Download Print this page

Sony LMD-3251MT Manual page 203

Hide thumbs Also See for LMD-3251MT:

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 14
Өнімдердегі таңбалар
Пайдалану нұсқаулықтарын
қараңыз
Осы белгі бар құрылғының бөлігіне
арналған Пайдалану
нұсқаулықтарындағы бағыттарға
сүйеніңіз.
Бұл таңба құрылғы артында орналасқан.
Коннектор қақпағын тіркеу əдісі туралы
мəліметтерді нұсқаулықтан көріңіз.
Бұл белгі өндірушіні көрсетеді жəне
өндірушінің аты мен мекенжайының
жанында көрсетіледі.
Бұл белгі Еуроп Қауымдастығының
өкілін көрсетеді жəне Еуроп
Қауымдастығы өкілінің аты мен
мекенжайының қасында көрсетіледі.
Бұл белгі өндіру мерзімін көрсетеді
жəне ол өнімге жəне/немесе орамға
басып шығарылады. YYYY – жылды
жəне MM – айды көрсетеді.
Бұл таңба сериялық нөмірді көрсетеді.
Бұл таңба ілеспелі құжат нұсқасын
көрсетеді.
Бұл таңба жүйенің əр түрлі бөлшектерін
бір потенциалға келтіретін электр
потенциалы тең терминалды білдіреді.
Сақтау жəне тасымалдау
температурасы
Бұл таңба сақтау жəне тасымалдау
орталары үшін қабылданатын
температура ауқымын көрсетеді.
Сақтау жəне тасымалдау
ылғалдылығы
Бұл таңба сақтау жəне тасымалдау
орталары үшін қабылданатын
ылғалдылық ауқымын көрсетеді.
Сақтау жəне тасымалдау қысымы
Бұл таңба сақтау жəне тасымалдау
орталары үшін қабылданатын
атмосфералық қысым ауқымын
көрсетеді.
Абайлаңыз
Құрылғыны немесе қосымша жабдықтарды
тастаған кезде, тиісті аймақтағы немесе елдегі
заңдарды жəне қатысты қоршаған ортаны ластау
жөніндегі тиісті ауруханадағы ережелерді орындау
керек.
Қуат көзіне қосуға қатысты ЕСКЕРТУ
Жергілікті қуат көзіне сəйкес келетін қуат кабелін
пайдаланыңыз.
1. Егер қолданылатын болса, əрбір елдің қауіпсіздік
техникасы ережелеріне сəйкес келетін рұқсат
етілген қуат кабелін (3 тарамды кабельді) /
құрылғы қосқышын / жерге қосу контактілері бар
штепсельді пайдаланыңыз.
2. Көрсетілген мəндерге (вольт, ампер) сəйкес
келетін қуат кабелін (3 тарамды кабельді) /
құрылғы қосқышын / штепсельді пайдаланыңыз.
Егер жоғарыда айтылған қуат кабелін / құрылғы
қосқышын / штепсельді пайдалану туралы
сұрақтарыңыз болса, қызмет көрсететін білікті
мамандарға хабарласыңыз.
Емдеу мекемелерінде пайдалануға арналған
маңызды сақтық шаралары/ескертулер
1. Бұл құрылғыға қосылатын барлық жабдықтар
жабдықтарға қолданылатын IEC 60601-1, IEC
60950-1, IEC 60065 немесе басқа IEC/ISO
стандарттарына сəйкес сертификатталуы тиіс.
2. Сонымен қатар барлық конфигурациялар IEC
60601-1 жүйе стандартына сəйкес болуы тиіс.
Сигнал кірісі бөлігіне немесе сигнал шығысы
бөлігіне қосымша жабдықты қосатын кісі
медициналық жүйені конфигурациялайды,
сондықтан ол жүйенің IEC 60601-1 жүйе
стандартының талаптарына сəйкестігіне жауап
береді.
Егер сенімді болмасаңыз, білікті мамандарға
хабарласыңыз.
3. Басқа жабдыққа қосылған кезде жылыстау тогы
артуы мүмкін.
4. Нақты осы жабдық үшін, жоғарыда айтылғанға
сəйкес қосылған барлық қосымша жабдықтар
электр желісіне IEC 60601-1 құрылым
талаптарына сəйкес келетін жəне кемінде негізгі
изоляцияны қамтамасыз ететін қосымша
изоляциялық трансформатор арқылы қосылуы
тиіс.
5. Бұл жабдық радио жиілігіндегі энергияны
өндіреді, пайдаланады жəне шығара алады. Егер
нұсқаулыққа сəйкес орнатылмаса жəне
пайдаланылмаса, ол басқа жабдыққа кедергі
жасауы мүмкін. Егер бұл құрылғы кедергі жасаса
(оны қуат кабелін құрылғыдан ажырату арқылы
анықтауға болады), келесі шараларды
қолданыңыз: сезгіш жабдыққа байланысты
құрылғының орнын өзгертіңіз. Осы құрылғы мен
сезгіш жабдықты басқа параллель тізбекке
қосыңыз.
Дилерге хабарласыңыз. (IEC 60601-1-2 жəне
CISPR11 стандарттарына сəйкес, класс B, топ 1)
KZ
3
KZ

Advertisement

loading