Philips SCF870 User Manual page 144

Hide thumbs Also See for SCF870:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
ҚАЗАҚША
144
- Бұл құралды балалардың пайдалануына болмайды. Құралды және
сымды балалар жетпейтін жерде сақтаңыз.
- Балалар құралмен ойнамауы керек.
- Саптама-пышақтың кесетін жүздерін, әсіресе құрал розеткаға
жалғаулы тұрғанда және тазалау барысында ұстамаңыз. Кесетін
жүздер өте өткір болады.
- Егер пышақ тұрып қалса, құрылғыны алдымен розеткадан
ажыратып пышақ бөлігіндегі азықтарды шығарыңыз.
- Булау барысында құрал ыстық болады және түрткен кезде күйдіруі
мүмкін. Құмыраны тек тұтқасымен көтеріңіз.
- Булау барысында және оның қақпағын ашқанда құмырадан қатты
ыстық бу шығады.
- Қақпақты ашқан кезде ыстық бу су ыдысының толтыру
саңылауынан шығатынын тексеріңіз.
- Булау процесі аяқталғанда құмыра қақпағындағы бу саңылауынан
және мотор бөлігіндегі бу шығысынан шамалы уақыт ыстық бу
шығады. Құмыраны мотор бөлігінен көтеріп шығару кезінде абай
болыңыз.
- Егер құрал дұрыс пайдаланылмаса, толтыру саңылауынан ыстық бу
шығуы мүмкін. Осыны болдырмау немесе шешу үшін
«Ақаулықтарды жою» тарауын қараңыз.
- Құралды қадағалаусыз қосып қоюға болмайды.
- Техникалық қызмет көрсету немесе тазалау мақсаттары үшін
мотор бөлігін бөлшектеуге болмайды. Жөндеу үшін өкілетті
Philips қызмет көрсету орталығына апарыңыз.
Абайлаңыз
- Басқа өндірушілердің бөлшектерін немесе қосымша
қондырғыларын, немесе Philips арнайы кеңес ретінде ұсынбаған
бөлшектерді қолдануға болмайды. Егер сіз сондай бөлшектерді
немесе қосымша қондырғыларды қолданған болсаңыз, онда сіздің
кепілдігіңіз өз күшін жоғалтады.
- Құралды қосылып тұрған не болмаса әлі ыстық пештің немесе
плитаның үстіне де, қасына да қоймаңыз.
- Тазалау алдында және бөлшектерді құрастыру немесе бөлшектеу
алдында құралды ажыратыңыз.
- Тазарту үшін, алдымен құралды розеткадан ажыратып, суытып алу
керек.
- Құрал тоққа қосылып тұрған кезде, оны қадағалаусыз қалдырмаңыз.

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents