Download Print this page

Hilti DD 30-W Original Operating Instructions page 498

Hide thumbs Also See for DD 30-W:

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 32
▶ Электр құралды, саймандарды, көмекші құрылғыларды және т.б. нұсқауларға сай пайда-
ланыңыз. Бұл кезде жұмыс жағдайларын және орындалатын жұмыстың сипатын ескеріңіз.
Электр құралдарды басқа мақсаттарда қолдану қауіпті жағдайларға әкелуі мүмкін.
Қызмет
▶ Электр құралды жөндеуді тек түпнұсқа қосалқы бөлшектерді қолданатын білікті
қызметкерлерге сеніп тапсырыңыз. Бұл электр құралды қауіпсіз күйде сақтауды қамтамасыз
етеді.
2.2 Дрельдермен жұмыс істегендегі қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар
▶ Аспап жинағына кіретін қосымша тұтқыштарды қолданыңыз. Аспапты басқаруды жоғалту
жарақаттарға әкелуі мүмкін.
▶ Аспаптың жасырын электр сымдарын немесе желілік кабельді зақымдау қаупі болғанда
аспапты оқшауланған беттерінен ұстаңыз. Электр сымдарына тигенде аспаптың қорғалмаған
металл бөліктері кернеу астында болады. Бұл электр тогының соғуына әкелуі мүмкін.
2.3 Қауіпсіздік бойынша қосымша нұсқаулар
Адамдардың қауіпсіздігі
▶ Әрқашан аспапты екі қолмен тұтқыштарынан берік ұстаңыз.
▶ Аспап және алмасты бұрғылау коронкасы ауыр. Дене бөліктерін қысып алу қаупі бар. Қорғауыш
касканы, қорғауыш қолғаптарды және қорғауыш аяқ киімді киіңіз.
▶ Майланған тұтқыштарды дереу тазалаңыз, олар құрғақ және таза болуы керек.
▶ Жұмыс уақытында қолдар терлемеуі үшін саусақтарды босату және жаттықтыру үшін
үзілістер жасаңыз.
▶ Аспаптың айналатын бөлшектеріне тимеңіз. Аспапты тек жұмыс аймағына әкелгеннен кейін
ғана қосыңыз. Айналатын бөліктерге, әсіресе айналатын қондырмаларға тию жарақаттарға әкелуі
мүмкін.
▶ Жұмыс кезінде желілік кабельді, ұзартқыш кабельді және қажет болса, сорғыш шлангіні де
әрқашан құрылғы артына бағыттап қойыңыз. Бұл жұмыс уақытында кабель не шлангіге шалыну
қаупін азайтады.
▶ Бұрғылау қоқырының теріге және көзге тиюін болдырмаңыз.
қорғауыш көзілдірік тағыңыз.
▶ Балалар оларға аспаппен ойнауға тыйым салынғаны туралы білуі керек.
▶ Аспапты әлсіз адамдарға нұсқаусыз пайдалануға тыйым салынады. Аспапты балалардан
алшақ ұстаңыз.
▶ Құрал қолдану және өткірлеу кезінде қызып кетуі мүмкін. Өрт және күйіктер пайда болуы мүмкін.
Құралмен жұмыс істеген кезде қорғауыш қолғаптар тағыңыз.
▶ Станинаға орнатылған аспапты жұмыс кідірістерінде еденге берік қойыңыз.
▶ Аспапта ешқашан бейімдеу не өзгерту жұмыстарын орындамаңыз.
Шаңнан қорғаныс
Құрамында қорғасын бар материалдарды, ағаштың кейбір түрлерін, минералдарды және металдарды
өңдеу кезінде пайда болатын шаң денсаулыққа қауіп тудыруы мүмкін. Мұндай шаңның бөлшектерімен
дем алу немесе оған тию аллергиялық реакциялардың және/немесе дем алу жолдары ауруларының
пайда болуына әкелуі мүмкін. Кейбір шаң түрлері (мысалы, еменді немесе шамшатты өңдеу кезінде
пайда болатын шаң) канцерогенді деп есептеледі, әсіресе ағашты өңдеу үшін қолданылатын қосымша
материалдармен (хром қышқылының тұзы, ағашты қорғау заттары) тіркесімде. Құрамында асбест бар
материалдарды өңдеуді тек мамандар орындауы керек.
▶ Мүмкін болса, жарамды шаңсорғыш аппаратты қолданыңыз. Ол үшін бұл электр құралды Hilti
компаниясы ағаш үгінділерін және/немесе минералдық шаңды тазалау үшін ұсынылған тиісті
тасымалды шаңсорғышпен тіркесімде қолданыңыз. Жұмыс аймағының жақсы желдетілуін
қамтамасыз етіңіз. P2 класты сүзгісі бар респираторды кию ұсынылады. Материалдарды
өңдеу бойынша күшіндегі ұлттық нұсқауларды орындаңыз.
Электр аспабымен дұрыс жұмыс істеу және оны дұрыс пайдалану
▶ Затты берік бекітіңіз. Бөлшекті бекіту үшін струбциналарды немесе қысқышты қолданыңыз.
Бұл оны қолмен ұстап тұрудан сенімдірек және бұл кезде аспапты екі қолмен ұстауға болады.
▶ Аспапта қысқыға сай ұштары бар екеніне және қысқыда берік бекітілетініне көз жеткізіңіз.
▶ Ток үзілген жағдайда, кернеу қалпына келгенде кенет іске қосылуды болдырмау үшін, электр
құралды өшіріңіз.
▶ Аспапты тек еркін желдету саңылауларымен қолданыңыз.
490
Қазақ
Printed: 20.12.2016 | Doc-Nr: PUB / 5283477 / 000 / 03
Қорғауыш қолғаптар мен

Advertisement

loading