Download Print this page

Hilti DD 30-W Original Operating Instructions page 504

Hide thumbs Also See for DD 30-W:

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 32
Нұсқау
Бүйірлік тұтқышпен бірге тереңдік шектегішін орнатуға болады ( → Бет 496).
4. Бүйірлік тұтқышты бұрап бекіту арқылы берік бекітіңіз.
5.2.2 Тереңдік шектегішін орнату
1. Қуат ашасын розеткадан шығарыңыз.
2. Босату үшін бүйірлік тұтқышты бұрыңыз.
3. Тереңдік шектегішін алдыңғы жақтан бүйірлік тұтқыштағы арнайы саңылауға бағыттаңыз.
4. Тереңдік шектегішін қажетті тереңдікке реттеңіз.
5. Бүйірлік тұтқышты бұрап бекіту арқылы тереңдік шектегішін бекітіңіз.
5.2.3 Шашыратқышты орнату
ЕСКЕРТУ
Ток соғу қаупі бар! Белгіленген қорғаныс шараларынсыз жоғары қарай қолмен бұрғылау
кезінде, су аспап ішіне еніп, ток соғу қаупі туындауы мүмкін.
▶ Жоғары қарай қолмен бұрғылау кезінде әрқашан сулы сорғышы немесе шашыратқышы
бар су кетіру жүйесін қолданыңыз.
1. Қуат ашасын розеткадан шығарыңыз.
2. Шашыратқышты алдыңғы жақтан құрал бекіткіші арқылы бұрғылау қондырғысының жетек
корпусына жылжытыңыз.
5.2.4 Су кетіру иінтіректер жүйесін орнату
Нұсқау
Бұрғылау тек төмендегі жағдайларда рұқсат етіледі:
Жеткізілім жинағындағы су кетіру иінтіректер жүйесі орнатылған және қолданылатын бұрғылау
коронкасының ұзындығына сай реттелген.
Су кетіру жүйесінің сақинасына бұрғылау коронкасының диаметріне сай бұрғылау кондукторы
орнатылған.
1. Қуат ашасын розеткадан шығарыңыз.
2. Су кетіру иінтіректер жүйесін аспаптың алдыңғы жағындағы арнайы саңылаулардың ішіне шерту
дыбысымен тірелгенше жылжытыңыз.
3. Жапқыш арқылы қолданылатын бұрғылау коронкасы үшін ұзындық аймағын орнатыңыз. 150 мм-ге
дейінгі бұрғылау коронкасының ұзындықтары үшін, жапқышты 150 күйіне, ал 300 мм және 600 мм
бұрғылау коронкасының ұзындықтары үшін 300 күйіне қойыңыз.
5.2.5 Бұрғылау кондукторын орнату немесе алмастыру
ЕСКЕРТУ
Ток соғу қаупі! Қате бұрғылау кондукторы пайдаланылған кезде, үстінен жұмыс істеген жағдайда
су алмасты бұрғылауға арналған қондырғының ішіне кіруі мүмкін.
▶ Әрдайым диаметрі бұрғылау коронкасымен бірдей бұрғылау кондукторын пайдаланы-
ңыз.
1. Қуат ашасын розеткадан шығарыңыз.
2. Бұрғылау кондукторын су кетіру жүйесі сақинасының қуысына енгізіңіз және бұрғылау кондукторын
шерту дыбысымен тірелгенше төмен жылжытыңыз.
3. Алып тастау үшін, бұрғылау кондукторын сағат тілінің бағытына қарсы айналдырыңыз және су кетіру
жүйесінің сақинасынан тартып шығарыңыз.
496
Қазақ
Printed: 20.12.2016 | Doc-Nr: PUB / 5283477 / 000 / 03
7
8
9
10

Advertisement

loading