Download Print this page

Hilti DD 30-W Original Operating Instructions page 505

Hide thumbs Also See for DD 30-W:

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 32
5.2.6 Бұрғылау коронкасын орнату
ЕСКЕРТУ
Лақтырылған заттардан жарақат алу қаупі бар! Сынықтары немесе сызаттары бар бұрғы-
лау коронкалары және қатты тозған бұрғылау коронкалары дайындаманың жарықшағы немесе
сынып қалған бұрғылау коронкалары лақтырылып, жұмыс аймағынан тыс адамдардың да
жарақаттануына апарып соғуы мүмкін.
▶ Әр пайдалану алдында бұрғылау коронкасында сынықтар мен сызаттардың, тозу мен қатты
тозудың бар-жоғын тексеріңіз және қажет болса, бұрғылау коронкасын алмастырыңыз.
Нұсқау
Кесу қабілетінің анық төмендегенін немесе бұрғылау жылдамдығының азайғанын байқаған
жағдайыңызда алмас бұрғылау коронкалары тез арада ауыстырылуы қажет. Өзге жағдайларда
алмас сегменті биіктігінің 2 мм-ден аз болуы ауыстыруға себеп болады.
Нұсқау
Құрал бекіткішіне Hilti спрейін жүйелі түрде бүрку бұрғылау коронкасының орнатылуын
жеңілдетеді.
1. Қуат ашасын розеткадан шығарыңыз.
2. Құрал бекіткішін ашу үшін, құрал бекіткішінің құлпын жоғары қарай тірелгенше тартыңыз.
Нұсқау
Бұрғылау коронкасының біріктіруші соңында және қысқыда кір мен зақымдардың жоқ екенін
тексеріңіз.
3. Су кетіру жүйесінің сақинасын оның орнату білігінің айналасында тірелгенше бұрыңыз.
4. Бұрғылау коронкасын ойып орнатылған сақинасымен жоғарыдан су кетіру жүйесі сақинасының
бұрғылау кондукторына қарай бағыттаңыз.
5. Бұрғылау коронкасының біріктіруші соңын құрал бекіткішіндегі қуыстарға туралап салыңыз.
6. Бұрғылау коронкасын сәл басу арқылы тірелгенше айналдырыңыз.
7. Бұрғылау коронкасын бекіту үшін, құрал бекіткішінің құлпын жауып қойыңыз.
5.2.7 Сорғыш аспапты жалғау
1. Бұрғылау қондырғысының су кетіру жүйесінің шлангісі мен әмбебап сорғыштың сорғыш шлангісі
арасында берік қосылым орнатыңыз. Ол үшін шланг адаптерін қолданыңыз.
2. Әмбебап сорғыштың сорғыш шлангісін әмбебап сорғышқа жалғаңыз.
3. Су кетіру жүйесінің шлангісін бекіту үшін, үстінен бұрғылау кезінде бүйірлік тұтқыштағы ұстағышты
қолданыңыз.
5.3 Станинада бұрғылауға дайындық
ЕСКЕРТУ
Жарақат алу қаупі. Станина жеткіліксіз түрде бекітілген жағдайда айналуы немесе аударылып
қалуы мүмкін.
▶ Алмасты бұрғылауға арналған қондырғыны қолдану алдында станинаны дюбельдермен
немесе вакуумдық тірек тақтасы арқылы өңделетін бетке бекітіңіз.
▶ Бар астыңғы бетке арналған дюбельдерді ғана қолданыңыз және дюбель өндірушісінің орнату
бойынша кеңестерін орындаңыз.
▶ Бар астыңғы бет станинаны вакуумдық бекіткіш арқылы бекітуге жараған жағдайда ғана
вакуумдық тірек тақтасын пайдаланыңыз.
Станина мен аспап не вакуумдық тірек тақтасы немесе DD M12 S қосалқы жиыны арқылы, не
HKD-D M12x50 анкері, DD-LR-CLS қыспа шпинделі мен DD-LR-CLN гайкасы арқылы бекітілуі мүмкін.
Printed: 20.12.2016 | Doc-Nr: PUB / 5283477 / 000 / 03
11
Қазақ
497

Advertisement

loading