Philips HR7766/13 User Manual page 99

Philips food processor 800 w compact 4 in 1 setup 2.5 l bowl
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Торды қолданар алдында әрдайым тексеріп алыңыз. Егер торда кез келген зақым
байқасаңыз, мысалы, жарықша, сынық, немесе босаған диск, онда оны пайдаланбаңыз.
4
Қабықтарды жинайтын контейнерді қақпақпен жауып, қыстырғышпен
қысыңыз (Cурет 30).
Қақпақтың дұрыстап жабылғанын қадағалаңыз.
5
Көлемі үлкен ингредиенттерді тамақ салатын түтікке сай болатындай бөлшектерге
алдын ала бөліп алыңыз.
6
Шөлмектің астына стаканды немесе ыдысты қойыңыз (Cурет 31).
7
Құрылғыны қосу үшін 2-жылдамдықты таңдаңыз.
8
Ингредиенттерді тамақ салатын түтікке салыңыз. Ингредиенттерді итергішпен төмен
қарай итеріңіз.
Шашыратпау үшін итергішті тамақ салатын түтікте мейлінше ұзақ ұстаңыз.
Араластырғыш жұмыс жасап тұрғанда түтіктегі ингредиенттерді итеру үшін
саусақтарыңызды немесе басқа заттарды (мысалы күрекшені) қолдануға болмайды. Бұл
мақсат үшін әрдайым итергішті қолданыңыз.
9
Өңдеп болған соң бақылау түймесін O белгішесіне бұраңыз.
кеңестер
-
Өңдеу кезінде қабықтарды жинайтын контейнер толып қалса, құрылғыны сөндіріп,
тор айналуын тоқтағанша күтіңіз. Қыстырғышты босатып, қақпақты ажыратыңыз. Торды
ажыратыңыз. Қабықтарды жинайтын контейнерді босатып алып, ішін босатыңыз. Торды
тазалаңыз. Шырын сыққышты қайта орнатып, қайтадан іске қосыңыз.
-
Жұқа қабықтар мен терілерді алудың қажеті жоқ. Тек қана жеуге жарамсыз қабықтарды,
мысалы апельсин, ананас, пісірілмеген қызылша қабықтарын тазалау керек.
-
Әрдайым жаңа піскен жемістер мен көкөністерді пайдаланыңыз. Олардың шырыны көбірек
болады.
-
Бұл шырын сыққыштан жапырақтарды немесе жапырақ сабақтарын да өткізуге болады.
-
Шие,қара өрік, шабдалы, өрік сияқты үлкен сүйектері бар жемістердің сүйегін алып
тастаңыз.
-
Алма шырыны дем арада қоңыр болып кетеді. Егер сіз лимон шырынының бірнеше
тамшысын оған қоссаңыз, алма шырыны тез қоңырланбайды.
-
Сәбіздің, қызылшаның, асқабақтың және шпинаттың қабықтарын көже мен соустардың
негізі ретінде пайдалануға болады. Қабықтарды қайнатып біраз шөп қосыңыз. Қабықтарды
араластырғышқа құйыңыз. Қызанақ пастасын жасау үшін қызанақ қабығын пайдалануға
болады.
-
Банан, папайа, авокадо, інжір, манго сияқты крахмалы көп жемістер шырын сыққыштан
өткізуге келмейді Бұндай жемістерді өңдеу үшін араластырғышты пайдаланыңыз.
-
Өте қатты немесе талшықты қант қамысы секілді жемістерді шырын сыққыштан өткізуге
болмайды.
Ет тартқыш
Ет тартқышты етті тарту үшін және шұжық жасау үшін қолдануыңызға болады.
1
Моторға бұрандалы қақпақты бұрап орнатыңыз (Cурет 32).
2
Құрал түтігін мотор бөлшегіне (1) қойып, сағат тілімен бұрап (2) бекітіңіз (Cурет 33).
3
Кесуші түтікті құрал түтікке қойып (1), сағат тіліне қарсы бұрап бекітіңіз (2) (Cурет 34).
4
Жылан өзекшені кесуші түтіктің ішіне енгізіңіз (Cурет 35).
ҚазаҚша
99

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Hr7766

Table of Contents