Philips HR1866 Manual page 52

Hide thumbs Also See for HR1866:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
52
ҚазаҚша
6
Ақжелкек шырынын қосыңыз.
7
Шайқалған қаймақ пен ақ шарапты қосыңыз.
8
Лимон шырынын және дәміне қарай тұз қосыңыз.
Кеңестер
Дайындау
-
Жаңа піскен жеміс жидектерді немесе көкөністерді қолданған дұрыс, себебі оларда шырын
көп болады.Шырын сыққышқа ананас, қызылша, сельдерей жапырақтары, алма, қияр, сәбіз,
шпинат, қауын, қызанақ, және жүзім сияқты жеміс жидектер өте қолайлы.
-
Крахмалы бар жеміс жидеткерді, мысалы: банан, папайя, авокадо, інжір немесе манго сияқты
бұл шырын сыққыштан өткізуге болмайды. Ол үшін тамақ жасайтын құралды, немесе
миксерлерді қолданғаныңыз дұрыс.
-
Қант қамысы сияқты өте қатты және/немесе талшықты, крахмалды жемістерді немесе
көкөністерді шырын сыққыштан өткізуге болмайды.
-
Бұл шырын сыққыштан салаттағы сияқты жапырақтарды немесе жапырақ бұтақтарын
өткізуге болады.
-
Шиенің, қара өріктің, шабдалының, т.б. сүйектерін алып тастаңыз. Қауын, алма немесе жүзім
секілді жемістердің өзегін және дәндерін алудың қажеті жоқ.
-
Жұқа қабықтарды алудың қажеті жоқ. Тек жеуге жарамсыз қалың қабықтарды, мысалы,
апельсин, ананас, киви, қауын және пісірілмеген қызылша қабықтарын тазалау керек.
-
Шырын сыққышпен цитрусты жемістерден шырын жасауға болады. Шырын жасамас бұрын,
олардың қабығын тазалаған жөн. Себебі қабық химиялық реагенттермен өңделген болуы
мүмкін және ақ қабықтың шырын дәміне әсер ететін ашы құрамдас бөліктері бар.
шырын жасау
-
Алма шырынын дайындағанда, алма шырынының қоюлығы қолданылып жатқан алма түріне
байланысты болатынын есте сақтаңыз. Алма неғұрлым шырынды болса, шырын соғұрлым
қою болады. Өзіңізге ұнайтын шырын шығаратын алма түрін таңдаңыз.
-
Қатты жеміс жидектер мен көкөністер үшін (мысалы, алма, қызылша, сәбіз)
2-жылдамдықты (қалыпты жылдамдық) пайдалануды ұсынамыз. Жұмсақ жеміс жидектер үшін
(мысалы, жидектер, киви, жүзім, қызанақ, қияр және қауын) 1-жылдамдықты (төменгі
жылдамдық) пайдаланған жөн.
-
Жұмсақ жеміс жидектерден шырын жасағанда, шырынды тиімді сығу үшін, жемістерді
түтікке біртіндеп салыңыз. Жемісті итергішпен қыспаңыз.
-
Шырынды соңғы тамшысына дейін сығу үшін, итергішті баяу басып отырыңыз.
Дайын болғанда
-
Егер шырын көбіксіз болғанын қаласаңыз, құмыраның ішіне көбік ажыратқышын салыңыз.
Егер көбігі бар қою шырын керек болса, көбік ажыратқышын құмырадан алып тастаңыз.
-
Алма шырыны тез арада қоңырланып кетеді. Тез қоңырланбауы үшін, лимон шырынының
бірнеше тамшысын қосыңыз.
-
Шырынды сығып болған соң бірден ішіп қойыңыз. Шырын ауада біраз уақыт тұрып қалса,
дәмін және қоректік құндылығын жоғалтады.
4222_005_0075_2_DFU-Booklet_A5_v1.indd 52
21-10-11 11:53

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents