Metabo KGS 216 Original Instructions Manual page 115

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 12
3.5 Аккумуляторлық құралдарды
пайдалану және оларға күтім
көрсету
a) Аккумуляторларды тек өндіруші ұсынған
зарядтағыш құрылғылармен зарядтаңыз.
Аккумуляторлық батареяның белгілі бір түріне
арналған зарядтағыш құрылғыда басқа
аккумуляторлық батареяларды зарядтаған
кезде өрт қаупі туындайды.
ә) Электр құралдарында тек оларға
арналған аккумуляторлық батареяларды
пайдаланыңыз. Басқа аккумуляторлық
батареяларды пайдалану жарақаттану және
өрт қауіпін тудыруы мүмкін.
б) Пайдаланылмайтын аккумуляторлық
батареяны контактілердің түйісуін
тудыруы мүмкін түйреуіштер, тиындар,
кілттер, шегелер, бұрандалар немесе басқа
да шағын металл заттардан алшақ ұстаңыз.
Аккумуляторлық батарея контактілерінің
арасындағы қысқа тұйықталу күйіктерге
немесе өртке апарып соғуы мүмкін.
в) Қате жолмен пайдаланған жағдайда
аккумуляторлық батареядан сұйықтық ағуп
кетуі мүмкін. Мұндай жағдайда
аккумуляторлық батареяға тимеңіз.
Жанасқан жағдайда сумен шайып
шығыңыз. Сұйықтық көзге тиген жағдайда
дәрігерден жәрдем сұраңыз.
Аккумуляторлық батареядан шыққан сұйықтық
терінің тітіркенуіне немесе күйіктерге апарып
соғуы мүмкін.
г) Зақымдалған немесе өзгертілген
аккумуляторлық батареяларды
пайдаланбаңыз. Зақымдалған немесе
өзгертілген аккумуляторлық батареялар
күтілмеген әрекет етіп, өрт, жарылыс немесе
жарақаттану қаупін тудыруы мүмкін.
ғ) Аккумуляторлық батареяға өрт немесе
тым жоғары температура әсерін тигізбеңіз.
Өрт немесе 130°C шамасынан жоғары
температура жарылысқа апарып соғуы мүмкін.
д) Зарядтау бойынша барлық нұсқауларды
орындаңыз және аккумуляторлық
батареяны немесе аккумуляторлық
құралды ешқашан пайдалану бойынша
нұсқаулықта белгіленген температуралық
диапазоннан тыс зарядтамаңыз. Қате
зарядтау немесе белгіленген температуралық
диапазоннан тыс зарядтау аккумуляторлық
батареяны зақымдап, өрт қаупін арттыруы
мүмкін.
3.6 Сервистік қызмет көрсету
а) Электр құралы тек қана білікті
қызметкерлер тарапынан және түпнұсқа
қосалқы бөлшектермен жөнделуі тиіс.
Осылайша электр құралының қауіпсіздігін
қамтамасыз етуге болады.
ә)Зақымдалған аккумуляторлық
батареяларды жөндеуге әрекеттенбеңіз.
Аккумуляторлық батареяларға техникалық
қызмет көрсету бойынша барлық жұмыстар
тек қана өндіруші немесе өкілетті қызмет
көрсету орталығының тарапынан орындалуы
мүмкін.
3.7 Қауіпсіздік техникасы бойынша
қосымша нұсқаулар
– Аталмыш пайдалану бойынша нұсқаулық
осында сипатталған құрылғылармен жұмыс
істеу жөніндегі техникалық біліктілікке ие
адамдарға арналған. Егер мұндай
құрылғылармен жұмыс істеуден тәжірибеңіз
болмаса, алдымен білікті тұлғалардың
көмегін сұрау қажет.
– Өндіруші аталмыш пайдалану бойынша
нұсқаулықтың сақталмағанынан туындаған
зақымдар үшін ешқандай жауапкершілікті өз
мойнына алмайды.
Аталмыш пайдалану бойынша нұсқаулықтағы
мәліметтер келесідей белгіленген:
Қауіп!
Жарақат алу немесе қоршаған
ортаға зиян келтіру қаупі туралы
ескерту.
Ток соғу қаупі бар!
Электр тогынан жарақат алу қаупі
туралы ескерту.
Тартылу қаупі бар!
Дене мүшелерінің немесе киімнің
ұсталып қалуынан жарақат алу қаупі
туралы ескерту.
Назар аударыңыз!
Мүлікке залал келтіру қаупі туралы
ескерту.
Нұсқау:
Толығырақ ақпарат.
4. Қауіпсіздік техникасы
бойынша арнайы нұсқаулар
а) Қапталдауыш және қылқан кескіш
аралар ағаш немесе ағашқа ұқсас
өнімдерді кесуге арналған, оларды
өзектер, қарнақтар, бұрандалар және т.б.
сияқты болат дайындамаларды кесу үшін
пайдалануға болмайды. Абразивті шаң
астыңғы қорғаныш қалпақ сияқты жылжымалы
бөліктердің бұғатталуына апарып соғады.
Кесу кезіндегі пайда болатын ұшқын астыңғы
қорғаныш қалпақтың, ішпектің және басқа да
пластик бөліктердің өртенуіне әкеледі.
ә) Дайындаманы мүмкіндігінше
қысқышпен бекітіңіз. Дайындаманы
қолыңызбен ұстаған жағдайда, қолыңыз
әрдайым ара төсемінің әр жағынан кемінде
100 мм алшақ болуы тиіс. Аталмыш араны
қысу немесе қолмен ұстау үшін тым шағын
болатын дайындамаларды кесу үшін
пайдаланбаңыз. Қолыңыз ара төсеміне тым
жақын болғанда, ара төсемінің тиюінен
жарақат алу қаупінің дәрежесі аса жоғары
болады.
б) Дайындама жылжымауы тиіс және оны
берік қысу немесе тірекке және үстелге
басу керек. Дайындаманы ара төсеміне
жылжытуға және «бос қолмен» кесуге
болмайды. Бос немесе жылжып тұрған
дайындамалар жоғары жылдамдықпен
лақтырылып шығуы және жарақат тигізуі
мүмкін.
в) Араны дайындамадан өткізіңіз. Араны
дайындама ішінде тартуға болмайды. Бір
кесік жасау үшін ара бастиегін көтеріп,
кеспей дайындама үстінен тартыңыз.
Содан кейін қозғалтқышты қосыңыз, ара
төсемін төмен қайырыңыз және араны
дайындама арқылы итеріңіз. Тартып кескен
кезде, ара төсемі дайындамада тұрып қалуы
және ара төсемінің бөлігі пайдаланушыға
қарай мәжбүрлі түрде лақтырылуы мүмкін.
г) Қолыңызды ара төсемінің алдынан
немесе артынан, белгіленген кесік
сызығының үстінен айқастырмаңыз.
Дайындаманы «айқастырылған қолмен» тіреу,
яғни дайындаманы ара төсемінің жанында сол
немесе оң қолмен тік ұстау өте қауіпті болып
табылады.
ғ) Ара төсемі айналып тұрғанда, тірек
артына қол сұқпаңыз. Қол мен айналып
тұрған ара төсемінің арасындағы 100 мм
қауіпсіз қашықтықтан асыруға болмайды
(ара төсемінің екі жағы үшін қолданылады,
мысалы, сүрек қалдығын кетірген кезде).
Айналмалы ара төсемінен қолыңызға дейінгі
арақашықтықты анықтау мүмкін емес және сіз
ауыр жарақат алуыңыз мүмкін.
д) Дайындаманы кесуден бұрын тексеріңіз.
Дайындама бүгілген немесе қиғаштанған
жағдайда, оны сыртқа майысқан жағымен
тірекке керіңіз. Кесік сызығының бойында
дайындама, тірек пен үстел арасында бос
орын болмағанына әрдайым көз жеткізіңіз.
Бүгілген немесе қиғаштанған дайындамалар
бұралуы немесе жылжып кетуі және кескен
кезде айналмалы ара төсемінің қысылуына
әкелуі мүмкін. Дайындама ішінде шегелер
немесе басқа да бөгде заттар болмауы тиіс.
е) Араны үстелде құралдар, сүрек қалдығы
және т.с.с. заттар болмағанда ғана
пайдаланыңыз; үстел үстінде дайындама
ғана болуы тиіс. Айналып тұрған төсеммен
жанасатын шағын қалдықтар, бос сүрек
бөліктері немесе басқа да бөгде заттар
жоғары жылдамдықпен лақтырылуы мүмкін.
ж) Бір уақытта бір ғана дайындаманы
кесіңіз. Қабаттастырып қойылған
дайындамаларды тиісінше керу немесе ұстап
тұру мүмкін болмайды және олар аралау
кезінде төсемнің қысылып қалуына әкелуі
немесе сырғып кетуі мүмкін.
з) Қапталдауыш және қылқан кескіш
араның пайдаланудан бұрын тегіс әрі берік
жұмыс бетіне қойылуын қамтамасыз
етіңіз. Тегіс әрі берік жұмыс беті қапталдауыш
және қылқан кескіш араның тұрақсыз болуына
жол бермейді.
и) Жұмысыңызды жоспарлаңыз. Ара
төсемінің еңісін немесе көлбеу бұрышын
әр реттеген сайын реттелмелі тірек
тиісінше тураланғанына және дайындама
төсеммен немесе қорғаныш қалпақпен
жанаспай тірелгеніне көз жеткізіңіз.
Аспапты қоспай және дайындаманы үстелге
қоймай, ара төсемінің толық кесік бойынша
жылжуын үлгілеңіз де, төсемнің бөгет
жасамағанына немесе кесіліп қалу қаупін
тудырмайтындығына көз жеткізіңіз.
к) Үстелдің үстіңгі бетінен кең немесе ұзын
болған дайындамалар үшін үстел
ұзартқыштары немесе сандал арқылы
тиісінше тіреуді қамтамасыз етіңіз.
Қапталдауыш және қылқан кескіш ара
үстелінен ұзын немесе кең болған
дайындамалар берік тірелмеген жағдайда
аударылып кетуі мүмкін. Кесілген ағаш бөлігі
немесе дайындама аударылып қалған
жағдайда, астыңғы қорғаныш қалпақ көтерілуі
немесе айналып тұрған төсемнен бақылаусыз
лақтырылуы мүмкін.
қ) Үстел ұзартқышының немесе қосымша
тіреудің орнына басқа адамның көмегіне
жүгінбеңіз. Дайындаманың тұрақсыз тірелуі
төсемнің қысылып қалуына әкелуі мүмкін.
Сонымен қатар дайындама кесу барысында
жылжып кетуі және өзіңіз бен көмекші адамды
айналып тұрған төсемге тартуы мүмкін.
л) Кесілген бөлік айналып тұрған ара
төсеміне қарай итерілмеуі тиіс. Бос орын аз
болғанда, мысалы, бойлық тіректер
пайдаланылған кезде, кесілген бөлік төсемде
тұрып қалуы және мәжбүрлі түрде
лақтырылуы мүмкін.
м) Қарнақтар немесе құбырлар сияқты
домалақ материалды тиісінше тіреу үшін
әрдайым қысқышты немесе арнайы
жабдықты пайдаланыңыз. Қарнақтар кескен
кезде домалап кетеді де, төсем сырғиды және
дайындама қолыңызбен бірге төсемге
тартылуы мүмкін.
н) Дайындаманы кеспес бұрын төсемді
толық айналу жиілігіне жеткізіңіз. Бұл
дайындаманың лақтырылуына жол бермейді.
ң) Дайындама қосылып немесе төсем
бұғатталып қалса, қапталдауыш және
қылқан кескіш араны өшіріңіз. Барлық
жылжымалы бөліктер тоқтағанша күтіңіз,
желілік ашаны суырып алыңыз және/
немесе аккумуляторды шығарып алыңыз.
Содан кейін қысылған материалды
шығарып алыңыз. Егер мұндай бұғатталу
орын алғанда аралауды жалғастырсаңыз,
бақылау мүмкіндігінен айырылуыңыз немесе
қапталдауыш және қылқан кескіш араға зақым
келтіруіңіз мүмкін.
о) Кесу аяқталған соң, ажыратқышты
жіберіңіз, ара бастиегін төмен ұстаңыз
және кесілген бөлікті шығармас бұрын
төсем тоқтағанша күте тұрыңыз. Қолды
айналып тұрған төсемнің жанына апару өте
қауіпті болып табылады.
4.1 Қауіпсіздік техникасы бойынша
қосымша нұсқаулар
· Тиісті бөлімдердегі қауіпсіздік техникасы
бойынша арнайы нұсқауларды орындаңыз.
· Қажет болса, заңды нұсқамаларды немесе
жазатайым оқиғалардың алдын алу
бойынша ережелерді сақтаңыз.
Жалпы қауіпті жағдайлар!
· Қоршаған ортаға тиетін әсерді ескеріңіз.
· Дайындамалар ұзын болғанда, арнайы
дайындама тіректерін пайдаланыңыз.
· Аталмыш аспапты тек мұндай аспап түрімен
таныс және жұмыс барысындағы қауіпті
жағдайларды әрдайым түсінетін адамдар
қолданысқа енгізуі және пайдалануы тиіс.
18 жасқа толмаған адамдар бұл құрылғыны
кәсіби оқыту аясында оқытушының
бақылауында ғана пайдалана алады.
· Рұқсаты жоқ адамдарды, әсіресе балаларды
қауіпті аймақтан алшақ ұстаңыз. Пайдалану
ҚАЗАҚША kk
115

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Kgs 216 mKgsv 216 mKgs 254 mKgs 305 mKgs 18 ltx 216

Table of Contents