Download Print this page

Жұмысқа Дайындық - Hilti DD 30-W Original Operating Instructions

Hide thumbs Also See for DD 30-W:

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 32
EN 60745-2-1 бойынша өлшенген дірілдің жалпы көрсеткіші
Дірілдің эмиссиялық көрсеткіші, қолмен бұрғылау (DD-C-
18/150 T4 бұрғылау коронкасы), бетон, a
Бетонда қолмен бұрғылау бойынша дәлсіздік, K
Дірілдің эмиссиялық көрсеткіші, қолмен бұрғылау (DD-C-
24/300 T4 бұрғылау коронкасы), бетон, a
Бетонда қолмен бұрғылау бойынша дәлсіздік, K
EN 62841-3-6 бойынша өлшенген дірілдің жалпы көрсеткіші
Дірілдің эмиссиялық көрсеткіші, станинада бұрғылау (DD-C-
18/150 T4 бұрғылау коронкасы), бетон, a
Бетонда станинада бұрғылау бойынша дәлсіздік, K
Дірілдің эмиссиялық көрсеткіші, станинада бұрғылау (DD-C-
24/300 T4 бұрғылау коронкасы), бетон, a
Бетонда станинада бұрғылау бойынша дәлсіздік, K
5 Жұмысқа дайындық
5.1 Жұмысты бастамас бұрын
▶ Аспапты дайындық жұмыстарының барысында желіге жалғамаңыз.
ЕСКЕРТУ
Бұрғылау жұмыстарынан пайда болуы мүмкін ғимарат зақымдары! Ғимараттарда және
басқа құрылымдарда тесіктер жасау олардың мықтылығын өзгертуі мүмкін, әсіресе арматураны
немесе негізгі құрылымдарды бөлшектеген кезде.
▶ Жұмысты бастау алдында құрылыс телім бастығының келісімін алыңыз.
ЕСКЕРТУ
Ток соғу қаупі! Ток сымдары және газ бен су құбырларын қате тесуден жазатайым оқиға қаупі
бар. Ток сымдарын тескен кезде, бұрғылау жүйесінің сыртқы металл бөліктері ток өткізуі мүмкін.
▶ Бұрғылауды бастамас бұрын, жұмыс аймағында ток сымдары және газ бен су құбырларының
бар-жоғын, мысалы, металл детекторымен зерттеп шығыңыз.
▶ Арматуралық өзектер арқылы бұрғылауды орындау алдында инженер-конструктордан осыған
рұқсатты алу керек.
▶ Желілік кернеу фирмалық тақтайшадағы деректерге сәйкес келгеніне көз жеткізіңіз.
▶ Орын ауыстыру алдында қуат ашасын розеткадан тартып шығарыңыз, мысалы, аспапты келесі
бұрғылау орнына апармас бұрын.
▶ Әрдайым желілік кабель мен шлангіні айналмалы бөлшектерге тимейтіндей етіп жүргізіңіз.
▶ Алмасты колонкалы бұрғыны және/немесе станинаны кранға ілуге тыйым салынады.
▶ Вакуумдық сорғышты пайдаланбас бұрын, пайдалану бойынша нұсқаулықпен танысып шығыңыз
және нұсқауларды орындаңыз.
▶ Манометрдегі көрсеткі бұрғылау жұмысының алдында және оның барысында жасыл аймақта
орналасқанына көз жеткізіңіз.
▶ Ойып орнатылған сақинаның биіктігі 2 мм-ден кем емес екеніне көз жеткізіңіз. Егер бұл шарт
орындалмаса, колонкалы бұрғыны ауыстыру керек, әйтпесе ол тесікте сыналануы мүмкін.
▶ Жарақаттануды болдырмау үшін, тек түпнұсқа Hilti DD-C бұрғылау коронкаларын және DD 30­W
үшін түпнұсқа керек-жарақтарды ғана қолданыңыз.
5.2 Қолмен бұрғылауға дайындалу
5.2.1 Бүйірлік тұтқышты орналастыру
1. Қуат ашасын розеткадан шығарыңыз.
2. Босату үшін бүйірлік тұтқышты бұрыңыз.
3. Бүйірлік тұтқышты қалаулы позицияда бекітіңіз.
Printed: 20.12.2016 | Doc-Nr: PUB / 5283477 / 000 / 03
h, DD
h, DD
h, DD
h, DD
6
6,0 м/с²
1,5 м/с²
8,0 м/с²
1,5 м/с²
5,0 м/с²
1,5 м/с²
6,5 м/с²
1,5 м/с²
Қазақ
495

Advertisement

loading