Hilti FX 3-A Operating Instructions Manual page 298

Hide thumbs Also See for FX 3-A:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
7
Күтім және техникалық қызмет көрсету
Өнімге күтім көрсету
Қатты жабысқан кірді мұқият кетіріңіз.
Желдету ойықтарын құрғақ қылшақпен жайлап тазалаңыз.
Корпусты тек сәл суланған шүберекпен тазалаңыз. Ешқандай силикон қамтитын күтім құралдарын
пайдаланбаңыз, өйткені олар пластмасса бөлшектерін зақымдауы мүмкін.
Литий-иондық аккумуляторға қызмет көрсету
Аккумуляторды кемінде 6 ай сайын толықтай зарядтаңыз.
Ылғалдың кіруін болдырмаңыз.
Техникалық қызмет көрсету
ЕСКЕРТУ
Ток соғу қаупі! Электрлік құрамдас бөлшектерді қате жөндеу ауыр жарақаттану мен өртке апарып
соғуы мүмкін.
▶ Аспаптың электр бөлігін жөндеуді тек маман-электрикке тапсырыңыз.
Барлық көзге көрінетін бөлшектерде зақымдардың бар-жоғын және басқару элементтерінің ақаусыз
жұмысын жиі тексеріп тұрыңыз.
Өнім зақымдалған және/немесе ақаулы болған жағдайда оны пайдаланушы болмаңыз. Бірден Hilti
қызмет көрсету орталығына жөндетіңіз.
Күтім және техникалық қызмет көрсету жұмыстарынан кейін барлық қорғауыш құрылғыларды
орнатып, жұмысын тексеріңіз.
Аккумуляторда ешқандай күтім көрсету және жөндеу жұмыстарын орындамаңыз.
Қауіпсіз қолдану үшін тек түпнұсқа қосалқы бөлшектер мен жұмсалатын материалдарды қолда-
ныңыз. Hilti мақұлдаған қосалқы бөлшектер, шығын материалдары мен өнімге арналған керек-
жарақтар Hilti Store дүкенінде немесе келесі веб-сайтта қолжетімді: www.hilti.group
7.1
Ауа сүзгісін тазалау
Ауа сүзгісін әр 2 ай сайын тазалап тұру қажет.
1. Ауа сүзгісінің қалпағын ашыңыз.
2. Ауа сүзгісін оның қалпағынан шығарып алыңыз.
3. Ауа сүзгісін құрғақ, жұмсақ шүберекпен тазалаңыз.
4. Ауа сүзгісін қайтадан қалпағының ішіне салыңыз.
5. Ауа сүзгісінің қалпағын жабыңыз.
7.2
Тозатын бөлшектерді тексеру
Дәнекерлеу кезінде пайда болатын бу мен ұшқын болт ұстағышының, қорғаныш сақинаның және жез
сақинаның тозуына әкеледі.
7.2.1
Болт ұстағышын тексеру
1. Болтты болт ұстағышына салыңыз.
Нәтиже 1 / 2
Болт ұстағышқа бекітіліп тұр және болт ұстағышында ластанған жерлер жоқ.
▶ Болт ұстағышын әрі қарай пайдалануға болады.
Нәтиже 2 / 2
Болт ұстағышы шашырандыдан ластанған немесе механикалық түрде зақымдалған.
Болт ұстағышқа берік бекітілмеген және ішінен түсіп қалады.
▶ Болт ұстағышын әрі қарай пайдалануға болмайды.
288
Қазақ
14
15
2302420
*2302420*

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents