Metabo KGS 216 Original Instructions Manual page 118

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 12
kk
ҚАЗАҚША
8. Қолданысқа енгізу
8.1 Жоңқа жинағыш қапты / жоңқа
сорғыш құрылғыны жалғау
Қауіп!
Сүрек жоңқасының кейбір түрлері (мысалы,
емен, шамшат немесе шаған сүрегі) жұтылған
жағдайда обыр тудыруы мүмкін.
– Тек монтаждалған жоңқа жинағыш қаппен
немесе жарамды жоңқа сорғыш құрылғымен
жұмыс істеңіз.
– Аралаудан пайда болған шаңнын барлығын
тиісінше сору мүмкін болмағандықтан, оған
қоса шаңнан қорғайтын масканы
пайдаланыңыз.
– Жоңқа жинағыш қапты жүйелі түрде босатып
тұрыңыз. Босатқан кезде шаңнан қорғайтын
масканы киіп жүріңіз.
Құрылғыны жеткізілген жоңқа жинағыш қаппен
қолданысқа енгізген кезде:
· Жоңқа жинағыш қапты (2) жоңқа сорғыш
келте құбырға (3) жалғаңыз. Жоңқа жинағыш
қаптың құлпы (1) жабық болғанына көз
жеткізіңіз.
Құрылғыны жоңқа сорғыш құрылғыға жалғаған
кезде:
· Жоңқа сорғыш келте құбырға жалғау үшін
арнайы адаптерді пайдаланыңыз (12.
«Керек-жарақтар» бөлімін қараңыз).
· Жоңқа сорғыш құрылғы 16. «Техникалық
деректер» бөлімінде келтірілген талаптарға
сәйкес келетіндігіне көз жеткізіңіз.
· Жоңқа сорғыш құрылғының пайдалану
жөніндегі нұсқаулығын да қараңыз!
8.2 Дайындаманы керу құрылғысын
монтаждау
Дайындаманы керу құрылғысын (15) екі түрлі
позицияда монтаждауға болады:
– Кең дайындамалар үшін:
Дайындаманы керу құрылғысын үстелдің
артқы саңылауына (37) кіргізіңіз.
– Жіңішке дайындамалар үшін:
Дайындаманы керу құрылғысын үстелдің
алдыңғы саңылауына (38) кіргізіңіз.
8.3 Желілік аспаптар үшін
Қауіп! Электрлік кернеу
Құрылғыны тек төмендегі талаптарға сай
келетін ток көзінде пайдаланыңыз (16.
«Техникалық деректер» бөлімін де қараңыз):
– Желілік кернеу мен жиілік құрылғының
фирмалық тақтайшасында көрсетілген
деректерге сәйкес келуі тиіс;
– 30 мА шамасынан аспайтын жылыстау
тогымен FI ажыратқышы бар сақтандырғыш;
– Розеткалар тиісінше орнатылған, жерге
тұйықталған және тексерілген.
· Желілік кабельді жұмыс істеу кезінде кедергі
келтірмейтіндей және зақымдалмайтындай
етіп өткізіңіз.
· Ұзартқыш кабель ретінде тек жеткілікті
көлденең қимаға (3 × 1,5 мм
кабельді қолданыңыз.
· Сыртта пайдалануға арналған ұзартқыш
кабельді пайдаланыңыз. Сыртта тек
мақұлданған және тиісінше белгіленген
ұзартқыш кабельді пайдаланыңыз.
· Кенет іске қосылуға жол бермеңіз.
Ажыратқыш ашаны розеткаға жалғаған кезде
өшірулі екендігіне көз жеткізіңіз.
8.4 Аккумуляторлық аспаптар үшін
· Кенет іске қосылуға жол бермеңіз.
Ажыратқыш аккумуляторды салған кезде
өшірулі екендігіне көз жеткізіңіз.
· Аспап ақаулы болған жағдайда
аккумуляторды аспаптан шығарыңыз.
Аккумулятор
Аккумуляторды (33) пайдалану алдында
зарядтаңыз.
118
Өнімділік төмендеген жағдайда,
аккумуляторды қайта зарядтаңыз.
Аккумуляторларды зарядтау бойынша
нұсқаулар Metabo зарядтағыш құрылғысының
пайдалану бойынша нұсқаулығында берілген.
«Li-Power, LiHD» литий-иондық
аккумуляторларында қуаттылық пен сигнал
индикациясы (32) бар:
- Түймені (31) басыңыз да, заряд деңгейі
жарық диодты шамдар арқылы көрсетіледі.
- Жарық диодты шам жыпылықтаса, бұл
аккумулятор зарядының толығына жуық
таусылғанын және қайта зарядтау
қажеттілігін білдіреді.
Литий-иондық аккумуляторларды
тасымалдау:
Литий-иондық аккумуляторларды тасымалдау
қауіпті заттар заңдарына (UN 3480 және UN
3481) бағынады. Литий-иондық
аккумуляторларды тасымалдау кезінде
қолданыстағы ережелерді біліп алыңыз. Қажет
болса, тасымал компаниясынан мәлімет
алыңыз. Сертификатталған орауышты Metabo
компаниясынан алуға болады.
Аккумуляторларды корпус зақымдалмаған
және сұйықтық ақпаған жағдайда ғана
жіберіңіз. Аккумуляторды жіберу үшін аспаптан
шығарып алыңыз. Контактілерді қысқа
тұйықталудан қорғаңыз (мысалы, жабысқақ
таспамен оқшаулаңыз).
Аккумуляторды шығарып алу, орнату
Шығарып алу: аккумуляторды құлыптан босату
түймесін (30) басып, аккумуляторды (33) артқа
қарай тартып шығарыңыз.
Орнату: аккумуляторды (33) тірелгенше
жылжытыңыз.
9. Басқару
· Жұмыс істеу алдында сақтандырғыш
құрылғылардың ақаусыз күйде болғанын
тексеріп шығыңыз.
· Аралау кезінде тиісті жұмыс қалпын
қабылдаңыз:
– пайдаланушы жағында алдыңғы;
– араға қатысты фронтальді;
– ара төсемі шығысының жанында.
Қауіп!
Дайындаманы мүмкіндігінше арнайы керу
құрылғысымен (15) бекітіңіз.
Қысылып қалу қаупі бар!
Ара бастиегін еңкейткен немесе қайырған
кезде шарнир аймағына немесе құрылғы
астына қол сұқпаңыз.
· Ара бастиегін еңкейткен кезде мықтап
ұстаңыз.
· Жұмыс барысында төмендегілерді
пайдаланыңыз:
– Дайындама тірегі – ұзын дайындамалар
үшін, олар кесілгеннен кейін үстелден
құлайтын жағдайда;
– Жоңқа жинағыш қап немесе жоңқа сорғыш
құрылғы.
· Аралау кезінде берік ұстауға мүмкіндік
беретін өлшемдегі дайындамаларды ғана
2
) ие резеңке
аралауға болады.
· Дайындаманы аралау кезінде әрдайым
үстелге басып тұрыңыз және қиғаштануына
жол бермеңіз. Сондай-ақ ара төсемін
бүйірінен қысым қолдану арқылы
тоқтатпаңыз. Ара төсемі бұғатталған
жағдайда, қауіпті жағдай туындайды.
9.1 Тік кесіктер жасау
Бастапқы реттеу:
– Тасымалдау құлпы (24) тартып шығарылған.
– Ара бастиегі жоғары қайырылған.
– Кесік тереңдігін шектегіш (51) ажыратылған.
– Айналмалы үстел 0° күйде, айналмалы
үстелге арналған бекіткіш тұтқа (11)
тартылған.
– Төңкеру тұтқасының тік сызыққа қарай еңісі
0° құрайды, еңісті реттеуге арналған бекіткіш
иінтірек (22) тартылған.
– Керу құрылғысы толықтай артта.
– Керу құрылғысына арналған бекіткіш
бұранда (13) босатылған.
– Дайындама тірегін (25) реттеу:
Бекіткіш бұранданы (35) босатыңыз.
Қосымша профильді (34) дайындама
төсеммен немесе қорғаныш қалпақпен
жанаспай барынша жақсы тірелетіндей етіп
жылжытыңыз. Бекіткіш бұрандамен (35)
бекітіңіз.
Дайындаманы аралау:
1. Дайындаманы оның тірегіне басып,
дайындаманы керу құрылғысымен (15)
қысыңыз.
2. Кеңірек дайындамалар үшін: ара бастиегін
алға (пайдаланушыдан ары) қарай
тартыңыз (керек құрылғысы).
3. Сақтандырғыш құлыпты (26) іске қосып,
ажыратқышты (27) басып тұрыңыз.
4. Ара бастиегін тұтқасынан толықтай төмен
қарай баяу түсіріп, қажетінше артқа
(пайдаланушыдан ары) қарай
жылжытыңыз. Аралау кезінде ара
бастиегін қозғалтқыштың айналу жиілігі
тым қатты түспейтіндей дайындамаға
басыңыз.
5. Дайындаманы бір жүріспен аралаңыз.
6. Ажыратқышты (27) жіберіңіз және ара
бастиегін жоғарғы бастапқы күйге баяу кері
қайырыңыз.
9.2 Қиғаш кесікстер жасау
Бастапқы реттеу:
– Тасымалдау құлпы (24) тартып шығарылған.
– Ара бастиегі жоғары қайырылған.
– Кесік тереңдігін шектегіш (51) ажыратылған.
– Төңкеру тұтқасының тік сызыққа қарай еңісі
0° құрайды, еңісті реттеуге арналған бекіткіш
иінтірек (22) тартылған.
– Керу құрылғысы толықтай артта.
– Керу құрылғысына арналған бекіткіш
бұранда (13) босатылған.
– Дайындама тірегін (25) реттеу:
Бекіткіш бұранданы (35) босатыңыз.
Қосымша профильді (34) дайындама
төсеммен немесе қорғаныш қалпақпен
жанаспай барынша жақсы тірелетіндей етіп
жылжытыңыз. Бекіткіш бұрандамен (35)
бекітіңіз.
Дайындаманы аралау:
1. Айналмалы үстелдің бекіткіш тұтқасын (11)
бұрап босатыңыз және ысырманы (12)
босатыңыз.
2. Қалаулы бұрышты реттеңіз.
3. Айналмалы үстелдің бекіткіш тұтқасын (11)
бұрап бекітіңіз.
4. Дайындаманы «тік кесіктер жасау» әдісінде
сипатталғандай аралаңыз.
9.3 Еңіспен кесіктер жасау
Бастапқы реттеу:
– Тасымалдау құлпы (24) тартып шығарылған.
– Ара бастиегі жоғары қайырылған.
– Кесік тереңдігін шектегіш (51) ажыратылған.
– Айналмалы үстел 0° күйде, айналмалы
үстелге арналған бекіткіш тұтқа (11)
тартылған.
– Керу құрылғысына арналған бекіткіш
бұранда (13) босатылған.
– Керу құрылғысы толықтай артта.
– Дайындама тірегін (25) реттеу:
Бекіткіш бұранданы (35) босатыңыз.
Қосымша профильді (34) дайындама
төсеммен немесе қорғаныш қалпақпен
жанаспай барынша жақсы тірелетіндей етіп
жылжытыңыз. Бекіткіш бұрандамен (35)
бекітіңіз.
Белгілі бір бұрыш реттеулері үшін қосымша
профильді (34), бекіткіш бұранданы (35)
босатқаннан кейін, толықтай тартып шығару
қажет болуы мүмкін. Бекіткіш бұранданы (35)
қайтадан тартыңыз. (Арамен кесік
жасағаннан кейін қосымша профильді (34)

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Kgs 216 mKgsv 216 mKgs 254 mKgs 305 mKgs 18 ltx 216

Table of Contents