Polaris PVCR 3200 IQ Home Aqua Black Operation Manual page 69

Table of Contents

Advertisement

Құрылғының корпусындағы электрлік қоректендіруді ауыстырып қосатын I/O ажыратып-қосқыш
1.
батырмасын «O» қалпына орнатып, робот-шаңсорғышты сөндіріңіз.
Шаңсорғыштың түп жағын жоғары қарай қаратып еденде орналастырып қойыңыз және оны артқы
2.
бөлігімен «өзіңізге қарата» орналастырыңыз.
Қылшықты білікшеге шаш пен жіптің аз мөлшері оралса, білікшені корпустан шешпей-ақ, оны
3.
өткір пышақпен немесе қайшы көмегімен оралған жіп пен шаштан босатуға болады. Ол үшін өткір
пышақты қылшықты білікшеге кесу жүзімен сырт қарата қылшықтардың арасында орналастырыңыз,
білікше бойымен оралған шаш пен жіпті кесіңіз. Қылшықты білікшеге оралған шаш пен жіпті кескен
соң, шаш қиындылары қылшақтың корпусынан сыртқа қарай оңай шығады, сондай-ақ шаш
қиындыларын оңай алып тастау үшін, қылшықты білікшені өз осі бойымен қолмен айналдыруға болады.
Қылшықты білікшесі қатты бітеліп қалған жағдайда, электрлі қылшақтың білікшесін бекітуге
4.
арналған жақтауын шешіп алыңыз, ол үшін ысырманың бекіткіш ілгектерінің тіліндерін «өзіңізге қарай»
сәл ғана басыңыз, жақтаудың шет жағын көтеріңіз де, содан кейін жақтауды шығарып алыңыз.
Қылшықты білікшесінің оң жақ бөлігін аздап жоғары қарай көтеріңіз, содан кейін оны оңға қарай
5.
тарта жетегімен іліністен шығарыңыз да, ұяшықтан алыңыз. Қылшықты білікше қылшақтың
корпусынан шығарылған соң, оны қайшымен немесе өткір пышақтың көмегімен оралған шаш пен
жіптерден оңай тазартуға болады.
Қылшықты білікшені өз орнына, қылшақтың корпусына орнатыңыз. Қылшақ корпусына
6.
қылшықты білікшенің орнатылуы кері реттілікпен орындалады.
Қылшақ бөлшектері мен электр жетегі қатты бітелсе, құралды бөлшектеу мен тазарту үшін
7.
авторизацияланған (уәкілетті) сервистік қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Сур. 22
БҮЙІРЛІК ҚЫЛШАҚТАРЫН ТАЗАЛАУ
Робот-шаңсорғыштың қуат көзін ажыратыңыз.
1.
Бүйірлік қылшақтардың бүлінбегеніне көз жеткізіңіз, қылшақтарда қандайда бөгде заттардың
2.
және / немесе оралған қоқыстардың бар-жоғын тексеріңіз.
Қажет болған жағдайда қылшақтарды шаңсорғыштан ажыратып алыңыз. Сур. 23
3.
Шаңсорғыштың бүйірлік қылшақтарын жылы суға малынған және жақсылап сығылған мата
4.
сулықпен сүртіп шығыңыз. Әр тазалау үдерісін жүргізгеннен кейін, яғни шаңсорғышты әр
пайдаланғаннан кейін, оның бүйірлік қылшақтарын әрдайым тазалап отырыңыз.
Бүйірлік қылшақтар бүлінген жағдайда, оларды дер кезінде жаңа бүйірлі қылшақтарға
5.
алмастырыңыз. Сур . 23
ШАҢСОРҒЫШТЫҢ ДАТЧИКТЕРІН ЖӘНЕ ТҮЙІСПЕЛЕРІН ТАЗАЛАУ
- Робот-шаңсорғыштың алдыңғы дөңгелегін жиналған не оған оралған қоқыстан тазалаңыз.
- Робот-шаңсорғыштың құлап қалуына қарсы сенсорларын (датчиктерін) шаңнан, ешбір механикалық
әсер етусіз, жұмсақ мата сулықпен абайлап сүртіп тазалаңыз. Сур. 24
- Шаңсорғыштың табанындағы және зарядтау базасының табанында орналасқан түйіспелік алаңшаларын
құрғақ жұмсақ шүберекпен тазалап шығыңыз. Сур. 25
- Робот-шаңсорғышты пайдалану барысында, ол ұзақ уақыт бойы қолданылмаса (күту режимде
қозғалыссыз күйінде ұзақ уақыт тұрған кезде, оның батареясын ажыратыңыз.
Шаңсорғыштың сыртқы түйіндерін, тораптарын тазалауға байланысты жұмыстар (кепілдікке
жатпайды) кепілдікті сервистік қызмет көрсету жөніндегі кепілдік міндеттемелерге кірмейді.
АҚАУЛАРДЫ ІЗДЕСТІРУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖОЮ ТӘСІЛДЕРІ
Бұл кестеде құралды пайдалану барысында туындауы мүмкін кең таралған мәселелер көрсетілген және
олардың сипаттамасы келтірілген. Ақаудың себебіне байланысты Сіз 1-ден 4-ке дейінгі дыбыстық
сигналдарды естей аласыз.
69

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents