Hilti FX 3-A Operating Instructions Manual page 286

Hide thumbs Also See for FX 3-A:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
2
Қауіпсіздік
2.1
Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар
ЕСКЕРТУ Бұл электр құралға арналған барлық қауіпсіздік нұсқауларын, нұсқауларды,
суреттерді және техникалық деректерді оқып шығыңыз. Төменде берілген нұсқауларды орында-
мау электр тогының соғуына, өртке әкелуі мүмкін және/немесе ауыр жарақаттарды тудыруы мүмкін.
Қауіпсіздік техникасы бойынша барлық нұсқауларды және нұсқауларды келесі пайдаланушы
үшін сақтаңыз.
Пайдаланылатын барлық жүйелік құрамдастар бойынша барлық пайдалану бойынша
нұсқаулықтарды және басқа да құжаттарды оқып шығыңыз.
Жұмыс орны
▶ Жұмыс аймағының жақсы желдетілуін қамтамасыз етіңіз.
▶ Жұмыс орнындағы тазалықты және тәртіпті қадағалаңыз. Жұмыс орнындағы ретсіздік және
нашар жарық сәтсіз жағдайларға әкелуі мүмкін.
▶ Жұмыс орнын және айналадағы ауаны шаңнан және тот басқыш газдар сияқты басқа да
заттектерден таза ұстаңыз.
▶ Өнімді тегіс, көлденең бетке қойыңыз немесе арнайы шаралар арқылы өнімнің аударылып кетуіне
жол бермеңіз.
▶ Балаларды және бөгде адамдарды жұмыс істеп тұрған өнімнен алшақ ұстаңыз.
Электр қауіпсіздігі
▶ Ток соғуы өмір үшін қауіпті немесе тіпті қазалы болуы мүмкін. Өнімнің ішіндегі және сыртындағы
кернеу өткізгіш бөлшектермен жанаспаңыз.
▶ Барлық ашалар мен қосылымдардың беріктігін тексеріп шығыңыз және зақымдалған
кабельді пайдалану алдында алмастырыңыз. Барлық кабельдер мен сымдар берік, бүтін және
оқшауланған болуы тиіс.
▶ Тазалау және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын өткізбес бұрын өнім мен зарядтағыш
құрылғының байланысын ажыратып, өнімді өшіріп қойыңыз.
▶ Жерге қосылған беттерге, мысалы, құбырларға, жылыту құралдарына, пештерге (плиталарға) және
тоңазытқыштарға тікелей тиюді болдырмаңыз.
Адамдардың қауіпсіздігі
▶ Ұқыпты болыңыз, әрекеттеріңізге көңіл бөліңіз және электр құралымен жұмыс істеуге дұрыс
қараңыз. Шаршаған кезде немесе есірткі, алкоголь не дәрі қабылдаған соң электр құралын
қолданбаңыз. Электр құралын қолданған кездегі зейінсіздік ауыр жарақаттарға апарып соғуы
мүмкін.
▶ УК сәулелерден, жылудан және ұшқын шашыраудан қорғайтын жеке қорғаныс жабдығын
(бүкіл денені жауып тұратын қорғаныш киім, қорғаныш қолғап, қорғаныш аяқ киім, құлақ
қорғанысы мен бүйірлік қорғанысы бар қорғаныш көзілдіріктен тұрады) киіп жүріңіз.
▶ Өніммен жұмыс істеген кезде, дәнекерлеу доғасының сәулеленуі көз бен теріге зақым келтіруі
мүмкін. Жеке қорғаныс жабдығын пайдаланыңыз. Дәнекерлеу доғасына тікелей қарамаңыз. Ұлттық,
жергілікті және құрылыс орнына тән еңбек қауіпсіздігінің талаптарын орындаңыз.
▶ Дәнекерлеу тогынан ток соғу қаупі туындайды. Дәнекерленетін болт пен жерге тұйықтаушы
түйіспе арасында барынша аз қашықтық сақтаңыз және жерге тұйықтау клеммасының
дайындамамен байланыстың қауіпсіз болғанын тексеріңіз.
▶ Өніммен жұмыс істеген кезде, денсаулық үшін қауіпті дәнекерлеу түтіні және басқа да газдар
пайда болады. Денсаулық үшін қауіпті газдардың пайда болатын көлемін азайту үшін барлық
жұмыс қадамдарының кезінде осы пайдалану бойынша нұсқаулықтағы нұсқауларды ұстаныңыз.
Жұмыс аймағының жақсы желдетілуін қамтамасыз етіңіз. Ұлттық, жергілікті және құрылыс орнына
тән еңбек қауіпсіздігінің талаптарын орындаңыз.
▶ Маймен немесе басқа тұтанғыш материалдармен ластанған беттерде дәнекерлемеңіз. Еріткіш
буы сияқты бу түрлері тұтанғыш болып табылады және күйдіруі мүмкін.
▶ Қолмен басқарылатын құрылғының алдыңғы металл бөлігі пайдалану кезінде қызып кетеді
және күйдіруі мүмкін.
ұстамаңыз.
Өнімді пайдалану және оған қызмет көрсету
▶ Өнімді жаңбырдан немесе ылғал әсерінен қорғаңыз. Еніп кеткен ылғал қысқа тұйықталу, ток
соғу, өртену немесе жарылыс қаупін тудыруы мүмкін.
▶ Ұшқын шашырау өртке және жарылысқа әкелуі мүмкін.
металл бөлшектер шағын жарықшақтар мен саңылаулар арқылы айналадағы аймақтарға түсуі
мүмкін.
Өнімді еш жағдайда тұтанғыш материалдардың жанында пайдаланбаңыз.
276
Қазақ
Қолмен басқарылатын құрылғы толықтай суымағанша, бұл аймақты
Сондай-ақ ұшқын мен ыстық
2302420
*2302420*
Мүмкін

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents