Polaris PVCR 3300 IQ Home Aqua Operation Manual page 71

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 73
КЕПІЛДІКТІ МІНДЕТТЕМЕ
Өнім: Тұрмыстық электр шаңсорғыш-робот
Осы кепілдік бұйымды сатып алынған күннен бастап 24 ай бойы әрекет етеді және материалдар
мен жұмысқа байланысты ақаулар табылған жағдайда бұйымға кепілдік қызмет көрсетілетін
білдіреді. Осы кепілдік келесі шарттар сақталған кезде жарамды:
1. Өндірушінің кепілдік міндеттемесі «POLARIS» сауда таңбасымен шығарылатын және уәкілетті
сатушылардан сатып алған барлық үлгілерге, кепілдік қызмет көрсетілетін елдердің барлығында
жарамды (сатып алған жеріне қарамастан) таралады.
2. Бұйым пайдалану бойынша нұсқаулыққа, қауіпсіздік бойынша ережелер мен талаптарды қатаң
сақтай отырып, пайдаланылуы тиіс.
3. Бұл кепілдік
тауарды тұтынушыға беруден кейін, келесі жәйттердің нәтижесінде туындаған
кемшіліктерге таралмайды, егер де:
Химиялық, механикалық немесе өзге де әсер етулер, бөгде заттардың, сұйықтықтың, өнімдердің
және құрт-құмырсқа немесе шыбын-шіркей секілді жәндіктердің бұйымның ішіне түсіп кетуі және
олардың өмірлік белсенділігінің өнімдері бұйымның ішінде болса, яғни микроортанизмдердің,
жәндіктердің тіршілік әрекеті салдарынан нәтижесінде туындаған ақау үшін таралмайды;
Бұйымды тікелей мақсаты бойынша емес пайдаланғанда, оны дұрыс пайдаланбағанда, сондай-ақ,
бұйымды осы пайдалану жөніндегі Нұсқаулықта берілген техника қауіпсіздігі ережелері мен
талаптарын бұза отырып, орнатқанда және пайдаланғанда;
Бұйымды қолдануға арналмаған мақсаттарда пайдаланған жағдайда;
Құрылғыны қалыпты пайдалану салдарынан пайда болған сыртқы өзгерістер байқалса, сондай-ақ,
құрылғының функционалдық қасиетіне әсер тигізбейтін, қалыпты түрде тозған жағдайда: құралдың
ішкі және сыртқы қабатының механикалық бүлінуі (металдың ішіне майысу, сызаттың түсуі, сыртқы
түс түрінің өзгеруі не тіпті жоғалуы немесе қажалып бүлінуі), металл түсінің қалыпты өзгеруі,
сондай-ақ, құрылғының метал бетінде құбылмалы немесе қара дақтардың пайда болуы, сонымен
қатар, құрылғының жабыны бүлінген жерлеінде тоттанудың салдарынан металлдың бұзылуы, яғни
металдың бетінде тотқа қарсы жабыны жоқ және жабыны бар жерлерінде коррозияның орын алуы
салдарынан зақымдалған болса;
Жарамдылық мерзімі шектеулі әрлеу бөлшектері және шам, батареялар, қоқыс жинауға арналған
сыйымдылықтар, белдіктер, қылшақтар, қорғаныс экрандары тозған жағдайда, сондай-ақ басқа да
бұйымдарды, олардың пайдалану мерзімі шектеулі болған жағдайда;
Авторизацияланған (уәкілетті) сервистік қызмет көрсету
тұлғалар немесе фирмалар өндірген бұйымдардың жөндеуін жүргізген жағдайда;
Тасымалдау кезінде бұйымға қандай да зақым келтірілген болса, оны дұрыс емес пайдалану
салдарынан туындаған ақау үшін, сондай-ақ бұйымның құрылымында қарастырылмаған
модификациялау (яғни құрылғының түрін өзгерту, түрлендіру) әрекетіне байланысты, немесе
өздігінен жөндеу жұмысын жүргізудің нәтижесінде туындаған ақау үшін таралмайды;
4. Өндіруші төмендегі жағдайларда кепілді міндеттемелерді көтермейді, егер бұйымның бетінде
техникалық төлкұжатты сәйкестендіру тақтайшасы жоқ болса, немесе оның техникалық төлкұжатты
сәйкестендіру тақтайшасында берілген техникалық деректері жойылған, жойылып кетірген немесе
түзетілген болса өндірушінің осы салдардың нәтижесінде туындаған залал үшін жауапты емес.
5. Бұл кепілдік
тек қана жеке тұрмыстық қажеттілік үшін пайдаланылатын
жарамды, және коммерциялық, өнеркәсіптік немесе кәсіби мақсатта қолданылатын бұйымдарға
таралмайды.
Назар аударыңыз!! Өндіруші тұтынушының (сатып алушының) немесе үшінші тұлғалардың
қасақана немесе ұқыпсыз әрекеттерінің және бұйымды орнату/пайдалану шарттары мен ережелерін
сақтамау салдарынан адамдарға, үй жануарларға, қоршаған ортаға немесе мүлікке POLARIS
бұйымның зақымдалуынан тікелей немесе жанама себеп болатын кез келген ықтимал зиян
келтірілгені үшін жауапкершілік көтермейді.
Үлгісі PVCR 3300 IQ Home Aqua
орталықтар болып табылмайтын*,
71
бұйымдарға ғана

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents