Polaris PVCR 3000 Cyclonic PRO Operation Manual page 48

Table of Contents

Advertisement

қаратып еденде орналастырыңыз.
2.
Крест тәрізді оймакілтекті бұрауыштың (құрылғының жеткізілім жиынтықтылығына
кірмейді) көмегімен батарея бөлігінің қақпағыдағы бұрандалы шегелерін бұрап ашыңыз да,
қақпағын шешіп алыңыз, бұл үшін қақпақты бұрандалы шегелердің орналасқан жағынан оны
іліңістіріп алу қажет. Сур. 14
3.
Ескі АКБ-ны батарея бөлігінен шығарып алыңыз да, оның істікшесін құралдағы зарядтауға
арналған істікшелі ағытпасынан (зарядтау ұяшығынан) ажыратыңыз, ол үшін құлпының
шаппасына басыңыз да, АКБ-ның жалғағыш істікшелі ағытпасын шаңсорғыштың корпусында
орналасқан сәйкесінше электр тізбегін біріктіретін және ажырататын электр жалғағыш істікшелі
ағытпасынан (ұяшығынан) суырып алыңыз. Жаңа АКБ-ны қосу үшін, АКБ-ның жалғағыш істікшелі
ағытпасын шаңсорғыштың корпусында орналасқан сәйкесінше электр тізбегін біріктіретін және
ажырататын электр жалғағыш істікшелі ағытпасына (ұяшығына) шертпек секілді сырт еткен
дыбыс естілмейінше кіргізіп жалғастырыңыз. Егер АКБ-ның жалғағыш істікшелі ағытпасы
шаңсорғыштың корпусындағы электр жалғағыш істікшелі ағытпасынан (ұяшығынан)
кететін болса – оны жалғастыру үшін шамадан тыс күш салмаңыз. АКБ-ның жалғағыш істікшелі
ағытпасы шаңсорғыштың сәйкесінше жалғағыш істікшелі ағытпасына дұрыс жалғанғанына көз
жеткізіңіз. АКБ-ны құрылғыдағы батарея орнатуға арналған бөлігіне абайлап салыңыз, оның
байланыстыру сымдарын қатты басып қысып тастамаңыз.
4.
Батарея бөлігінің қақпағын орнына орнатыңыз, оның бұрандалы шегелерін бұрап,
қақпақты бекітіңіз. Сур. 15
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ОҒАН КҮТІМ КӨРСЕТУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛАР
1.
Құрылғыны тазалау және оған күтім көрсету алдында, құрылғы зарядтау құрылғыдан, ал
зарядтау құрылғы – электр желісінен ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
2.
Электрлік тоқпен зақымданбау үшін бұл құрылғыны, оның зарядтау құрылғысын ешбір
жағдайда суға немесе басқа сұйықтықтарға батырып салуға мүлдем болмайды.
3.
Шаңсорғышты немесе оның бөлшектері мен керек-жарақтарын тазалау үшін бензин, спирт
және химиялық ерітінділерді пайдаланбаңыз.
4.
Шаңсорғыштың металл бөліктерін таза, құрғақ мата сулықпен сүртіп шығыңыз.
5.
Шаңсорғыштың пластик бөліктерін сәл ылғалды, сығылған мата сулықпен сүртіп шығыңыз.
Құрылғының сыртқы корпусында су тамшылары қалмауы тиіс.
6.
Шаңсорғыш құрғақ, салқын жерде сақталуы тиіс.
ШАҢЖИНАҒЫШ КОНТЕЙНЕРІН ТАЗАЛАУ
Шаңсорғышты тазалау және оған күтім көрсету алдында, оның
ажыратылуы керек. Сур. 16
Шаңсорғышты әрбір пайдаланғаннан кейін:
-
Шаңсорғыштың корпусынан шаңжинағыш контейнерін шығарып алу үшін шаңжинағыш
контейнердің тұтқасын көтеріңіз де, оны жоғары қарай тартыңыз.
-
Содан кейін шаңжинағыш контейнердің қақпағын ашыңыз, ол үшін оның қақпағын ашуға
арналған бекіткіш ілмегін ағытып, шаңжинағыш контейнердің қақпағын ашыңыз.
-
Шаңжинағыш контейнерін қоқыс жәшігінің үстінен ұстап тұрып, оны сәл қағып-сілкіп шаң-
тозан мен қоқыстан босатыңыз. Сур. 17
-
HEPA-сүзгісін тазалау немесе алмастыру үшін, оны шаңжинағыш контейнерден алдын ала
шешіп алыңыз. HEPA-сүзгісін сілкіп шаңнан тазартыңыз.
-
HEPA сүзгісін 15-30 күн қолданғаннан кейін, (бұл оның пайдалану қарқындылығына
байланысты) оны таза ағын судың астында жақсылап жуып-шайып шығыңыз, оны тазалау
барысында ешқандай жуғыш не тазартқыш құралдарын пайдаланбаңыз. Сүзгіні шаңжинағыш
контейнерге орнатпас бұрын, оны табиғи түрде құрғатыңыз, яғни бөлме температурада үтік
сияқты қыздырғыш немесе кептіргіш құрылғыларды қолданбай кептіріңіз. Сур. 18
-
Шаңжинағыш контейнерін тазалаңыз, оны тазалау үшін құрылғыны тазалауға арналған
қылшақты пайдаланыңыз (құрылғының жеткізілім жиынтығына кіреді).
контейнері қатты ластанған болса, оны ағын судың астында жақсылап жуып-шайып шығыңыз
48
ажырап
қуат көзі әрдайым
Егер шаңжинағыш

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents