MSA Workman User Instructions page 47

Hide thumbs Also See for Workman:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 15
ҚАЗАҚША
P/N 10112828
ҚАЗАҚША
ПАЙДАЛАНУ НҰСҚАУЛЫҒЫ
1. Функциясы және қолданысы: MSA Workman Tripod басы алюминий қорытпасынан және аяқтары беріктігі жоғары алюминий қорытпасынан жасалған.
Штатив EN 795-2012 стандартының B класына сай және Кеден одағының TP TC 019/2011 "Жеке қорғаныс жабдығының қауіпсіздігі" техникалық
ережесінің, Украинадағы "Жеке қорғаныс жабдығының техникалық ережесіне" және ДСТУ EN 795:2006 талаптарына сәйкес келеді. Штатив - жеке
құлаудан қорғау және құтқару жүйесінің тасымалды уақытша анкер құрылғысы болып табылады. Оны бірге берілген бекіту элементтерінің түріне
байланысты құлаудан қорғау, құтқару, жинау, эвакуациялау мақсатында пайдалануға болады. MSA Workman Tripod киім, құралдар мен басқа да
пайдаланушы нысандарымен бірге жалпы салмағы 181 кг аспайтын бір адамның пайдалануына арналған. Бұл сыйымдылық EN795 стандартына
сәйкес келеді. MSA Workman Winch келесі бөлімде сипатталғандай MSA Workman Tripod штативінде жиналған кезде бұл конфигурация максималды
салмағы 140 кг құрайтын қызметкерлерді немесе максималды салмағы 225 кг болатын материалдарды көтеру, төмен түсіру және орнату үшін
жарамды. Бұл қолданбалар мен сыйымдылықтар 2006/42/EC құрылғылар директивасына сәйкес келеді. Штативті құлаудан қорғау жүйесінің бөлігі
ретінде пайдаланған кезде пайдаланушыны құлаудан қорғау барысында оған түсетін мақсималды динамикалық жүктемені 6 кН шамасына дейін
шектейтін құралдармен жабдықтау қажет. Workman штативін қызмеркерлер мен материалдарды бір мезгілде көтеру, төмен түсіру немесе орналастыру
мақсатында пайдаланбаңыз. 32-суретте осы жүйелердің қосымша керек-жарақтары мен әдеттегі қолданбаларының конфигурациялары көрсетілген.
2. MSA Workman Tripod тіркемелерін пайдалану: (1) Бүйірлік ұршық көздері (6-сурет) икемді анкерлі кергі (EN353-2, DSTU EN 353-2:2006, TP
TC 019/2011), RTFA (тоқтатқыш құрылғының тартылған түрі) немесе RTFA құтқару құрылғысы сияқты жеке құлаудан қорғау жүйелері үшін
пайдаланылады. Осы қосымша құрамдас бөлшектердің әрқайсысын орнату және пайдалану үшін өнімдермен бірге берілген жеке пайдаланушы
нұсқауларын қараңыз. (2) Ортаңғы ұршық көзі бөлшек № 506222 MSA жеке орнату шкиві сияқты керек-жарақтарды бекіту мақсатында MSA Workman
Winch (4 және 7-суреттер) үшін пайдаланылады. MSA Workman Winch үшін ортаңғы ұршық көзі пайдаланылмаған болса, ортаңғы ұршық көзін икемді
анкерлі кергіні, RTFA және RTFA құтқару құрылғысын бекіту үшін пайдалануға болады. (3) MSA RTFA құтқару құралы және Workman жүкшығыры
бөлшек № 506222 MSA жеке орнату шкивтері және карабиндермен бірге бөлшек № 10129888 штативке орнатылады. (4) MSA RTFA құтқару құралы
және Workman жүкшығыры кіріктірме аяқ кронштейндері арқылы штативке бекітіледі. (5) Әрбір кеңейту аяғында бір оң бекіткіш бар. Қажетті аяқ
кеңейтіміне қол жеткізілген кезде әрбір істік жоғарғы және төменгі аяқтардағы таңдалған саңылаулар арқылы енгізіледі. Штативке оң бекіткішті
енгізген немесе алып тастаған кезде істік ұшындағы түймені басып тұру қажет (8-сурет). MSA RTFA немесе RTFA құтқару құралын сондай-ақ EN 362
куәліктендірген карабиннің көмегімен тікелей бүйір ұршық көзіне орнатуға болады. RTFA құтқару құралын MSA Workman штативінің бүйір ұршық
көзіне тікелей орнатқан кезде жүктеме сыйымдылығы 140 кг шамасына тең болады. (6) Штатив аяқтарының күйін сақтау және жүйені пайдалану
барысында қолданылған жүктемелерді үлестіру үшін aяқтың негізгі белбеуі қажет (52-сурет). Аяқтың негізгі белбеуі ойылатын әрбір төменгі аяқтың
негізінде штативтердің тіркемелері болады. Ол барлық үш тіркеме арқылы ұшы өткен кезде, тартпалы айылбас арқылы жалғанып, бекемделген
кезде толығымен құрастырылады. (7) Аяқ белбеуін сондай-ақ карабиннің көмегімен штативтің басына жалғауға және тасымалдау белбеуі ретінде
пайдалануға болады (9-сурет). (8) Нейлоннан жасалған дорба штативті тасымалдау және сақтау барысында қорғау үшін пайдаланылады (10-сурет).
(9) Бөлшек № 10129888 карабинді бөлшек № 506222 қосымша MSA жеке орнату шкивін штатив басындағы бүйірлік бекіту нүктелеріне орнату үшін
пайдаланады. (10) Жеке орнату шкиві RTFA құтқару құралының кабелі немесе MSA Workman Winch жеке орнату шкиві арқылы өтіп, жұмысқа қатынасу
орталығына төмен түсетін орында RTFA құтқару құралы немесе MSA Workman Winch жүкшығырымен бірге жұмыс істеуге арналған (3-сурет). (12)
Қосымша құрамдас бөлшектерді штативке жалғау туралы ақпарат алу үшін MSA компаниясына хабарласыңыз немесе әрбір құрамдас бөлшекпен
берілген жеке пайдаланушы нұсқауларын қараңыз.
3. Пайдалану нұсқаулары: Осы пайдаланушы нұсқаулықтарымен танысқанына және білікті адамның бақылауымен дайындалғанына кепіл болу MSA
Workman штативін пайдаланушысының міндеті болып табылады. MSA Workman штативін қолдану үшін тиісті дайындықтан өтуіңізге және оның қалай
жұмыс істейтінін толығымен түсінгендігіңізге көз жеткізіңіз.
4. Жұмыс істеу тәртібі: Штативі мен оның барлық жүйелік бөлшектерін орнатып болмай, жабық зонаның қақпағын ашпау керек. Штативті орнату
және жөнге келтіру (13-18-Суреттер): 1-Қадам: Штативін еңкейтіп, тіке аяғына қойыңыз. 2-Қадам: Әр аяғын бір-бірлеп сыртқа қарай тартып
құлыпына салыңыз. Орнату кезінде әр аяқтың автоматты түрде жоғары қарай сарт еткізіп ілінетініне назар аударыңыз. Бекітпенің орнатылып
дұрыс тұрғанына көңіл бөліңіз. 3-Қадам: Аяқтарын люк жапқышының жұмыс және үстіңгі бетінің аумағы геометриясына сәйкес қойыңыз. Тазалау
талаптарына байланысты 6. Дизайн Есептемелері: 4-бөлімін қараңыз. 4-Қадам: Қосымша бөлшектері штативінің басына жалғануы керек, Бөлек-
Бекітпе дөңгелегі сияқты осы кезде штативінің басына құрастырылуы керек. Әр қосымша бөлшекті штативіне қалай жалғау үшін тиісті қолданушы
нұсқауларын қолданыңыз. 5-Қадам: Штативінің аяқтарын бір-бірлеп ілмекті (үстіңгі аяқ бөліміне жалғанған) тарта отырып көтеріңіз, төменгі аяқ
бөлігін біртіндеп ысырып алып шығып, қайтадан ілмекті салу қажет. Штативінің басы қалаған биіктікке жеткенге дейін әр аяғы осылай ысырылып
қайталануы қажет. Штативінің басы орнату аяқталғаннан кейін бір қалыпта болу керек. Абайлаңыз, штативінің құлап кетпеуі үшін оның әр аяғының
тым алыс орнатылмағанын қамтамасыз етіңіз. Таяныш аяқтарын максимум таңбасынан артық созуға болмайды, 8-суретті қараңыз. 6-Қадам: Тиісті
биіктікке жеткен кезде штативінің мықты және тік орныққанына көз жеткізу керек. Штативі аяқтарының төменгі жағын аяқ қайысы бекітпесімен орау
керек. Барлық аяқ ілмектерінің қауіпсіз ілінгенін және аяқтарының басылған күйінде бекітілгенін тексеріңіз. Барлық жалғауыштармен белдікті бөліп
тұратын айылбастар арқылы тордың бос жағын тартып қысыңыз. Барлық жабдықтар штативінде өз орындарында болғанда, соңғы рет берік және тік
орнатылғанын тексеріңіз. Соңғы түзетулерді жасаңыз. Одан соң люктің жапқышын алып тастау қажет.
Штативін тасымалдау не сақтауға жинастыру үшін айтылған процестерді кері жасау керек. Құлыпталған аяқ ілмектерін босатып, аяғы мен ілмекті ішке
қарай басып қою қажет. Штативінің аяқтарын көрсетілгендей төменгі қайыспен абайлап қосыңыз (18-Сурет).
5. Тексеру ережелері: 1-Қадам: Штативінің белгілері бар және ресми екенін тексеріңіз. Жоспарлы тексерудің соңғы 12 ай ішінде өткізілгеніне көз жеткізу
үшін жоспарлы бақылау кестесін тексеріңіз. Егер кесте соңғы 12 ай ішінде жоспарлы тексеру өткізілмегенін көрсетсе (белгісі жоқ) немесе затбелгілер
жоқ немесе жарамсыз күйде болса, жоспарлы тексеріс білікті маманның тарапынан өткізілмегенше штативті пайдаланбаңыз және оны «ПАЙДАЛАНУҒА
ЖАРАМСЫЗ» деп белгілеп қойыңыз. 2-Қадам: Бас блогында тот, сызат, деформация, сынық, өзгертілген немесе жоғалтылған бөлшектер, күйе, және
жылу не химиялық әсер белгілерінің жоқ болуын тексеріңіз. 3-Қадам: Барлық темір бөлшектерде (яғни бас бөлік, аяқтар, аяқ құлыптар, бекіту құлыптар,
табандар) деформацияның, сынық, сызаттың, тот, терең ойықтардың, доғалған не бос тұрған бөлшектердің, дұрыс емес жұмыс істеудің, және шамадан
тыс жылу немесе химиялық әсер белгілерінің жоқтығын тексеріңіз. 4-Қадам: Барлық темір емес бөлшектерде (мысалы тайғаққа төзімді табан астарлары,
белгілер мен аяқ негізі белтігі) сызудың, сынықтың, шамадан тыс қолдану белгілерінің, жоғалған немесе бос тұрған бөлшектердің болмауын тексеріңіз.
Күйе және шамадан тыс жылу не химиялық әсер белгілері жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. 5-Қадам: Штативі аяқтарының жұмысын тексеріңіз. Аяқтар аяқ
қалталарында оңай жылжып, толығымен ашқанда берік тұру қажет. Аяқтардың төменгі бөліктері жоғарғы бөліктерінің ішінде толық ұзындығы бойымен
кедергісіз жылжу керек. Штативінің аяқтары оңайша қойылып, орнатылғанда жерде тегіс қалуы қажет. 6-Қадам: Толық жүйенің бүкіл компоненттері мен
кішігірім жүйелерін сәйкес өндірушінің ережелеріне сәйкес қарап шығыңыз. Мұқият тексеру нәтижелерін техникалық тексеру формулярына жазу қажет.
Тексеруден кейін жоспарлы тексерудің аяқталғандығын дәлелдейтін тексеру туралы белгі салып немесе таңбалап қойыңыз.
6. Құрастыру туралы анықтамалар: (1) Штативі орнатылатын жер (бекіту нүктесі) 3 м қашықтықта 152 мм-ден артық еңкеймеуі керек. 2,8°-тан артық
еңкейгенде штативі сырғанап немесе төңкеріліп кетуі мүмкін.
(2) Жердің (негіздің, еденнің) күші таянышты орнату кезінде 10 кН кем болмауы керек. Штативімен бір ғана адам қолдана алады. Қосалқы топ
мүшелері ретінде штатив тұрған жерде жүрген өзге жұмысшылар өзінің мақсаты мен іскерлік міндеттеріне сай жеке дара қауіпсіздік жүйелерді
© 2016 MSA
Page 47

Advertisement

Table of Contents
loading
Need help?

Need help?

Do you have a question about the Workman and is the answer not in the manual?

Subscribe to Our Youtube Channel

Table of Contents