Dremel STYLO+ 2050 Original Instructions Manual page 124

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 7
ПАЙДАЛАНУ
ЖҰМЫСҚА КІРІСУ
Көп функциялы құралды пайдалану бойынша бірінші қадам
- оны "сезу". Қолыңызда ұстап, оның салмағы мен тепе-
теңдігін сезініңіз. Корпус конусын сезініңіз. Бұл конус құралға
қалам немесе қарындаш сияқты ұсталуына мүмкіндік береді.
Әрқашан құралды бетіңізден алшақ ұстаңыз.
Аксессуарларды өңдеген кезде зақымдалуы және
жылдамдыққа жеткендіктен ұшып кетуі мүмкін.
Құралды ұстаған кезде, желдету саңылауларын
қолыңызбен жаппаңыз. Желдету саңылауларын жапқан
кезде мотор қатты қызып кетуі мүмкін.
МАҢЫЗДЫ! Құрал жоғары жылдамдықта қалай жұмыс
істейтінін көру үшін алдымен материал қиындыларында
қолданып көріңіз. Дұрыс Dremel аксессуары және
тіркемесімен бірге жылдамдыққа жұмысты сіз үшін жасауға
мүмкіндік беру арқылы көп функциялы құрал жақсы
жұмыс істейтінін есте сақтаңыз. Құралды пайдаланған
кезде мүмкіндігінше қысым түсірмеуге тырысыңыз. Мұның
орнына айналмалы аксессуарды жұмыс бетіне ақырындап
төмендетіңіз де, бастағыңыз келетін жерге тиюіне мүмкіндік
беріңіз. Жұмыс үстінде қолыңызбен жай ғана қысу арқылы
құралды бағыттауға зейін қойыңыз. Аксессуарға жұмысты
жасауына мүмкіндік беріңіз.
Бүкіл жұмысты бір рет өтіп жасағанға қарағанда құралмен
бірнеше рет өткен дұрыс. Ақырын тигенде жақсы басқара
аласыз және қате жасау мүмкіндігі азаяды.
ҚҰРАЛДЫ ҰСТАУ
Жақын жұмыста жақсы басқару үшін көп функциялы құралды
қарындаш сияқты бас және сұқ саусағыңызбен ұстаңыз.
5-сурет
ЖҰМЫС ЖЫЛДАМДЫҚТАРЫ
ҚҰРАЛДЫ ҚОСУ ЖӘНЕ ӨШІРУ
ҚҰРАЛМЕН БІРГЕ БЕРІЛЕТІН
2610Z09729 (ЕО) ЖӘНЕ 2610Z09734
(ҰЛЫБРИТАНИЯ) ҚУАТ АДАПТЕРІН ҒАНА ПАЙДАЛАНЫҢЫЗ.
Айналмалы құралдың DC жалғағышын қуат адаптерінің
DC штепсельді ұясына кіргізіңіз 1-СУРЕТ. Қуат адаптерін
розеткаға жалғаңыз.
Қосу/өшіру түймесін басу арқылы құрал "ҚОСУЛЫ" күйге
қойылады.
6-A СУРЕТІ
ҚҰРАЛДЫ "ҚОСУЛЫ" КҮЙГЕ ОРНАТУ ҮШІН, көк қосу/өшіру
түймесін басып қалыңыз.
ҚҰРАЛДЫ "ӨШІРУЛІ" КҮЙГЕ ОРНАТУ ҮШІН, қосу/өшіру
түймесін басып қалыңыз.
Жылдамдық циферблатын пайдаланып, құрал жылдамдығын
реттеңіз.
"Жұмыс жылдамдықтары" бөлімін қараңыз.
6-СУРЕТ
A. Қосу/өшіру түймесі
B. Өзгермелі жылдамдық циферблаты
ЖЫЛДАМДЫҚТЫ БАСҚАРУ ТҮЙМЕЛЕРІ
Әр жұмыс үшін дұрыс жылдамдықты таңдау үшін
материалдың үлгі бөлігін пайдаланыңыз.
ӨЗГЕРМЕЛІ ЖЫЛДАМДЫҚ ЦИФЕРБЛАТЫ
Құрал өзгермелі жылдамдық циферблатымен жабдықталған.
Жұмыс кезінде циферблатты алдын ала қосу арқылы
немесе параметрлердің кез келгені арасында жылдамдықты
реттеуге болады.
Өңделіп жатқан материал мен пайдаланылып жатқан
аксессуар түріне байланысты дұрыс жылдамдықты анықтау
үшін 4-беттегі кестелерді қараңыз. Бұл кестелер дұрыс
аксессуар мен оңтайлы жылдамдықты бірден таңдауға
мүмкіндік береді.
Корпустағы циферблат арқылы айналмалы құрал
жылдамдығы реттеледі (6-B СУРЕТІ).
Шамалас айналымдар үшін параметрлер
Жылдамдық
Жылдамдық ауқымы
параметрі
1
5 000 - 7 000 айн/мин
2
8 000 - 10 000 айн/мин
3*
11 000 - 14 000 айн/мин
4
15 000 - 18 000 айн/мин
5
19 000 - 22 000 айн/мин
* 3 — сым қылшақтар үшін максималды жылдамдық
параметрі.
Баяу жылдамдық талаптары
Дегенмен, кейбір материалдарды (мысалы, кейбір
пластиктер, бағалы металдар) салыстырмалы түрде баяу
жылдамдықта өңдеу қажет, себебі жоғары жылдамдықта
аксессуардың үйкелуі жылу өндіріп, материалды зақымдауы
мүмкін.
Баяу жылдамдықта жұмыс істеу (15 000 айн/мин немесе
одан аз) киізбен жылтырату аксессуарларын пайдалану
арқылы орындалатын жылтырату жұмыстары үшін ең тиімді
болып табылады Сонымен қатар, "жұмыртқаны безендіру",
ағашты шебер жону немесе сынғыш үлгі бөліктерімен жұмыс
істеу сияқты мұқияттылықты қажет ететін жобаларда да баяу
жылдамдықтарда жұмыс істеген дұрыс. (Ұстағыштан сымның
шығып кетуін болдырмау үшін барлық қылшақпен тазалау
әрекеттері үшін төмен жылдамдықтар қажет.)
Ағашты жону және пішіндеу үшін жоғары жылдамдықта
жұмыс істеген дұрыс.
Қатты сүректі ағаштармен, металдармен және әйнектермен
жұмыс істегенде, сонымен қатар бұрғылау жұмыстарында
жоғары жылдамдықты пайдалану қажет.
Келесіні есте сақтаңыз: Біздің өнімдер желісіндегі көптеген
қолданбалар мен аксессуарлар толық жылдамдықта жұмыс
істегенде, ең өнімді жұмыс атқарады, дегенмен кейбір
материалдар, қолданбалар мен аксессуарлар үшін баяу
жылдамдықта жұмыс істеу қажет, сондықтан да біздің
өзгермелі жылдамдықты үлгілеріміз қолжетімді.
Сайып келгенде, кез келген материалды өңдеуде дұрыс
жылдамдықты анықтаудың ең тиімді тәсілі — кестеге қараған
соң, бірнеше минут материалдың шағын тілімін өңдеп көру.
Әртүрлі жыламдықпен бір немесе екі рет жүргізіп өткен соң,
не болғанын байқау арқылы баяу не жоғары жылдамдықтың
қайсысы тиімді екенін анықтай аласыз.
Жылдамдыққа қатысты кейбір эмпирикалық заңдылықтар:
Қылшаққа зақым келтірмеу мақсатында қылтанды
қылшақтың кез келген түрімен орындалатын жылтырату,
тегістеу және тазалау жұмыстарын 15 000 айн/мин
шамасынан аспайтын жылдамдықта орындау керек.
Құрал күткендей жұмыс істемегенде, қысымын
көтеру мәселені шешпейді. Басқа аксессуарды
пайдаланғаныңыз жөн болар және бұл мәселені
жылдамдықты реттеу арқылы да шешуге болады.
Құралдың үстінен басу да көмектеспейді.
Жылдамдықты жұмыс істеткізіңіз!
ТЕЖЕУДЕН ҚОРҒАУ
Тежеу орын алған жағдайда моторды қорғау үшін, бұл
құрылғыда кіріктірілген тежеуден қорғау функциясы бар.
Егер құрал ұзақ уақыт бойы тежеліп қалса немесе өңдеу
бөлшегінде, әсіресе жоғары жылдамдықта, кескішті
қисайтсаңыз, құрал автоматты түрде өшеді. Тежелген
жерде құралды материалдан алып, қайта қосыңыз да,
жұмысыңызды жалғастырыңыз.
124
Ж
К
ж
к
З
т
а
Ө
Т
Ә
Е
к
о
Қ
қ

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents