Metabo KGS 216 Original Instructions Manual page 117

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 12
Лазер сәулесі - сәулеге
тікелей қарамаңыз.
2-ЛАЗЕР КЛАСЫ
4.4 Сақтандырғыш құрылғылар
Теңселуден қорғаныш қап (6)
Теңселуден қорғаныш қап ара төсемімен
абайсыз жанасуға жол бермейді және ұшып
кеткен жоңқадан қорғайды.
Сақтандырғыш құлып (26)
Аккумуляторлық құрылғылар: сақтандырғыш
құлып іске қосылғанда ғана, аспапты қосуға
болады.
Желілік құрылғылар: сақтандырғыш құлып іске
қосылғанда ғана, теңселуден қорғаныш қап
ашылады және араны түсіруге болады.
Дайындама тірегі (25)
Дайындама тірегі дайындаманың аралау
барысында жылжуына жол бермейді.
Дайындама тірегі жұмыс кезінде әрдайым
орнатылып тұруы тиіс.
Қосымша профиль (34) тиісінше
тураланғанына және дайындама төсеммен
немесе қорғаныш қалпақпен жанаспай
барынша жақсы тірелгеніне көз жеткізіңіз.
Бекіткіш бұрандамен (35) бұғаттаңыз.
Қате тураланған қосымша профиль (34)
еңіспен кескен кезде және қос еңіспен кескен
кезде ара төсемімен жанасуы және осылайша
ауыр жарақат алуға әкелуі мүмкін.
Дайындама тірегіндегі қосымша профиль (34)
еңіспен кесу үшін бекіткіш бұранданы (35)
босатқаннан кейін жылжытылуы тиіс.
5. Шолу
2-бетті қараңыз.
Суреттер барлық құрылғылар үшін мысал
ретінде берілген. Сондықтан құрылғыңыздың
жабдықталуы суреттерден өзгешеленуі мүмкін.
1 Жоңқа жинағыш қаптың құлпы
2 Жоңқа жинағыш қап
3 Жоңқа сорғыш келте құбыр
4 Лазер шығысы
5 Кесу аймағындағы жарықтандыру *
6 Теңселуден қорғаныш қап
7 Бойлық тірек *
8 Үстел
9 Айналмалы үстел
10 Үстел ендірмесі
11 Айналмалы үстелге арналған бекіткіш
тұтқа
12 Айналмалы үстелдің бекітілген күйлеріне
арналған ысырма
13 Керу құрылғысына арналған бекіткіш
бұранда
14 Ішкі алты қырлы гайка кілті / ішкі алты
қырлы гайка кілтіне арналған құралды
сақтау орны
15 Дайындаманы керу құрылғысы
16 Үстел кеңейтімі
17 Үстел кеңейтіміне арналған бұғаттау
бұрандасы
18 Ара төсемінің бекіткіші
19 Ара тұтқасы
20 Тасымалдау тұтқасы *
21 Кабель орамының ілмектері
22 Еңісті реттеуге арналған бекіткіш иінтірек
23 Құлыптау түймесі (еңіс бұрышын +/- 2°
шамасына кеңейтуге арналған)
24 Тасымалдау құлпы
25 Дайындама тірегі
26 Сақтандырғыш құлып
27 Араның ажыратқышы
28 Кескіш лазердің ажыратқышы
29 Кесу аймағындағы жарықтандырудың
ажыратқышы *
30 Аккумуляторды құлыптан босату түймесі *
31 Қуаттылық индикаторының түймесі *
32 Қуаттылық және сигнал индикаторы *
33 Аккумулятор *
* үлгіге/жабдықталуға байланысты
6. Орнату және тасымалдау
Тасымалдау тұтқасын (20) қажетінше
монтаждау (үлгіге байланысты)
· Тасымалдау тұтқасын (20) көрсетілгендей
бұрап бекітіңіз.
Үстел кеңейтімін (16) қажетінше монтаждау
(үлгіге байланысты)
1. Оң мен сол жақ үстел кеңейтімін
тасымалдау орауышынан шығарыңыз.
2. Бұрандаларды (36) оң мен сол жақ үстел
кеңейтімінің бағыттауыш шиналарынан
бұрап шығарыңыз.
3. Үстел кеңейтімдерінің бағыттауыш
шиналарын толығымен бекіткіштерге
жылжытыңыз.
Жабдықталуға қарай: үстел кеңейтімін
жоғары қайырылған бойлық тірекпен (7) оң
жаққа орнатыңыз.
4. Құрылғыны алдыңғы аяқтарына көтеріп,
абайлап артқа төңкеріңіз және
төңкерілмейтіндей берік қойыңыз.
5. Бұрандаларды (36) бағыттауыш шиналарға
қайтадан бұрап кіргізіңіз.
6. Құрылғыны алдыңғы аяқтарынан ұстап,
абайлап алға төңкеріңіз және берік
қойыңыз.
7. Үстелдің қалаулы енін реттеп шығыңыз
және үстел кеңейтімдерін бұғаттау
бұрандаларымен (17) бұғаттаңыз.
Орнату
Қауіпсіз жұмыс істеу үшін құрылғыны тұрақты
астыңғы бетке бекіту керек.
– Астыңғы бет ретінде берік монтаждалған
жұмыс тақтасын немесе верстакты
пайдалануға болады.
– Құрылғы үлкенірек дайындамаларды
өңдеген кезде де берік бекітіліп тұруы тиіс.
– Ұзын дайындамаларды арнайы керек-
жарақтың көмегімен қосымша тіреу керек.
Нұсқау:
Құрылғыны жылжыту мүмкіндігімен пайдалану
үшін фанера немесе балташылық тақтасына
(500 мм × 500 мм, мин. қалыңдығы 19 мм)
бұрап бекітуге болады. Пайдалану кезінде
тақтаны бұрандама қысқыштармен верстаққа
бекіту керек.
1. Құрылғыны астыңғы бетке бұрап бекітіңіз.
2. Тасымалдау құлпын (24) босату: ара
бастиегін сәл төмен қарай итеріп, ұстап
тұрыңыз. Тасымалдау құлпын (24) тартып
шығарыңыз.
3. Ара бастиегін баяу жоғары қайырыңыз.
Тасымалдау
1. Ара бастиегін төмен қайырып, тасымалдау
құлпын (24) кіргізіңіз.
2. Керу құрылғысын бекіткіш бұрандамен (13)
алдыңғы позицияда бұғаттаңыз.
Назар аударыңыз!
Араны қорғаныс құрылғыларында
тасымалдауға болмайды.
3. Құрылғыны тасымалдау тұтқасынан (20)
(жабдықталуға қарай) көтеріп
тасымалдаңыз.
Тасымалдау тұтқасы жоқ құрылғыларда: екі
үстел кеңейтімін (16) толықтай кіргізіп,
бұғаттау бұрандаларымен (17) бұғаттаңыз.
Аспапты екі үстел кеңейтімінен (16) көтеріп
тасымалдаңыз.
7. Құрылғының құрамдас
бөліктері
7.1 Қозғалтқыш ажыратқышы
Қозғалтқышты қосу:
· Ажыратқышты басып тұрыңыз.
Қозғалтқышты өшіру:
· Ажыратқышты жіберіңіз.
7.2 Кесу аймағындағы
жарықтандыру ажыратқышы
(жабдықталуға байланысты)
Кесу аймағының жарықтандыруын қосу және
өшіру.
Қауіп!
Жарық сәулесін адамдардың немесе
жануарлардың көзіне бағыттамаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Қосылған шамға
қарамаңыз.
Нұсқау:
Акумуляторлық құрылғылар үшін: қысқа
жұмыс үзілісінде кесу аймағындағы
жарықтандыру сөнеді (тыныш режим) және
жұмыс жалғастырған кезде автоматты түрде
іске қосылады. Ұзақ жұмыс үзілісінде кесу
аймағындағы жарықтандыру сөнеді. Қайта
қосу үшін: ажыратқышты (29) басыңыз.
7.3 Кескіш лазер ажыратқышы
Кескіш лазерді қосу және өшіру.
Кескіш лазер ара кесігінен сол жақта сызықты
белгілейді. Орналастыру әдісімен танысу үшін
сынақ кесік жасаңыз.
Қауіп!
ЛАЗЕР СӘУЛЕСІ
СӘУЛЕГЕ ТІКЕЛЕЙ ҚАРАМАҢЫЗ
2-ЛАЗЕР КЛАСЫ
EN 60825-1:2014
P < 1 мВт, λ = 650 нм
Нұсқау:
Акумуляторлық құрылғылар үшін: қысқа
жұмыс үзілісінде кескіш лазер сөнеді (тыныш
режим) және жұмыс жалғастырған кезде
автоматты түрде іске қосылады. Ұзақ жұмыс
үзілісінде кескіш лазер сөнеді. Қайта қосу
үшін: ажыратқышты (28) басыңыз.
7.4 Еңісті реттеу
Бекіткіш иінтіректі (22) жібергеннен кейін
араны 0° және 45° аралығында солға қарай тік
сызыққа сатысыз еңкейтуге болады (39).
Тік сызықтан сол жаққа 47°-қа дейінгі бұрышты
немесе тік сызықтан оң жаққа 2°-қа дейінгі
бұрышты реттеу үшін реттеу барысында
құлыптау түймесін (23) басыңыз.
Қауіп!
Еңіс бұрышы аралау кезінде өзгермеуі үшін,
төңкеру тұтқасының бекіткіш иінтірегін (22)
тарту керек.
Бекіткіш иінтіректің позициясын
қажеттіліктеріңізге реттей аласыз: бекіткіш
иінтіректі тартып шығарыңыз, бұраңыз және
қалаулы позицияға итеріп бекітіңіз.
7.5 Айналмалы үстел
Қиғаш кесікстер жасау үшін бекіткіш тұтқаны
(11) босатқаннан және ысырманы (12)
басқаннан кейін айналмалы үстелді 47°-қа
солға немесе 47°-қа оңға бұрауға болады.
Осылайша кесу бұрышы дайындаманың
орналастыру жиегіне бейімделеді.
Қауіп!
Көлбеу бұрышы аралау кезінде өзгермеуі үшін,
айналмалы үстелдің бекіткіш тұтқасын (11)
(бекітілген күйлерде де!) бұрап бекіту керек.
7.6 Керу құрылғысы
Керу құрылғысының көмегімен көлденең
қимасы үлкен дайындамаларды да аралауға
болады. Керу құрылғысын барлық кесік
түрлеріне (тік кесіктер, қиғаш кесіктер, еңіспен
(27)
кесіктер және қос қиғаш кесіктер жасау және
ойық кесу) қолдануға болады.
Керу құрылғысы қажет болмаса, бекіткіш оны
бекіткіш бұрандамен (13) артқы позицияда
бұғаттаңыз.
7.7 Кесік тереңдігін шектегіш
Кесік тереңдігін шектегіш (50) керу
(29)
құрылғысымен бірге ойықтар жасауға
мүмкіндік береді.
Реттегіш бұранданы бұрап, контргайкамен
бекітіңіз. Кесік тереңдігін шектегішті тірек (51)
артқа жылжытылған жағдайда ажыратуға
болады.
ҚАЗАҚША kk
(28)
117

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Kgs 216 mKgsv 216 mKgs 254 mKgs 305 mKgs 18 ltx 216

Table of Contents