Philips GC6804/26 User Manual page 48

Hide thumbs Also See for GC6804/26:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 4
50
Қазақша
Қауіпсіз тірек
Киімді қайта орналастыру кезінде үтікті қалдыру
Киімді қайта орналастыру кезінде үтікті түпқоймаға немесе көлденеңінен үтіктеу тақтасына
қоюға болады (2-сурет). OptimalTEMP технологиясы үтіктің табаны үтіктеу тақтасының жабынын
бүлдірмейтінін қамтамасыз етеді.
Автоматты түрде өшу
-
Құрылғы 5 минут бойы қолданылмаса, күту режиміне өтеді. Қосу/өшіру түймесіндегі жарық
жыпылықтай бастайды.
-
Құрылғыны қайта белсендіру үшін, қосу/өшіру түймесін немесе бу триггерін басыңыз. Құрылғы
қайта жылына бастайды.
-
Егер құрылғы күту режиміне өткеннен кейін 10 минут пайдаланылмаса, ол автоматты түрде өшеді.
Қосу/өшіру түймесіндегі жарық өшеді.
Ескерту: құрал тоққа қосылып тұрғанда, оны бағалаусыз қалдыруға болмайды. Қолданып
болған соң, құрылғыны міндетті түрде розеткадан ажыратыңыз.
Тазалау және күту
Зерделі Calc-clean жүйесі
Құралда жиі қақты кетіріп, тазалауды қамтамасыз ететін зерделі қақ тазалау жүйесі бар. Бұл буды
қаттырақ шығаруға және уақыт өте келе үтік табанынан кір мен дақтардың ақпауына көмектеседі.
Тазалау процесінің орындалғанына сенімді болу үшін, бу генераторы әдетте еске салып отырады.
Дыбыспен және шаммен қақ тазалау еске салғышы
1-3 ай пайдаланудан кейін қақ тазалау шамы жыпылықтай бастайды және құрылғы қақ тазалау
процесін орындау қажет екенін көрсету үшін дыбыстық сигнал шығара бастайды (13-сурет).
Бұдан басқа құрылғыда қақ жиналмауы үшін, екінші қорғау әрекеті біріктірілген: қақты кетіру
орындалмаса, бу шығару функциясы өшіріледі (14-сурет). Қақ тазарту орындалғаннан кейін бу
шығару функциясы қалпына келтіріледі. Бұл қолданылған су түріне қарамастан орындалады.
Ескертпе: қақ тазалау процесі кез келген уақытта орындалуы мүмкін, тіпті дыбыс және шам еске
салғышы белсендірілмеген кезде.
Қақ тазалау ыдысының көмегімен қақ тазалау процесін орындау
Ескерту: қақ тазалау процесі кезінде құрылғыны қараусыз қалдырмаңыз.
Абайлаңыз: қақ тазалау ыдысының көмегімен қақ тазалау процесін үнемі орындаңыз. Үтікті қақ
тазалау ыдысынан көтеру арқылы процесті үзбеңіз, өйткені табаннан ыстық су мен бу шығады.
1 Су ыдысын жартылай толтырыңыз.
Ескертпе: қақ тазалау процесі кезінде құрылғы тоққа қосылып тұрғанын және ҚОСУ күйінде екенін
тексеріңіз.
2 Қақ тазалау ыдысын үтіктеу тақтасына немесе кез келген басқа тегіс, тұрақты жерге қойыңыз.
3 Үтікті қақ тазалау ыдысына қозғалмайтын етіп қойыңыз (15-сурет).
4 Қысқа дыбыстық сигналдарды естігенше CALC-CLEAN (Қақ тазалау) түймесін 2 секунд басып
тұрыңыз (16-сурет).
Ескертпе: қақ тазалау ыдысы қақ тазалау процесінің барысында қақ бөлшектерін және ыстық суды
жинауға арналған. Бүкіл процесс барысында үтікті осы ыдысқа қою мүлде қауіпсіз.

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Gc6800 series

Table of Contents