Download Print this page

Sony LMD-3251MT Manual page 210

Hide thumbs Also See for LMD-3251MT:

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 14
Бірнеше құрылғыларды
пайдалануға арналған кеңес
Мониторды қауіпсіздікті бақылау үшін маман жəне
жеке мүліктер немесе тұрақты суреттер немесе
шұғыл жағдайда пайдаланса, бірнеше құрылғыны
немесе қосымша құрылығыны пайдалануға кеңес
береміз.
Қайта орауға қатысты
Картон немесе орайтын материалдарды тастамаңыз.
Олар құрылғыны тасымалдауға ыңғайлы болады.
Құрылғы туралы сұрақтарыңыз болса, өкілетті Sony
дилеріне хабарласыңыз.
Желдеткіш қатесіне қатысты
Құрылғыны суытатын желдеткіш ендірілген.
Желдеткіш тоқтаған кезде алдыңғы панельдегі
RETURN (Қайтару) түймесі желдеткіш қатесін
көрсетіп жыпылықтайды, қуаттан ажыратып,
өкілетті Sony дидеріне хабарласыңыз.
Ылғал конденсацияға қатысты
Егер құрылғы салқын орыннан жылы орынға
ауыстырылса немесе орта температурасы кенет
көтерілсе, құрылғының сыртқы қабатында жəне/
немесе ішінде ылғал пайда болуы мүмкін. Бұл
конденсация ретінде белгілі. Конденсация пайда
болса, құрылғыны өшіріп, конденсация
тазаланғанша оны іске қоспаңыз. Конденсация
кезінде құрылғыны пайдалансаңыз, оның
зақымдалуы мүмкін.
Құрылғыны қауіпсіз пайдалануға
қатысты ескертулер
• Кейбір адамдарда бейне суреттер көрген кезде
ыңғайсыз жағдай (көздің шаршауы, қалжырау
немесе лоқсу) болуы мүмкін. Sony корпорациясы
бейне суреттер көрген кезде барлық көрушілерге
үзіліс жасап тұруға кеңес береді. Қажетті
үзілістердің ұзақтығы мен жиілігі адамдарға
байланысты əр түрлі болады. Қайсысы ыңғайлы
екенін өзіңіз шешуіңіз керек. Егер қандай да бір
ыңғайсыз жағдай сезінсеңіз, ол аяқталғанша бейне
суреттерді көруді тоқтатыңыз, қажет десеңіз,
дəрігерге қаралыңыз.
10
KZ
Ескерту
• Бейнелерді бас айналатын жерлерде, серуендеген
немесе жаттығу жасаған кезде көрмеңіз, себебі,
өзіңізді ыңғайсыз сезіну мүмкіндігі жоғары.
Құрылғыны басқа медициналық
құрылғылармен қосуға қатысты
ескертулер
• Құрылғыны тастамас бұрын жəне/немесе басқа
медициналық құрылғыға жалғамас бұрын мына
ескертулерді есте сақтаңыз жəне оларды
орындаңыз:
(a) Құрылғыны медициналық тəжірибеге
пайдаланбас бұрын ойыңыздағы əрекетті немесе
медициналық тəжірибені орындау кезінде
зақымдауы немесе қиындатуы мүмкін ыңғайсыз
жағдайлар орын алмайтындығын тексеріп
растаңыз.
(ə) Егер мұндай жағдайлар болса, құрылғыны
пайдаланудан бас тартыңыз.
(б) Жалпы ыңғайсыз жағдай (көздің шаршауы,
қалжырау, лоқсу немесе бас айналу) бейне
суреттердің тез жылжуынан немесе шайқалуынан,
бейне суреттердің орталық орналасуынан,
нысандар мен суретке түсіру модульдер
арасындағы аралықтардан, пайдаланушылардың
бейне суреттерге көз алмастан қарауынан,
құрылғыға салынған бейне суреттерден жəне жеке
пайдаланушылардың денсаулығына байланысты
туындауы мүмкін.
Электрхирургиялық пышақпен,
т.б. бір уақытта пайдаланған
кезде
Құрылғыны электрхирургиялық пышақпен, т.б.
бірге пайдаланса, құрылғыдағы қатты радио
толқындар немесе кернеулер нəтижесінде суреттің
бұзылуы, бұрмалануы не болмаса дұрыс
көрсетілмеуі мүмкін. Бұл ақау емес.
Құрылғыны қатты радио толқындар мен кернеу
шығаратын құрылғымен бірге пайдалансаңыз,
мұндай құрылғыларды пайданбас бұрын əсерін
тексеріңіз жəне радио толқын кедергісін
азайтатындай етіп орнатыңыз.

Advertisement

loading