Metabo KGS 216 Original Instructions Manual page 120

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 12
kk
ҚАЗАҚША
10.2 Үстел ендірмесін ауыстыру
Қауіп!
Үстел ендірмесі (10) зақымдалған жағдайда,
шағын бөгде заттар үстел ендірмесі мен ара
төсемінің арасында қысылып, ара төсемін
бұғаттауы мүмкін. Зақымдалған үстел
ендірмелерін дереу алмастырыңыз!
1. Үстел ендірмесіндегі бұрандаларды бұрап
шығарыңыз. Қажет болса, бұрандаларға
қол жеткізе алу үшін айналмалы үстелді
бұрап, ара бастиегін еңкейтіңіз.
2. Үстел ендірмесін алып тастаңыз.
3. Жаңа үстел ендірмесін орнатыңыз.
4. Үстел ендірмесіндегі бұрандаларды бұрап
бекітіңіз.
10.3 Дайындама тірегін реттеу
1. Ішкі алты қырлы бұрандаларды (49)
босатыңыз.
2. Дайындама тірегін (25), айналмалы үстел
0° позицияда бекітілген кезде, ол ара
төсеміне тура тікбұрышты тұратындай
туралаңыз.
3. Ішкі алты қырлы бұрандаларды (49)
тартыңыз.
10.4 Кескіш лазерді реттеу
Лазерді тігінен туралау
– Ортаңғы бұранданы (40) босатыңыз. Лазерді
айналдырыңыз. Ортаңғы бұранданы (40)
тартыңыз.
Лазерді бүйірінен туралау
– Оң жақ бұранданы (42) және сол жақ
бұранданы (41) босатыңыз. Лазерді
көлденеңінен жылжытыңыз. Оң жақ
бұранданы (42) және сол жақ бұранданы (41)
тартыңыз.
10.5 Құрылғыны тазалау
Аралаудан пайда болған жоңқа мен шаңды
қылшақпен немесе шаңсорғышпен
төмендегілерден кетіру керек:
– Реттеу құрылғылары;
– Басқару элементтері;
– Қозғалтқыштың суыту саңылауы;
– Үстел ендірмесінің астындағы бос орын;
– Кескіш лазер;
– Кесу аймағындағы жарықтандыру
10.6 Құрылғыны сақтау
Қауіп!
· Сақтаған кезде құрылғыны бөтен адамдар
пайдалануына жол бермеңіз.
· Қозғалмайтын құрылғыдан ешкімнің зардап
шекпейтініне көз жеткізіңіз.
Назар аударыңыз!
· Құрылғыны қорғалмаған күйде сыртта
немесе ылғалды ортада сақтауға болмайды.
10.7 Техникалық қызмет көрсету
Әр пайдалану алдында
· Аралаудан қалған жоңқаны шаңсорғышпен
немесе қылқаламмен кетіріңіз.
· Желілік кабель мен желілік ашада немесе
аккумуляторда зақымдардың бар-жоғын
тексеріп шығыңыз, қажет болса, электрші
маманға алмастыруға беріңіз.
· Барлық жылжымалы бөліктердің бүкіл
жылжу диапазоны бойынша еркін жылжи
алатынын тексеріңіз.
Пайдалану жағдайына қарай мерзімді
түрде
· Барлық бұрандалы қосылымдарды
тексеріңіз, қажет болса, мықтап бекітіңіз.
· Ара бастиегінің бастапқы күйге қайтару
функциясын тексеріңіз (ара бастиегі серіппе
күші арқылы жоғарғы бастапқы күйге қайтуы
тиіс), қажет болса, серіппені ауыстырыңыз.
· Бағыттауыш элементтерді азғантай
майлаңыз.
120
11. Пайдалы кеңестер
– Ұзын дайындамалар үшін араның сол мен
оң жағында арнайы тіректерді
пайдаланыңыз.
– Еңіспен кескен кезде дайындаманы ара
төсемінен оң жақта ұстап тұрыңыз.
– Шағын кесіктер жасаған кезде қосымша
тіректі пайдаланыңыз (қосымша тірек
ретінде, мысалы, құрылғының тірегіне бұрап
бекітілетін жарамды ағаш тақтаны
пайдалануға болады).
– Дөңес (керілген) тақтаны (52) аралаған
кезде, сыртқа шығып тұрған жағын
дайындама тірегіне жатқызыңыз.
– Дайындамаларды қабырғасына қойып
араламаңыз, айналмалы үстелге жатқызып
қойыңыз.
12. Керек-жарақтар
Metabo немесе CAS- (Cordless Alliance System)
аккумуляторлары мен керек-жарақтарының
түпнұсқасын ғана пайдаланыңыз.
Тек қана осы пайдалану бойынша нұсқаулықта
келтірілген талаптар мен сипаттарға сай
келетін керек-жарақтарды пайдаланыңыз.
A Шайыр қалдығын кетіруге және металл
беттерді консервациялауға арналған
техникалық қызмет және күтім көрсету спрейі.
0911018691
B 44, 58 немесе 100 мм жалғағышы бар
сорғыш шлангілерді жалғауға арналған сору
адаптері
C Metabo әмбебап сорғышы (каталогті
қараңыз)
D Астыңғы таянышы:
Әмбебап машина станинасы UMS 631317000
Мобильді астыңғы таяныш KSU 251 Mobile
629007000
Астыңғы таяныш KSU 251
Астыңғы таяныш KSU 401
E Роликті таяныш:
RS 420 G
RS 420 W
F Зарядтағыш құрылғылар: ASC 145 және
т.б.
G Әртүрлі қуаттылықтарға ие
аккумуляторлар. Тек қана электрлік
құралыңыз үшін жарамды кернеуге ие
аккумуляторларды сатып алу керек.
Тапс. №: 625369000 (8,0 А-сағ, LiHD)
Тапс. №: 625368000 (5,5 А-сағ, LiHD)
және т.б.
Ара төсемдері – KGS 216 / KGS 216 M /
KGSV 216 M:
H Power Cut ара төсемі
216 × 2,4 / 1,8 × 30 24 WZ 5° еңіс
ірі сүректе ұзындығынан және көлденеңінен
кесуге арналған
I
Precision Cut Classic ара төсемі
6.28060
216 × 2,4 / 1,8 × 30 40 WZ 5° еңіс
ірі сүректе және ағаш-жаңқалы тақталарда
ұзындығынан және көлденеңінен кесуге
арналған
J Multi Cut Classic ара төсемі
216 × 2,4 / 1,8 × 30 60 FZ/TZ 5° еңіс
қапталған материалдарда, ламинатта,
пластмассада және алюминий профилінде
ұзындығынан және көлденеңінен кесуге
арналған
Ара төсемдері – KGS 254 M:
K Precision Cut Classic ара төсемі 6.28061
254 x 30 x 2,4/1,8 48 WZ 5° еңіс
ірі сүректе және ағаш-жаңқалы тақталарда
ұзындығынан және көлденеңінен кесуге
арналған
L Multi Cut ара төсемі
254 x 30 x 2,4/1,6 80 FZ/TZ 5° еңіс
қапталған материалдарда, ламинатта,
пластмассада және алюминий профилінде
ұзындығынан және көлденеңінен кесуге
арналған
Ара төсемдері – KGS 305 M:
M Precision Cut Classic ара төсемі 6.28064
305 x 30 x 2,4/1,8 56 WZ 5° еңіс
ірі сүректе және ағаш-жаңқалы тақталарда
ұзындығынан және көлденеңінен кесуге
арналған
N Multi Cut ара төсемі
305 x 30 x 2,8/2,0 96 FZ/TZ 5° еңіс,
қапталған материалдарда, ламинатта,
пластмассада және алюминий профилінде
ұзындығынан және көлденеңінен кесуге
арналған
Ара төсемдері – KGS 18 LTX 216:
O Precision Cut Classic ара төсемі 6.28065
216 × 1,8 / 1,2 × 30 40 WZ 5°
ірі сүректе және ағаш-жаңқалы тақталарда
ұзындығынан және көлденеңінен кесуге
арналған
Керек-жарақтардың толық тізімін
www.metabo.com сайтында немесе каталогтен
қараңыз.
13. Жөндеу
Қауіп!
Электр құралдарын тек электрші мамандар
жөндеуі тиіс!
Бұзылған желілік кабельді тек Metabo қызмет
көрсету орталығында сатып алуға болатын
арнайы, түпнұсқа Metabo желілік кабелімен
ауыстыруға рұқсат етіледі.
Осы құрылғының желілік қуат кабелі
зақымдалған жағдайда, оны тек түпнұсқа
Metabo желілік қуат кабелімен ауыстыру
керек.
Metabo филиалына жөндеуді қажет ететін
0910058010
Metabo электрлік құралдарымен бірге
барыңыз. Мекенжайлары www.metabo.com
сайтында берілген.
Қосалқы бөлшектердің тізімдерін
www.metabo.com сайтында жүктеп алуға
болады.
629005000
14. Қоршаған ортаны қорғау
629006000
Пайдаланылған аспаптарды, орауыштарды
0910053345
және керек-жарақтарды қоршаған орта үшін
0910053361
қауіпсіз түрде кәдеге жарату және қайта өңдеу
бойынша ұлттық ережелерді ұстаныңыз.
Тек қана ЕО елдерінде: электрлік
құралды тұрмыстық қоқысқа
тастамаңыз! Электрлік және
электрондық ескі құрылғылар және ұлттық
заңға түрлендіру жөніндегі 2012/19/EU
еуропалық директивасына сәйкес,
пайдаланылған электрлік құралдар бөлек
жиналып, қоршаған орта үшін қауіпсіз қайта
өңдеуге жіберілуі тиіс.
15. Мәселелер мен ақаулықтар
6.28009
Төмендегі бөлімде өзіңіз шешуіңіз керек
мәселелер мен ақаулықтар сипатталған. Егер
осы бөлімде сипатталған іс-шаралар
көмектеспесе, 13. «Жөндеу» бөлімін қараңыз.
Қауіп!
Мәселелер мен ақаулықтармен бірге көптеген
жазатайым оқиғалар орын алады. Сондықтан
6.28066
төмендегілерге назар аударыңыз:
· Ақаулықты жою бойынша әрбір әрекет
алдында желілік ашаны суырып алыңыз
немесе алмалы-салмалы аккумуляторды
(33) шығарыңыз,
· Ақаулықты жою бойынша әрбір әрекеттен
кейін барлық сақтандырғыш құрылғыларды
қайтадан қолданысқа енгізіп тексеріңіз.
Кесу функциясы жоқ
Тасымалдау құлпы блокталған:
· Тасымалдау құлпын тартып шығарыңыз.
6.28223
Сақтандырғыш құлып блокталған:
· Сақтандырғыш құлыпты босатыңыз.
Аралау күші тым төмен
Ара төсемі дөкір (ара төсемінің бүйірінде күйіп
қалған жерлер болуы мүмкін);
Ара төсемі материал үшін жарамсыз
(12.«Керек-жарақтар» бөлімін қараңыз);
Ара төсемі қиғаштанған:
6.28091

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Kgs 216 mKgsv 216 mKgs 254 mKgs 305 mKgs 18 ltx 216

Table of Contents