. Бекіту ішкі жүйелері келесі мақсаттарда пайдаланылу үшін сәйкес келуі тиіс (мысалы, құлаудан қорғану
үшін). Бекіту компоненттерінің немесе ішкі жүйелерінің жарамдылығын анықтау үшін, арқан өндірушінің нұсқаулықтарына назар
аударыңыз. Қандай да бір сұрақ туындаған жағдайда немесе аса толық ақпарат алу үшін MSA өндiрiс орталығымен хабарласыңыз.
5. Денсаулық шектеулері: Өнім салмағы киім, құралдар және пайдаланушыға қатысты басқа да заттармен қоса 140 кг жүк
сыйымдылығынан аспайтын бір пайдаланушыға арналған. Биіктікте жұмыс атқару үшiн жақсы денсаулықты қажет етеді. Өнімді
пайдалану кезінде, кейбір медициналық аурулар, сондай-ақ апатты жағдайларда (дәрі-дәрмектер қабылдау барысында, жүрек-
қантамыр қысымы кезинде және т. б.) қолданушыға мейлiнше зиянын келтiруi мүмкiн. Егер күмәндансаңыз қауіпсіздік белбауларын
қолданар алдында дәрігермен кеңесіңіз. Өнімді жүкті әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қолдануға БОЛМАЙДЫ.
6. Жұмыс барысы:
Ілмекті немесе карабинді баудың артқы D тәріздес сақинасына жалғаңыз. Жалғағыш ысырмасының толық жабылып,
құлыпталғанына көз жеткізіңіз.
Екі аяқты конфигурация үшін: Құрылғыларды бауға жалғаңыз (2-суретті қараңыз). Ілмек ысырмасының толық жабылып,
құлыпталғанына көз жеткізіңіз. Карабин ысырмасының толық жабылып, құлыпталғанына көз жеткізіңіз. Пайдаланушы сызықты
тез итергенде, құрылғы құлыпталуы тиіс. Пайдаланар алдында өнімге құлап кету не қысым түсу қаупінің төнбейтініне көз жеткізу
үшін, өнімді тексеріңіз. Сондай-ақ өнім жақсы жұмыс істей алатын күйде болуы қажет.
7. Өнімді жыл сайын тексеру қажет. Бұл тексеруді тек өндіруші немесе өнідруші тағайындаған ұйым ғана орындай алады. Жұмыс
деңгейiнен тыс кез келген тор әр 5 жыл сайын ауыстырылуы тиіс.
Өнім жұмыс жағдайда екендігіне көз жеткізу үшін жүйелі түрде тексерілуі ТИІС. (Тексеру нұсқауларын қараңыз (8))
8. Тексеру нұсқаулары:
Өнім жұмыс жағдайда екендігіне көз жеткізу үшін әр пайдаланудың алдында тексерілуі тиіс.
Сым немесе торды тексеріңіз және жүйелі түрде тазалаңыз.
Өнімді майламаңыз.
Корпуста сырт қоқыстардың болмауын қамтамасыз етіңіз.
Белгілер мен ескертулер айқын болуы тиіс.
Өнімнің жұмыс қалпында екендiгiне көз жеткiзу үшiн, корпустан арқанды жылдам тартыңыз. Өнім құлыптанып, кергіш
босатылмағанша құлыптанған күйде қалуы тиіс.
Жүктеу индикаторының іске қосылғандығын тексеріңіз. Егер сіз жүктеме индикаторының іске қосылғанын немесе онда механикалық
зақымдану не құлау белгілерін байқасаңыз, өнім өндірушіге немесе өндіруші тағайындаған ұйымға қайтарылуы тиіс.
Қажетті түрде сақтамау, дұрыс пайдаланбау, іске қосылған құлаудан қорғау жүйесі, механикалық өзгерістер, химиялық
заттармен (қышқылдар мен сілтілер) байланысу, жоғары температуралардың әсер етуі сияқты факторлар бұйымның техникалық
сипаттамаларын төмендетіп, оның пайдалану мерзімін азайтуы мүмкін.
Тексеру кезінде қауіпті жағдай анықталса, білікті адам жұмыс істеуді жазбаша түрде мақұлдамағанша өнімді пайдаланбаңыз.
9. Қажетті ара қашықтықты шамамен анықтау үшін:
Барлық мүмкін болатын құлап кету қауіптерін ескере отырып, бекітуден пайдаланушының артқы D тәріздес сақинасы арасында
қашықтықты өлшеп қалдырыңыз. Қашықтықты тігінен де, көлденеңінен де қалдыру қажет; оны 0,3 м қашықтыққа дейін жуықтаған
жөн. Бекітуді анықтау үшін, тиісті кестенің жанындағы және жоғарғы жағындағы сандарды пайдаланыңыз. Кестенің сол бөлігіндегі
мән пайдаланушының жұмыс беті мен ең жақын кедергі арасында минималды талап етілетін футпен есептелген қашықтық болып
табылады. Суреттегі әрбір бөлік пайдаланушының артқы D сақинасынан 0,3 м қашықтықты білдіреді.
Мысалы, пайдаланушының артқы D сақинасының үстінен 0,6 м және сол жағынан 0,6 м қашықтықта бекітілген WORKMAN
MINI PFL құрылғысын пайдаланатын жұмысшы үшін 1,2 м ара қашықтық қажет болады (6-суретті қараңыз). Не болмаса,
© 2014 MSA
Page 47

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents