3M PELTOR CH-3 FLX2 Manual page 105

Table of Contents

Advertisement

KZ
7.2.3. ГАРНИТУРАНЫ ЖЕЛДЕТУ КҮЙІНЕ ҚОЮ
ҮШІН
• Құлақ стакандарын құлаққаптар орнына
түскенше сыртқа қарай итеріңіз. (5.Н суреті)
7.2.4. ГАРНИТУРАНЫ STAND BY (КҮТУ
РЕЖИМІ) КҮЙІНЕ ҚОЮ ҮШІН
1. Гарнитураны желдету режиміне қойыңыз.
2. Құлаққаптарды шлем бойымен артқа қарай
бұрыңыз. (5:J суреті)
ЕСКЕРТПЕ: Құлақ стакандары күту режимі күйіне
орнатылған кезде шлемге қарсы орналаспауын
қадағалаңыз.
7.2.5. ҚҰЛАҚ СТАКАНДАРЫНЫҢ БИІКТІГІН
РЕТТЕУ ҮШІН
• Стаканды ұстап тұру тіректерін ұстап тұрып,
құлақ стакандарын жоғары не төмен басыңыз.
(5:L суреті)
7.3. МОЙЫН ЖОЛАҒЫ
7.3.1. ГАРНИТУРАНЫ ЖҰМЫС КҮЙІНЕ ҚОЮ
ҮШІН
1. Мойын жолағын мойынға киіңіз.
2. Құлаққаптарды құлаққа киіңіз. (5:M суреті)
3. Бас жолағын бастың төбесіне киіңіз.
4. Құлақ стакандарын орнына бекіту үшін бас
жолақтарын бір-бірінің үстіне
орналастырыңыз. (5:N суреті)
ЕСКЕРТПЕ: Бас жолақтары бас төбесі арқылы
орналасуы тиіс. (5:U суреті)
7.4. МИКРОФОН
Шулы аймақтарда сөйлеу микрофонының
тиімділігін арттыру үшін, микрофонды аузыңызға
өте жақын (3 мм немесе 1/8 дюймнен аз)
ұстаңыз.
7.4.1. ҚОРҒАНЫС ТАСПАСЫН ОРНАТУ ҮШІН
1. Қорғаныс таспасының стаканы 10 см / 4 дюйм.
(5:P сурет) КЕРЕК-ЖАРАҚТАР бөлімін
қараңыз.
2. Төсемді алыңыз.
3. Қорғаныс жабынмен микрофонды ораңыз.
(5:Q суреті)
4. Қорғаныс таспасын қаттырақ тартыңыз.
(5:R суреті)
7.4.2. МИКРОФОНДЫ РЕТТЕУ ҮШІН
1. Микрофонды езуге қарай бүгіңіз.
2. Реттелмелі бұранданы босатыңыз. (5:S суреті)
3. Микрофон арақашықтығын орнатыңыз (3 мм
немесе 1/8 дюймнен аз). (5:T суреті)
4. Реттелмелі бұранданы қатайтыңыз.
98
8. ПАЙДАЛАНУ НҰСҚАУЛАРЫ
8.1. ЖҰМЫС ТЕМПЕРАТУРАСЫ
• Бас жолағы: –20°C (–4°F) - +50°C (+122°F).
• Шлем: –20°C (–4°F) - +50°C (+122°F).
Мойын жолағы: –20°C (–4°F) - +50°C (+122°F).
8.2. ӨНІМДІ ЖАЛҒАУ ҮШІН
1. Кабельдегі құлыптау түймесін басып тұрып,
кабельді гарнитураға жалғаңыз. (6:A суреті)
ЕСКЕРТПЕ: Гарнитураға тиісті кабельдің
жалғанғанына көз жеткізіңіз. Кабель
қорабындағы нұсқауларды ескеріңіз.
2. Радионың дыбысын азайтыңыз.
3. Кабельді радио немесе PTT адаптерімен
жалғаңыз.
4. Шулы ортаға енбес бұрын, құрылғының дұрыс
жұмыс істеп тұрғанын тексеріңіз.
8.3. СӨЙЛЕСУ ҮШІН БАСУ (PTT)
ФУНКЦИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ ҮШІН
PTT функциясы екі бағыттық рация үшін
пайдаланылады. Радиодағы кірістірілген PTT
түймесін, PTT адаптерін немесе PTT түймесін
пайдаланыңыз.
1. Микрофонға сөйлеген кезде PTT түймесін
басыңыз. (6:B суреті)
2. Сөйлеп болған соң, PTT түймесін жіберіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Микрофонға сөйлемеген кезде PTT
түймесі басылмауы керек.

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents