MSA Evotech Use And Maintenance Instructions page 38

Harness
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
P/N 10125380
Белбеулерді кию немесе реттеу үшін 1-ші суретте көрсетілген қадамдарды орындаңыз. Артқы D-пішінді сақинаны екі иық арасында орналастыру қажет. Негізгі
баулардың айналып қалмағанына және денеге тиіп тұрғандығына көз жеткізіңіз. (Қолданар алдында барлық қосылған буындарын тексеріп, олардың жабық және
тосқаулы яғни құлптаулы тұрғанына көз жеткізіңіз.)
Жұмыс кезінде бекіту және/немесе реттеу элементтерін үнемі тексеріп отырыңыз.
MSA сақтандыру белбеулері біріктірілген D-пішінді сақина кеңейткішімен бірге қамтамасыз етілуі мүмкін. Өнімде белгіленген D-пішінді ұзартқыштың ұзындығын а
еркін құлау амалы да, есептелуі керек (6A және 6B суреттерін қараңыз).
Аталмыш нұсқаулықпен танысу және тұтынушыларға осы құралды пайдалануды кәсіби оқытудың жауапкершілігі MSA фирмасының сақтандыру бауларын
пайдаланушыға жүктеледі. (Сақтандыру құралдарын қолданар алдында тиісті дайындықтан өтіп, оның жұмыс істеу принципін толық түсіну қажет.)
Химиялық қауіпті факторлар, күннің ыстығы мен коррозия сақтандыру бауын зақымдауы мүмкін. Мұндай жағдайларда тексерулерді жиі өткізу қажет.
Температура -40°C 0-тан төмен және 50°C-тан жоғары болған жағдайларда сақтандыру байлауын қолдануға тыйым салынады. Электр тогымен зақымдану
қаупі туындаған кезде, қозғалыстағы құрал-жабдықтардың маңында және шатқалдарға жақын жерлерде тиісті қауіпсіздік шараларын сақтаңыздар.
Сақтандыру бауларымен, шаңды ортада қолданылатын қауіпсіз қосу белбеулерімен абайлап жұмыс істеу қажет (12 суретті қараңыз).
Пайдаланушыда құтқару жоспары және оны жүзеге асыру құралдары болуы тиіс. Бұл жоспар күтпеген жағдайларда жедел құтқару үшін қажетті жабдықтарды
және арнайы оқуларды қарастыруы қажет.
Сақтандыру бауларының қолданылуын бақылап отыру үшін оларды жеке-жеке таратуға кеңес беріледі. Бұл нұсқаулықпен техпаспортты сақтандыру
бауымен бірге беріп, сақтау қажет.
Сақтандыру бауына бекітілетін барлық компоненттер сәйкес келуі КЕРЕК. Осы сақтандыру бауын MSA компаниясы өндірген тіркелген компоненттерді,
мысалы, амортизаторы бар орнатылған бау (EN 354, EN 355), жұмыс кезінде белбеуді бекітуді (EN 358) ғана пайдалану ұсыналады. Осы сақтандыру
бауымен бірге қолданылатын компоненттер бойынша нұсқаулық пен қауіпсіздік шараларын сақтау МІНДЕТТІ.
Spreader Bar (28 Cуретті қараңыз) адамды құлаудан кейін құтқару үшін жасалған. Бөлек нұсқауларды қараңыз.
Осы нұсқаулықпен бірге сатылатын қауіпсіздік белдіктерінің бәрі бірдей, ұсынылып отырған барлық функциялармен бірге жеткізілмейді. Пайдаланушы сатып
алған бұйымына қандай функциялар қолданылатынын анықтап алуы және келтірілген нұсқаулардың тиісті түрде орындалуын ұстануы қажет.
Бұйымды орташа пайдалану мерзімі 5 жылды құрайды. Дегенмен қажетті түрде сақтамау, дұрыс пайдаланбау, іске қосылған құлаудан қорғау жүйесі, механикалық
өзгерістер, химиялық заттармен (қышқылдар мен сілтілер) байланысу, жоғары температуралардың әсер етуі сияқты факторлар бұйымның өнімділігі мен пайдалану
мерзіміне әсер етуі мүмкін.
Биіктікте жұмыстар жүргізу үшін денсаулық жағдайы бойынша жарамды болу қажет. Сақтандыру белдігін әдеттегі пайдалану кезінде кейбір медициналық
аурулар, сондай-ақ төтенше жағдайларда (дәрі-дәрмектер қабылдау, жүрек-қантамыр жеткіліксіздігі және т.б. пайдаланушы қауіпсіздігіне зиян тигізуі
мүмкін). Егер күмәндансаңыз қолданар алдында дәрігермен кеңесіңіз. Сақтандыру белдігін жүкті әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қолдануға рұқсат
берілмейді.
Сақтандырғыш байлау шектерінен тыс немесе тағайындалуынан басқа мақсатта қолданылмауы тиіс. Біріктірілген бауды тек қуатты сіңіретін элементпен, яғни, қуат
сіңіргішімен бірге пайдалану керек. Егер жабдықтың қауіпсіз пайдалануында күмән болса, оның қолдануын дереу тоқтату қажет. Толық мөлшерлі сақтандырушы
арқан қорғау жүйелерінде құлаудан сақтану үшін пайдалануға болатын бірден бір жарамды орнықтырғыш айлақұрал болып табылады. Құлауды алдын-алу жүйесін
ішкі жүйенің нұсқауларында сипатталғандай (EN 353-1, EN 353-2, EN 355, EN 360) ТЕК байлаудың «А» немесе «A/2» (27-суретті қараңыз) белгілеуі бар D пішінді
сақинаға артынан немесе алдынан бекіту КЕРЕК. Құлаудан қорғау қолданыстары үшін әрқашан алдыңғы ілмектердің екеуін де пайдаланыңыз. Кеуде мен арқадағы
осы элементтерді құтқару жүйесін қосу үшін де қолдануға болады. Иық таспаларындағы D-пішінді құтқару сақиналары құлаудан қорғауға арналмаған. Оларды
құтқару үшін тек MSA Workman spreader bar бірге пайдалануға болады.
Құлаудан қорғану үшін немесе биіктікке көтерілу кезінде белге оралған D-пішінді шығыршықты ешқашан пайдаланбаңыз. Жамбас деңгейіндегі D-
пішінді шығыршықты ТЕК жұмыс істеу қалпын белгілеу жүйесін (EN 358) қосу үшін ғана қолдану ҚАЖЕТ және құлаудан қорғау жүйесі немесе биіктікке
көтерілгенде ЕШҚАШАН қолданылмайды. Жұмыс қалпын белгілеудің қосымша шаралары ретінде әрдайым белге оралатын D-пішінді шығыршықтың екеуін
де пайдаланыңыз. Оған қоса құлаудан қорғануға арналған жеке сақтандыру жүйесі қолданылуы қажет. Ұстап тұратын арқанды жұмыс қалпын бекіту нүктесі
бел деңгейінде немесе белден жоғары орналасатындай етіп реттеңіз (4 суретті қараңыз). Оның 0,6 м аспайтын шамада қатты тартылуын қамтамасыз етіңіз.
Мүмкіндігінше сақтандыру жүйесін бекіту үшін төмен түскен кезде теңселуді мейлінше азайту мақсатында бекіту нүктесін тікелей пайдаланушының ҮСТІНЕН
таңдаңыз. (30 суретті қараңыз). Беріктігіне күмән келтірген жерлерге ешқашан бекітпеңіз. Осы мақсат үшін (EN 795 сәйкес) қарастырылған құрылымдық
бекіту элементтерін немесе беріктігі 10кН кем емес бекіту нүктелерін қолданған тиімді. Əрбір пайдалану алдында сақтандыру бауын МІНДЕТТІ ТҮРДЕ
қарап шығыңыз және оның дұрыс жұмыс істейтіндігіне көз жеткізіңіз. Сонымен қатар, байлауды қолдану еліндегі заңдарға сәйкес әрбір алты ай сайын тиісті
бақылау органдарының білікті маманы қарап шығуы КЕРЕК. Сақтандыру бауын қатты тозу, жыртылу, жанған жерлерін, шеттерінің мүжілу, қырылу және
басқа да зақымдану жағдайларын тексеріп алыңыз. Тігістерінің созылған, кеңейген немесе жыртылған жерлерін тексеріп шығыңыз. Өнімдегі таңбалау
белгілерінің анық әрі айқын екендігіне көз жеткізіңіз.
Егер тексеру барысында қандай да бір зақымданулар анықталса, сақтандыру бауын пайдаланудан бас тартыңыз.
Құрастырмамен немесе жермен соқтығысуды болдырмас үшін тұтынушының астынан қажетті кеңістік қалдыруды қамтамасыз ету ҚАЖЕТ (кеңістік = D, 5
суретті қараңыз). Ерекше нұсқаулықтар ішкі жүйемен қоса беріледі. Сақтандыру бауын ӨЗГЕРТПЕҢІЗ және өз бетімен ЖӨНДЕУГЕ ТЫРЫСПАҢЫЗ. Жүктеме
көрсеткішіндегі зақымданған немесе созылған тігістер (14 суретті қараңыз) белдіктің сыртқы факторлардың әсеріне ұшырағандығын немесе түрін өзгерткендігін
көрсетеді.
Жүктеме көрсеткішінде зақымданған тігістері бар сақтандыру бауларын қолданбаңыз.
Жүктеме көрсеткіші артқы D-пішінді сақинаға бекіткенде ғана белсенді болады. Жекелеген жағдайларда жүктеме көрсеткіші құлау кезінде істен шығып
қалуы мүмкін. Дегенмен, кез-келген құлаудан кейін сақтандыру белдігі қолданыстан шығарылуы тиіс.
Пайдаланушының қауіпсіздігі үшін төмендегі шарт маңызды болып табылады: егер өнім арналған елдің шектерінен тыс қайта сатылатын болса, сауда делдалы
қосымша өнім пайдаланатын елдің тілінде іске пайдалану, техникалық қызмет көрсету, кезеңдік тексеру және жөндеу жүргізу үшін қажет нұсқаулықтар мен
ақпарат беруге тиіс.
Осы нұсқаулықтарды орындамау ауыр жарақатқа немесе өлімге әкеп соқтыруы мүмкін.
Сақтандыру бауының матасы полиэстерден, нейлоннан немесе басқа көпжіпті синтетикалық талшықтардан жасалған. Бүкіл жүктеме түсетін жабдық
мырышпен қапталған болат қоспасынан немесе алюминий қоспасынан жасалған. Сақтандыру бауын суға ерітілген жуғыш құралдың көмегімен тазалаңыз.
Оны таза дымқыл орамалмен сүртіп, ауада жайып кептіріңіз. Кебуді жылудың әсерімен жылдамдатпаңыз. Кірдің, бояудың немесе басқа да бөтен заттардың
шамадан тыс жиналуы бұйымның дұрыс жұмыс істеуіне кедергі жасауы және матасын бүлдіруі мүмкін. Тоғаны тазалау үшін, тоғаға түскен кез-келген бөгде
материалдарды алып тастау үшін мақта таяқшаларын қолдаңыңыз. Тозаңды ортада тоғаны контейнерге яғни тасымалдауға арналған ыдысына су құйып
салыныз. Контейнерге құйылған су тоғаның ұсақ бөлшектерінің зақымданбауына қолайлы болып табылады. Тоғаның сыртын таза матамен сүртіп, ішін
ауада кептіріңіз. Сақтау және тазалау шарттарына қатысты барлық сұрақтарды MSA компаниясының атына жіберіңіз.
Зақымданған немесе техникалық қызмет көрсетуді қажет ететін сақтандыру жабдықтары «ЖАРАМСЫЗ» деп таңбалануы және пайдаланудан алынып
тасталуы қажет. Ақауларды жоюға қатысты техникалық қызметтер (тазалаудан басқалары) және элементтерін ауыстыру сияқты жөндеу жұмыстары MSA
зауытында жүргізілуі керек. Дала жағдайында өз бетімен жөндеуге тырыспаңыз. Қауіпсіз қосу белбеулерінің тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін,
олардың тоқтатқыш шошағын татты кетіру үшін майлап қоюға болады. Майдың қалдығын таза қағазбен сорғытып алыңыз.
Сақтандыру бауларын тікелей күн сәулесі түспейтін, салқын, құрғақ және таза жерде сақтаңыз. Майлар, химикаттар сақталған жоғары температуралы жайларда
сақтамаңыз, онда олардың булары немесе басқа кері әсерлі факторлар болуы мүмкін. Зақымданған немесе техникалық қызмет көрсетуді қажет ететін жабдықтарды
жарамды жабдықтармен бірге сақтамаңыз. Сақтар алдында қатты былғанған, ылғалданған немесе басқа жолдармен ластанған жабдықтарға, тиісті техникалық
тексерістен өткізу керек (мысалы, кептіру және тазалау). Ұзақ сақталған жабдықты пайдаланар алдында білікті органның өкіліне ресми тексертіп алған жөн.
Сақтандыру бауларын ілгектелген айылбастармен бірге сақтаңыз. Сақтандыру бауларын жыртылудан, ылғалдың, химикаттардың және олардың буларының
әсерінен, экстремалды температурадан және ультракүлгін сәулелерінен сақтау үшін орамда тасымалдау ұажеттілігі қсынылады.
Page 38
ҚАЗАҚША
ПАЙДАЛАНУ НҰСҚАУЛЫҒЫ
САҚТАНДЫРУ
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ МЕН САҚТАУ
ҚАЗАҚША
© 2012 MSA

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents