Жалпы Ақпарат - Polaris PVCR 3300 IQ Home Aqua Operation Manual

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 73
Сізге POLARIS сауда маркасымен шығарылатын өнімді таңдағаныңыз үшін
алғысымызды білдіреміз. Біздің өнімдеріміз сапа, функционалдылық пен дизайнның жоғары
талаптарына сәйкес әзірленген. Сіз біздің фирмамыздың жаңа өнімін сатып алғаныңызға риза
болатыңызға сенімдіміз.
Аспапты пайдалануды бастар алдында Сіздің қауіпсіздігіңізге қатысты маңызды
ақпараты бар осы нұсқаулықты, сондай-ақ құралды дұрыс пайдалану және оны күту жөніндегі
ұсыныстарды мұқият оқып шығыңыз.
Нұсқаулықты кепілдік талонымен, кассалық чекпен, мүмкіндігінше, картон қораппен
және орауыш материалмен бірге сақтап қойыңыз.
ЖАЛПЫ АҚПАРАТ
Пайдалану жөніндегі осы нұсқаулық тұрмыстық шаңсорғыштың, PVCR 3300 IQ Home
Aqua POLARIS (бұдан әрі мәтін бойынша – робот, шаңсорғыш, аспап) техникалық деректерімен,
құрылысымен, пайдалану және сақтау ережелерімен танысуға арналған.
ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША ЖАЛПЫ НҰСҚАУЛАР
Аспапты пайдалану «Тұтынушылардың электр қондырғыларды техникалық пайдалану
ережелеріне» сәйкес жүргізілуі тиіс.
Аспап тек қана тұрмыста пайдалануға арналған.
Пайдаланар алдында осы нұсқаулықты мұқият оқыңыз және оны сақтап қойыңыз.
Аспап тек мақсаты бойынша пайдаланылуы тиіс.
Бұл аспап физикалық, жүйке немесе психикалық ауытқулары бар немесе тәжірибесі мен білімі
жеткіліксіз адамдардың (балаларды қоса алғанда), мұндай адамдарға қадағалау жүзеге
асырылатын немесе олардың қауіпсіздігіне жауапты адамның осы құралды пайдалануына қатысты
оларға нұсқау беретін жағдайларды қоспағанда, пайдалануына арналмаған. Балалардың аспаппен
ойнауына жол бермеу мақсатында оларды қадағалауды жүзеге асыру қажет.
Назар аударыңыз! Аспапты ванналар, шұңғылшалар немесе сумен толтырылған басқа ыдыстар
маңында пайдаланбаңыз.
Ешбір жағдайда аспапты суға немесе басқа да сұйықтықтарға батырмаңыз.
Аспапты іске қосар алдында әркез оны қарап байқап шығыңыз. Аспаптың және аксессуарлардың
көзге көрінетін зақымданулары бар болса, мәселені жойғанша оны пайдаланбаңыз.
Аккумуляторды (АКБ) зарядтау үшін, тек қана осы үлгідегі шаңсорғыш жиынтығына кіретін
зарядтау құрылғысын (адаптерді) және зарядтау базасын пайдаланыңыз. Бұл адаптерді басқа
мақсаттарда пайдаланбаңыз.
Зарядтау базасының, адаптердің немесе қуат баусымының зақымдануы бар болғанда, адаптерді
ешбір жағдайда розеткаға қоспаңыз. Зарядтау базасын және адаптерді ауыстыру (жөндеу) қажет
болғанда, авторизацияланған сервис орталығына хабарласыңыз. Зарядтау базасын және
адаптерді бөлшектемеңіз!
Аккумуляторды зарядпен қамтамасыз ету үшін алдымен адаптер істікшесін зарядтау базасының
тиісті ұяшығына орналастырыңыз және базаны жиналатын бөлме қабырғасында розетка жанына
жайғастырыңыз, содан кейін адаптер айырын розеткаға тығыңыз. Аккумулятор зарядталғаннан
кейін адаптерді желіге қосылған күйінде қалдырмаңыз. Егер аспап пайдаланылмайтын болса,
зарядтау базасын еденде қалдырмаңыз.
Назар аударыңыз! Зарядтау базасының түйісулерін өзара металл заттармен тұйықтауға
қатаң тыйым салынады!
Зарядтау базасын пайдаланғанда АКБ зарядтау қажеттілігі аспаппен автоматты түрде анықталады.
Егер зарядтау базасы пайдаланылмаса, аккумуляторды зарядтауды оның заряды толық бітпейінше
жүргізбеңіз.
POLARIS
PVCR 3300 IQ Home Aqua үлгісі
Пайдалану жөніндегі нұсқаулық
52

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents