Grundfos SP Series Installation And Operating Instructions Manual page 406

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 4
6.1 Жиілік түрлендіргішімен пайдалану режимі
6.1.1 Grundfos фирмасының электр қозғалтқыштары
Grundfos фирмасының үш фазалы электр қозғалтқышын
жиілік түрлендігішіне қосуға болады.
Егер температуралық таратқышы бар MS электр
қозғалтқышы жиіліктің өңдегішімен қосылса,
таратқыш ішіндегі балқығыш сақтандырғыш еріп
кетеді және датчик жұмыс істемейді.
Сақтан
Температуралық таратқышты осыдан кейін қайта
пайдалануға болмайды. Мұндай кезде электр
қозғалтқышы температуралық таратқышы жоқ
электр қозғалтқышы ретінде жұмыс істейді.
Егер температуралық таратқыш қажет болса,
Grundfos компаниясы су өткізбейтін электр қозғалтқышы үшін
Pt100 немесе Pt1000 таратқышын ұсынады.
Жиілік түрлендіргіші бар электр қозғалтқышын
пайдалану режимінде номиналды мәні (50 Гц
немесе 60 Гц) жиіліктен асатын кернеуді беруге
Сақтан
болмайды. Сорғының жұмысына байланысыты
ешқашан жиілікті суытқыш сұйықтықтың қажетті
ағыны жеткізбейтін деңгейіне дейін азайтпаңыз
(жылдамдығын да).
Сорғы бөлшегін зақымдамау мақсатында сорғы ағыны 0,1 x
номиналды ағын көрсеткішінен төмен болған кезде электр
қозғалтқышын тоқтату керек.
Жиілік түрлендіргіштің түріне байланысты ол электр
қозғалтқышының зақымдалуына алып келетін жоғарғы
кернеудің әсер ету себебі болуы мүмкін.
Назар аударыңыз
440 В-ке және одан жоғары кернеуге арналған MS
402 электр қозғалтқыштары (қозғалтқыш кестесін
көріңіз) 650 В
(ең жоғары мән) жоғары кернеу
амплитудаларынан қорғалуы керек.
Басқа электр қозғалтқыштарын 850 В-тан жоғары ең жоғары
кернеуден қорғау ұсынылады.
Жоғарыда айтылып кеткен кедергілерді жиілік түрлендіргіші
мен электр қозғалқышы арасына RC-сүзгісін қосу арқылы
кетіруге болады.
Электр қозғалтқышынан шығатын акустикалық шуылды жиілік
түрлендіргішінен келетін жоғарғы кернеуді азайтатын
LC-сүзгісін орнату арқылы азайтуға болады.
Жиілік түрлендіргішін пайдалану кезінде LC сүзгісін орнату
ұсынылады.
6.7.6 Жиілік түрлендіргішімен пайдалану режимі
бөлімін көріңіз.
Толығырақ ақпарат алу үшін жиілік түрлендіргіш
жеткізушісімен немесе Grundfos фирмасымен
хабарласуыңызды сұраймыз.
6.1.2 Grundfos фирмасынан басқа фирмалардың электр
қозғалтқыштары
Grundfos фирмасымен немесе электр қозғалтқышының басқа
жеткізушісімен хабарласыңыз.
406
6.2 Электр қозғалтқышты қорғау
6.2.1 Бір фазалы электр қозғалтқыштары
MS 402 бір фазалы электр қозғалтқыштары жылу релесімен
қамтамасыз етілген, сондықтан ол ешқандай қосымша
қорғауды қажет етпейді.
Назар аударыңыз
Электр қозғалтқышында жылу қорғағышы өшкен
кезде оның клеммаларына күш түсіп тұр деген
сөз. Электр қозғалтқышы жеткілікті түрде
суығаннан кейін, ол автоматты түрде қайта
қосылады.
MS 4000 бір фазалы электр қозғалтқыштары қорғалуы керек.
Электр қозғалтқышының қорғағыш автоматы тарату
құрылғыларының бақылау қорабына немесе бөлек
орнатылады.
Franklin фирмасының диаметрі 4 дюйм PSC электр
қозғалтқыштарын қорғағыш автоматқа қосу керек.
6.2.2 Үш фазалы электр қозғалтқыштары
MS электр қозғалтқыштары ендірілген температуралық
таратқышпен бірге немесе таратқышсыз шығарылады.
Келесі электр қозғалтқыштары жылу реле бар қозғалтқыш
сақтандырушы арқылы немесе MP 204 және тұйықтаушымен
қорғалады:
ендірілген немесе бүтін температуралық таратқыштары
бар электр қозғалқыштары
бұзылған температуралық таратқышы бар не жоқ электр
қозғалтқыштары
Pt100 таратқышы бар немесе жоқ электр қозғалтқыштары.
MSS электр қозғалтқыштарында ендірілген температуралық
таратқышы жоқ. Pt100 және Pt1000 керек-жарақ ретінде
жеткізіледі.
6.2.3 Электр қозғалтқышының қорғаныш автоматынын
қажетті күйге келтіру параметрілері
Электр қозғалтқышының қорғағыш автоматына ендірілген
максималды ток ажыратқышы электр қозғалтқышы суық күйде
іске қосылып номиналды ток 5 есе асқанда 10 секунд ішінде
іске қослыуы керек. Қалыпты жұмыс күйінде электр
қозғалтқышы 3 секундтан кем толық жылдамдығында жұмыс
істеу керек.
Егер осы талаптар орындалмаса, электр
Сақтан
қозғалтқышына берілетін кепілдік жарамсыз
болып есептеледі.
Ең жақсы қорғауды қамтамасыз ету үшін, электр
қозғалтқышының қорғағыш автоматы келесідей орнатылуы
керек:
1. Электр қозғалтқышын қорғау автоматын тұтынатын токтың
шамасына қарай реттеңіз.
2. Есептелген қуатпен сорғыны іске қосып жарты сағат бойы
жұмыс істеуіне мүмкіндік беріңіз.
3. Электр қозғалтқышының максималды ток ажыратқыш
мәнін жұмыс істейтін мәнге дейін ақырын төмендетіңіз.
4. Жұмыс істеу сәтін осы мәннен шамамен 5 % жоғарыға
қойыңыз.
Ток ажыратқышының максималды мәні электр
қозғалтқышының номиналды тогынан аспауы керек.
"Жұлдыз - үшбұрыш" электр қозғалтқыштар үшін электр
қозғалтқышының қорғағыш автоматы жоғарда көрсетілгендей
орнату керек, бірақ максималды орнату ең жоғарғы ток x 0,58
болуы керек.
"Жұлдыз - үшбұрыш" немесе іске қосу трансформаторы бар
қорғағыш автомат арқылы қосқандағы қозғалтқыштың
максималды рұқсат берілген іске қосу уақыты 2 секунд болып
табылады.

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents