Philips HD9020 Manual page 54

Hide thumbs Also See for HD9020:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
ҚазаҚша
54
Жиі қойылатын сұрақтар
Сұрақ
Кейде нанның салмағы мен пішінінде
айырмашылық болады. Неліктен?
Жыл мезгіліне байланысты нанның
пішіні қалай өзгереді?
Кейде ұн нанның бүйіріне жабысып
қалады. Неліктен?
Кейде қамыр жабысып, онымен
жұмыс істеу қиын болады. Неліктен?
Кейде нанның үсті жұлынған сияқты
көрінеді. Неліктен?
Құрылғыда жұмыртқа қосылған, нан
пісіруге бола ма?
Мына нан пісіргішті басқа ас әзірлеу
кітабынан алған рецепттерді жасау
үшін қолдануға бола ма?
Неге нанның иісі кейде бір түрлі
болады?
Үйде талқандалған немесе
ұнтақталған ұнды пайдалануыма
бола ма?
Жауап
Нан бөлме температурасы, ауа райы, ылғалдылық, биіктік, ауа ағыны ауытқулары сияқты
айналасындағы факторларға және таймердің пайдаланылуына өте сезімтал келеді. Сонымен
қатар, нанның пішіні ескі немесе дұрыс өлшенбеген қоспаларды пайдалануға байланысты
өзгеруі мүмкін.
Жаз кезінде нан басылуы (ортасында ойық пайда болады) немесе қатты көтерілуі мүмкін. Қыс
кезінде нан дұрыс көтерілмеуі мүмкін. Температурасы 68°F/20°C болатын суды пайдаланып, бұл
мәселені шешуге болады.
Бастапқы араластыру кезінде ұнның ұсақ бөліктері нан табасының жан-жағына жабысып,
нанның бүйірлерінде пісуі мүмкін. Бұндай жағдайда, бұл қыртысты өткір пышақпен қырып алу
қажет.
Бөлме және су температураларына байланысты қамыр кейде жабысқақ (яғни, дымқыл) болуы
мүмкін. Қамырды илегенде салқынырақ су пайдаланып көріңіз.
Кейде қамыр қатты көтеріліп, піскен нан бетінің жарылуына себеп болуы мүмкін.
Иә, судың көлемін азайтып, орнына жұмыртқа қолданыңыз. Жұмыртқаларды алдымен өлшеуіш
шыны аяғына салып, оған рецептте көрсетілген көлемде су қосыңыз. Жұмыртқаларды
пайдаланғанда таймен қызметін қолданбаңыз, өйткені жұмыртқалар бұзылуы мүмкін.
Иә, болады. Алайда осы кітапшадағы рецепттер арнайы осы құрылғы үшін дайындалған. Басқа
рецепттер бойынша жасасаңыз нәтижесі ойлағандай болмауы мүмкін. Басқа рецепттер
бойынша жасағанда ақаулықтар пайда болса, «Ақаулықтарды жою» тарауын қараңыз.
Белсенді құрғақ ашытқының көп мөлшері немесе ескі қоспалар (әсіресе, ұн мен су) нанға бір
түрлі иіс беруі мүмкін. Қоспаларды мұқият өлшеңіз және жақсы нәтижеге жету үшін, жаңа
плынған қоспаларды пайдаланыңыз.
Ұнның ұнтақталу ірілігіне байланысты пісіру нәтижесі қанағаттандырарлық болмауы мүмкін.
Жақсы нәтижеге жету үшін, үйде ұнтақталған ұн мен кәдімгі ұнды араластыруды ұсынамыз.

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents