Polaris PVCR 3000 Cyclonic PRO Operation Manual page 49

Table of Contents

Advertisement

және құрғақ мата сулықпен әбден құрғатып сүртіп алыңыз.
-
Құрылғыға шаңжинағыш контейнерін және сүзгісін орнатпас бұрын, оларды жақсылап
құрғатыңыз.
-
Сүзгіні шаңжинағыш контейнерге орнатыңыз.
-
Шаңжинағыш контейнерін жауып, өз орнына орнатыңыз.
ШАҢСОРҒЫШТЫҢ ОРТАСЫНДАҒЫ ҚЫЛШАҒЫН ТАЗАЛАУ
Электрлі қылшақ оның айналмалы қылшықты білікшенің көмегімен еден мен кілем бетінен шаң
мен тұрмыстық қоқысты жинауға арналған Оның құрылымы ұзын шаш, жүнді, жіп секілді
заттарды жинау үшін өнша үйлеспейді. Егер оның ішінде бітелу анықталса, құралды пайдалануды
тоқтатыңыз және оның қылшықты білікшесін тазалау бойынша барлық шарттарын қолданып,
тазалауды орындаңыз. Әр тазалау үдерісін жүргізгеннен кейін, яғни шаңсорғышты әр
пайдаланғаннан кейін, оның электрлі қылшағын әрдайым тазалап отырыңыз.
Электрлі қылшақтың білікшесі шаңсорғыштың моторымен бірге бір мезетте қосылатын жеке
электр жетегіне ие.
Айналмалы қылшықты білікшесін тазалау үшін, келісідей орындаңыз:
1.
Шаңсорғыштың қуат көзін ажыратыңыз.
2.
Шаңсорғыштың түп жағын жоғары қарай қаратып еденде орналастырып қойыңыз және
оны артқы бөлігімен «өзіңізге қарата» орналастырыңыз.
3.
Қылшықты білікшеге шаш пен жіптің аз мөлшері оралса, білікшені корпустан шешпей-ақ,
оны өткір пышақпен немесе қайшы көмегімен оралған жіп пен шаштан босатуға болады. Ол үшін
өткір пышақты қылшықты білікшеге кесу жүзімен сырт қарата қылшықтардың арасында
орналастырыңыз, білікше бойымен оралған шаш пен жіпті кесіңіз. Қылшықты білікшеге оралған
шаш пен жіпті кескен соң, шаш қиындылары қылшақтың корпусынан сыртқа қарай оңай шығады,
сондай-ақ шаш қиындыларын оңай алып тастау үшін, қылшықты білікшені өз осі бойымен қолмен
айналдыруға болады.
4.
Қылшықты білікшесі қатты бітеліп қалған жағдайда, электрлі қылшақтың білікшесін
бекітуге арналған жақтауын шешіп алыңыз, ол үшін ысырманың бекіткіш ілгектерінің тіліндерін
«өзіңізге қарай» сәл ғана басыңыз, жақтаудың шет жағын көтеріңіз де, содан кейін жақтауды
шығарып алыңыз. Сур. 19
5.
Қылшықты білікшесінің оң жақ бөлігін аздап жоғары қарай көтеріңіз, содан кейін оны оңға
қарай тарта жетегімен іліністен шығарыңыз да, ұяшықтан алыңыз. Қылшықты білікше қылшақтың
корпусынан шығарылған соң, оны қайшымен немесе өткір пышақтың көмегімен оралған шаш пен
жіптерден оңай тазартуға болады. Сур. 20
6.
Қылшықты білікшені өз орнына, қылшақтың корпусына орнатыңыз. Қылшақ корпусына
қылшықты білікшенің орнатылуы кері реттілікпен орындалады. Сур. 21
7.
Қылшақ бөлшектері мен электр жетегі қатты бітелсе, құралды бөлшектеу мен тазарту үшін
авторизацияланған (уәкілетті) сервистік қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
БҮЙІРЛІК ҚЫЛШАҚТАРЫН ТАЗАЛАУ
1.
Робот-шаңсорғыштың қуат көзін ажыратыңыз.
2.
Бүйірлік қылшақтардың
заттардың және / немесе оралған қоқыстардың бар-жоғын тексеріңіз.
3.
Қажет болған жағдайда қылшақтарды шаңсорғыштан ажыратып алыңыз.
4.
Бүйірлік қылшақтарды жылы суға малынған және жақсылап сығылған мата сулықпен сүртіп
шығыңыз. Әр тазалау үдерісін жүргізгеннен кейін, яғни шаңсорғышты әр пайдаланғаннан кейін,
оның бүйірлік қылшақтарын әрдайым тазалап отырыңыз.
5.
Бүйірлік қылшақтар бүлінген жағдайда, оларды дер кезінде жаңа бүйірлі қылшақтарға
алмастырыңыз. Сур. 22
ҚҰРАЛДЫҢ ДАТЧИКТЕРІН ЖӘНЕ ТҮЙІСПЕЛЕРІН ТАЗАЛАУ
- Робот-шаңсорғыштың артқы және алдыңғы дөңгелектерін жиналған қоқыстан тазалаңыз.
- Шаңсорғыштың ауа алмасатын желдеткіш саңылауын шаңнан әрдайым тазалап отырыңыз, оның
ауа алмасатын желдеткіш саңылауын тазалау үшін келісідей орындаңыз: желдеткіш саңылауының
бүлінбегеніне көз жеткізіңіз,
49
қылшақтарда қандайда бөгде

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents