Polaris PVCR 3200 IQ Home Aqua Black Operation Manual page 68

Table of Contents

Advertisement

Шаңсорғыштың контейнерін сумен толтыру.
Шаңсорғыштың контейнерін сумен толтыру үшін, оның су қуюға арналған саңылауының қақпағын
ашыңыз. Контейнерді ең жоғары макс белгісі бар меже сызығына дейін таза сумен толтырыңыз, оның
су қуюға арналған саңылауына қақпағын орнатып, оны тығыздып жабыңыз.
ШАҢЖИНАҒЫШ КОНТЕЙНЕРІН ТАЗАЛАУ
Сур. 18
Шаңсорғышты әр пайдаланғаннан кейін:
- Шаңсорғыштың корпусынан шаңжинағыш контейнерін шығарып алу үшін шаңжинағыш контейнердің
бекіткіш тетігін басып, оны төмен қарай тартыңыз,
- содан кейін, шаңжинағыш контейнерін өзіңізге қарай тартып, шығарып алыңыз.
- Оның арналарында тұрып қалған бөтен заттардың бар-жоғын тексеріңіз, арналарда бөтен заттар бар
болса оларды алып тастаңыз.
- Шаңжинағыш контейнердің қақпағын ашуға арналған бекіткіш ілмегін ағытып алыңыз да, шаңжинағыш
контейнердің қақпағын ашыңыз.
- Шаңжинағыш контейнерін қоқыс жәшігінің үстінен ұстап тұрып, оны сәл қағып-сілкіп шаң-тозан мен
қоқыстан босатыңыз.
- HEPA-сүзгісін тазалау немесе алмастыру үшін, шаңжинағыш контейнердің қақпағында бекіткіш ілмегін
ағытып алыңыз да, сүзгіні шығарып алыңыз. HEPA-сүзгісін сілкіп шаңнан тазартыңыз немесе оны
тазарту үшін арнайы арналған қылшақты қолданыңыз. Қажет болса HEPA сүзгі мен поролонды сүзгісін
және оның жарғақшасын (мембранасын) бөлме температурасындағы таза судың жұқа ағын астында
жақсылап жуып-шайып шығыңыз, оларды жуу барысында жуғыш не тазартқыш заттарды
пайдаланбаңыз. Сур. 19
- Шаңжинағыш контейнерін тазалаңыз және оны таза сумен жақсылап жуып-шайып шығыңыз. Сур. 20
- Құрылғыға шаңжинағыш контейнерін және оның сүзгілерін орнатпас бұрын, оларды табиғи түрде
құрғатыңыз, яғни бөлме температурада үтік сияқты қыздырғыш немесе кептіргіш құрылғыларды
қолданбай кептіріңіз.
- Сүзгі элементтерін шаңжинағыш контейнерге орнатыңыз,
- Шаңжинағыш контейнерін жауып, өз орнына орнатыңыз.
ЫЛҒАЛДЫ ТАЗАЛАУДЫ ЖҮРГІЗУ ҮШІН ҚОЛДАНЫЛАТЫН КОНТЕЙНЕРІН ТАЗАРТУ .
Робот-шаңсорғыш ылғалды тазалауды орындап болған соң, оны сөндіріңіз. Содан кейін шаңсорғыштан
контейнерін шығарып алыңыз, содан соң контейнердің түбіндегі шүберекті оның ұстағыштарыңан
шешіп алыңыз.
Шүберекті сабын суда немесе басқа жуғыш құрылғыларды пайдаланып жуып алыңыз, содан кейін оны
таза ағын судын астында шайып шығыңыз және табиғи түрде құрғатыңыз, яғни бөлме температурада
үтік сияқты қыздырғыш немесе кептіргіш құрылғыларды қолданбай кептіріңіз. Сур. 21
Контейнердегі қалған суды төгіп тастаңыз, контейнерді құрғақ күйінде сақтаңыз.
ШАҢСОРҒЫШТЫҢ ОРТАДАҒЫ ҚЫЛШАҒЫН ТАЗАЛАУ
Электрлі қылшақ оның айналмалы қылшықты білікшенің көмегімен еден мен кілем бетінен шаң мен
тұрмыстық қоқысты жинауға арналған Оның құрылымы ұзын шаш, жүнді, жіп секілді заттарды жинау
үшін өнша үйлеспейді. Егер оның ішінде бітелу анықталса, шаңсорғышты пайдалануды тоқтатыңыз
және оның айналмалы қылшықты білікшесін тазалау бойынша барлық шарттарын қолданып, тазалауды
орындаңыз.
Әр тазалау үдерісін жүргізгеннен кейін, яғни шаңсорғышты әр пайдаланғаннан кейін, оның
электрлі қылшағын әрдайым тазалап отырыңыз.
Электрлі қылшақтың білікшесі шаңсорғыштың моторымен бірге бір мезетте қосылатын жеке электр
жетегіне ие.
Айналмалы қылшықты білікшесін тазалау үшін, келісідей орындаңыз:
68

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents