Download Print this page

Hilti DD 30-W Original Operating Instructions page 508

Hide thumbs Also See for DD 30-W:

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 32
5.3.7 Бұрғылау коронкасын орнату
ЕСКЕРТУ
Лақтырылған заттардан жарақат алу қаупі бар! Сынықтары немесе сызаттары бар бұрғы-
лау коронкалары және қатты тозған бұрғылау коронкалары дайындаманың жарықшағы немесе
сынып қалған бұрғылау коронкалары лақтырылып, жұмыс аймағынан тыс адамдардың да
жарақаттануына апарып соғуы мүмкін.
▶ Әр пайдалану алдында бұрғылау коронкасында сынықтар мен сызаттардың, тозу мен қатты
тозудың бар-жоғын тексеріңіз және қажет болса, бұрғылау коронкасын алмастырыңыз.
Нұсқау
Кесу қабілетінің анық төмендегенін немесе бұрғылау жылдамдығының азайғанын байқаған
жағдайыңызда алмас бұрғылау коронкалары тез арада ауыстырылуы қажет. Өзге жағдайларда
алмас сегменті биіктігінің 2 мм-ден аз болуы ауыстыруға себеп болады.
Нұсқау
Құрал бекіткішіне Hilti спрейін жүйелі түрде бүрку бұрғылау коронкасының орнатылуын
жеңілдетеді.
1. Қуат ашасын розеткадан шығарыңыз.
2. Құрал бекіткішін ашу үшін, құрал бекіткішінің құлпын жоғары қарай тірелгенше тартыңыз.
Нұсқау
Бұрғылау коронкасының біріктіруші соңында және қысқыда кір мен зақымдардың жоқ екенін
тексеріңіз.
3. Су кетіру жүйесінің сақинасын оның орнату білігінің айналасында тірелгенше бұрыңыз.
4. Бұрғылау коронкасын ойып орнатылған сақинасымен жоғарыдан су кетіру жүйесі сақинасының
бұрғылау кондукторына қарай бағыттаңыз.
5. Бұрғылау коронкасының біріктіруші соңын құрал бекіткішіндегі қуыстарға туралап салыңыз.
6. Бұрғылау коронкасын сәл басу арқылы тірелгенше айналдырыңыз.
7. Бұрғылау коронкасын бекіту үшін, құрал бекіткішінің құлпын жауып қойыңыз.
5.3.8 Сорғыш аспапты жалғау
1. Бұрғылау қондырғысының су кетіру жүйесінің шлангісі мен әмбебап сорғыштың сорғыш шлангісі
арасында берік қосылым орнатыңыз. Ол үшін шланг адаптерін қолданыңыз.
2. Әмбебап сорғыштың сорғыш шлангісін әмбебап сорғышқа жалғаңыз.
3. Су кетіру жүйесінің шлангісін бекіту үшін, үстінен бұрғылау кезінде бүйірлік тұтқыштағы ұстағышты
қолданыңыз.
5.4 Бұрғылау жүйесін саңылау ортасына туралау
5.4.1 Бұрғылау жүйесін вакуумдық тірек тақтасымен бұрғылау үшін орналастыру
1. Бұрғылау жүйесінің берік бекітілгеніне көз жеткізіңіз (манометр көрсеткісі жасыл аймақта орналасуы
тиіс).
2. Бұрғылау жүйесін бұрғылау саңылауының ортасына дәл орналастыру үшін, вакуумдылқ желдету
клапанын басып, станина позициясын түзетіңіз.
3. Егер бұрғылау жүйесі дұрыс орналастырылған болса, вакуумдық желдету клапанын жіберіп,
бұрғылау жүйесін астыңғы бетке қарай итеріңіз.
4. Вакуумдық тірек тақтасын 4 нивелирлеу бұрандасының көмегімен тегіс туралаңыз.
5.4.2 Бұрғылау жүйесін анкермен бекіткен жағдайда бұрғылау үшін орналастыру
1. Бұрғылау жүйесін бұрғылау саңылауының ортасына дәл орналастыру үшін, станина қозғалғанша
қыспа шпиндельді мұқият құлыптаңыз және содан кейін станина позициясын түзетіңіз.
2. Станинаның адаптер тақтасын 2 нивелирлеу бұрандасы арқылы тегіс туралаңыз.
3. Бұрғылау жүйесі дұрыс орналастырылғанда, қыспа шпиндельді берік бұрап бекітіңіз.
500
Қазақ
Printed: 20.12.2016 | Doc-Nr: PUB / 5283477 / 000 / 03
11
15

Advertisement

loading