Bosch 0 607 951 Series Assembly Instructions Manual page 129

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 11
OBJ_BUCH-1656-002.book Page 129 Friday, December 9, 2016 1:05 PM
жұмыс естегенде барлық нұсқауларды оқып
ескеріңіз. Төмендегі қаупсіздік нұсқаулықтарын
орындамау қатты жарақаттануға алып келуі мүмкін.
Қаупсіздік нұсқаулықтарын дұрыс сақтап оларды
пайдаланушыға беріңіз.
Кіріктірме пневмоқозғалтқыштарға арналған
қауіпсіздік нұсқаулары
 Жеке сақтайтын киімді және әрдайым қорғаныш
көзілдірікті киіңіз. Жұмыс беруші нұсқаулықтары
немесе жұмыс орнынің және денсаулықты қорғау
ережелері бойынша шаңтұтқыш, сырғудан сақтайтын
бәтеңке, сақтайтын шлем немесе құлақ сақтағышы
сияқты жеке қорғаныс жабдықтарын кию жарақаттану
қаупін төмендетеді.
 Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру
және құралды ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз ауа
жетістіруін тоқтатыңыз. Бұл сақтық шарасы
кіріктірме пневмо қозғақың кездейсоқ істеп кетуінің
алдын алады.
 Апарылатын ауаны тікелей жұтпаңыз. Апарылатын
ауа көзге жетпеуі қажет. Кіріктірме
пневмоқозғалтқыштың апарылатын ауасының
құрамында компрессордың суы, майы, метал
бөлшектері немесе лас болуы мүмкін. Бұл денсаулыққа
зиянды болуы мүмкін.
 Қолғапты киіңіз. Кіріктірме пневмоқозғалтқыштың
беттік температурасы өзгеруі мүмкін.
 Құлақ сақтағышын киіңіз. Шуыл әсерінен есту
қабілетіңіз зақымдануы мүмкін.
 Айналып тұрған жүргізетін винт пен орнатылған
аспапқа қол тигізбеңіз. Алмалы-салмалы аспап
жарылғанда ұшып кететін сынықтар жарақаттануларға
алып келуі мүмкін.
 Тар жұмыс істеу жағдайында абай болыңыз.
Реакциялық айналымдар саны себебінен қысылу және
жаншулар арқылы жарағаттанулар пайда болуы
мүмкін.
 Кіріктірме пневмоқозғалтқышты артық
жүктемеңіз. Берілген атаулы қысыммен жұмыс
істеңіз. Барлық арматура, біріктіру құбырлары мен
шлангтар қысым және талап етілген ауа көлеміне сай
ретте орындалуы қажет.
 Bosch тек түпнұсқалық керек-жарақтар
пайдаланғанда ғана өнімдің кедергісіз жұмыс
істеуін қамтамасыз етуі мүмкін.
ATEX қорғалған кіріктірме пневмоқозғалтқыштарға
арналған аранайы қауіпсіздік нұсқаулары
 II тобының кіріктірме пневмоқозғалтқыштарын
жер астындағы кәсіпорындарда (кен қазушы
өнеркәсіп) және жарылмайтын сығылған аумен
(II – аспаптар тобы) пайдалану мүмкін емес.
II тобының кіріктірме пневмоқозғалтқыштарын тек
газ, булар, тумандар (G) немесе шаң/ауа
қоспаларын (D) қамтитын жарылатын атмосфера
тек анда-санда (зона 1 немесе 21) немесе әдетте
Bosch Power Tools
болмайтын немесе қысқа уақыт (зона 2 немесе 22)
пайда болатын аймақтарда ғана пайдаланыңыз.
 Bosch кіріктірме пневмоқозғалтқыштары T5
зонасының (қоршау температурасының жоғарғы
шегі +60 °C; кіріктірме пневмоқозғалтқыштың
беттік температурасының жоғарғы шегі
максималды 100 °C) және T6 зонасының (қоршау
температурасының жоғарғы шегі +40 °C;
кіріктірме пневмоқозғалтқыштың беттік
температурасы жоғарғы шегі максималды 85 °C)
жарылыс қауіпі бар аймақтарында тек қоршау
температурасының төменгі шегі үшін арнайы
шарттар орындалғанда ғана пайдалану мүмкін.
Кіріктірме пневмоқозғалтқышты Т5 немесе Т6
зоналарында пайдалануда қоршау температурасы
директивада берілген температура аймағынан (X)
ауытқып, –20 °C-тан төмен түспеуіне көз
жеткізіңіз. Орындамау жаралыс қауіпіне алып келеді.
 DIN ISO 8573-1 бойынша 5 сапа сыныпының
сығылған ауасы мен кріктірме
пневмоқозғалтқышқа жақын бөлек қызмет көрсету
блогын пайдаланыңыз. Жеткізілген сығылған ауа
бөгде дене мен ылғалдықтан бос болуы қажет, өйткені
кіріктірме қозғалтқышты зақымданудан, ластанудан
немесе зеңден қорғау қажет.
 6,3 бар/91 пси жұмыс қысымын ешқашан
арттырмаңыз! Пайдаланған сығылған ауа
жарылатын болмауы және T6 зонасында 40 °C
немесе T5 зонасында 60 °C-тан жоғары болмауы
тиіс. Кіріктірме пневмоқозғалтқышты тасымалдау
мен қоймаға қоюда ылғалдықтан сақтаңыз. Жоғары
жұмыс қысымы, сығылған ауаның тым жоғары
температурасы және ылғалдық себебінен тот басу
оталу көздеріне айналады.
 Кіріктірме пневмоқозғалтқыштарды жарылыс
қауіпі жоқ атмосферада ашыңыз, орнатыңыз
немесе ажыратыңыз. Жаралыс қауіпі бар
атмосферада ешқандай қызмет көрсету жұмыстарын
орындамаңыз. Орнату, ажырату мен қызмет көрсету
жұмыстары потенциалды оталу көздеріне айналуы
мүмкін.
Белгілер
Төмендегі белгілер кіріктірме пневмоқозғалтқышты
пайдалануда маңызды болуы мүмкін. Белгілер мен
олардың мағыналарын жаттап алыңыз. Белгілерді дұрыс
түсіну сізге кіріктірме пневмоқозғалтқышты дұрыс әрі
сенімді пайдалануға көмектеседі.
1 609 92A 37R | (9.12.16)
Қaзақша | 129

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents