Download Print this page

Hilti DD 30-W Original Operating Instructions page 512

Hide thumbs Also See for DD 30-W:

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 32
Нұсқау
Су жеткізілімі аспаптың қосқыш/ажыратқышы арқылы автоматты түрде қосылып өшіріледі.
Бұрғылау алдында су мөлшерін су реттегіш иінтірегін бұрау арқылы алдын ала орнатуға
немесе бұрғылау барысында түзетуге болады (су реттегіш иінтірегі жабық болғандағы
минималды су көлемі: шамамен 0,3 л/мин).
6. Үздіксіз жұмыс істеу режимі үшін аспапты бекіткіш арқылы қосыңыз, ол үшін қосқыш/ажыратқышты
толығымен басып, содан кейін бекіткіш түймесін басыңыз.
7. Алмасты бұрғылау коронкасын сермермен астыңғы бетке айналдырыңыз.
8. Жұмыс басында ортаға келмегенше бұрғылау коронкасын қатты баспаңыз, ортаға келгенде ғана
басу қысымын арттырыңыз.
9. Бұрғылау коронкасының ортаға келтірілгенін және біркелкі айналғанын сезген кезде, астыңғы бетке
қатысты басу қысымын көтеріңіз.
10. Басу қысымын бұрғылау қуатының индикаторына сай реттеңіз.
Нұсқау
Басу қысымын аспап ең жоғары айналу жылдамдығымен жұмыс істейтіндей етіп таңдаңыз;
оған қоса, оңтайлы бұрғылау қуатына қол жеткізіледі (бұрғылау қуатының индикаторы жасыл
түспен жанып тұрады). Жоғары басу қысымы бұрғылау қуатының көтерілуін тудырмайды
(бұрғылау қуатының индикаторы қызыл түспен жанып тұрады).
Нұсқау
Бұрғылау барысында су ағынын қадағалап тұрыңыз. Бақылау үшін су ағынының индикаторын
қолданыңыз.
6.3 600 мм бұрғылау коронкасымен бұрғылау
1. Алдымен алдын ала бұрғылауды 300 мм бұрғылау коронкасымен орындаңыз.
ЕСКЕРТУ
Жарақат алу қаупі. 600 мм бұрғылау коронкасымен бұрғылау кезінде алдын ала бұрғылау
орындалмаған кезде аспап бақылауы жоғалуы, зақымдалуы және жарақат тигізуі мүмкін.
▶ Әрдайым алдын ала бұрғылауды орындаңыз.
бұрғылау коронкасы алдын ала бұрғыланған саңылауға бағытталғанына көз жеткізіңіз.
2. Бұрғылау коронкасын ауыстырған соң, аспапты өшіріп, 600 мм бұрғылау коронкасын саңылау түбіне
дейін алдын ала бұрғыланған саңылауға бағыттаңыз.
3. Бұрғылауды жалғастырыңыз.
6.4 Аспапты өшіру
1. Қалаулы бұрғылау тереңдігіне жеткен соң немесе өткізу үшін бұрғылау жұмыстарын аяқтаған соң
аспапты өшіріңіз. Бекіткішпен жұмыс істеген кезде, бекіткішті босату үшін қосқыш/ажыратқышты
басыңыз.
ЕСКЕРТУ
Жарақат алу қаупі бар! Су кетіру жүйесінің сақинасын астыңғы беттен көтерген кезде, бұрғылау
коронкасы жұмыс істеп тұрғанда керндер бұрғылау короннкасынан лақтырылып қалуы мүмкін.
Бұл жарақат алуға әкелуі мүмкін.
▶ Бұрғылау коронкасы қозғалыссыз тұрғанда алдымен су кетіру жүйесінің сақинасын астыңғы
беттен көтеріңіз.
2. Аспап жұмыс істеп тұрған кезде, бұрғылау коронкасын бұрғылау саңылауынан тартып шығарыңыз.
◁ Су жеткізілімі аспаптың қосқыш/ажыратқышы арқылы автоматты түрде өшіріледі.
6.5 Бұрғылау коронкасын бөлшектеу және босату
1. Қуат ашасын розеткадан шығарыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Жарақат алу қаупі Құрал қолдану кезінде қызып кетеді. Ол өткір жиектерді көрсетуі мүмкін.
▶ Құралды алмастырған кезде қорғауыш қолғаптарды киіңіз.
504
Қазақ
Printed: 20.12.2016 | Doc-Nr: PUB / 5283477 / 000 / 03
Бұрғылауға дайындалудан бұрын 600 мм
17

Advertisement

loading