Download Print this page

Sony LMD-3251MT Manual page 202

Hide thumbs Also See for LMD-3251MT:

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 14
Қазақ тілі
Құрылғыны пайдаланудың алдында мына
нұсқаулықты оқыңыз жəне оны болашақта
пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
Жұмысы туралы мəліметтерді жинақта
берілген CD-ROM дискісіндегі Пайдалану
нұсқаулығынан қараңыз.
CD-ROM нұсқаулығын пайдалану
Нұсқаулықты Adobe Reader орнатылған
компьютерде оқуға болады.
Adobe Reader бағдарламасын Adobe веб-
сайтынан тегін жүктеп алуға болады.
1 CD-ROM дискісіндегі index.html файлын
ашыңыз.
2 Оқығыңыз келген нұсқаулықты таңдаңыз.
Ескертпе
Егер CD-ROM дискісін жоғалтсаңыз немесе
зақымдасаңыз, жаңасын Sony делдалынан
немесе Sony қызмет көрсету орталығынан сатып
алуға болады.
ЕСКЕРТУ
Өрт шығу немесе ток соғу қаупін азайту үшін
бұл құрылғыны жаңбырдың астында
немесе ылғалды жерде қалдырмаңыз.
Ток соғуды болдырмау үшін құрылғының
корпусын ашпаңыз. Жөндеу жұмыстарын
білікті мамандар ғана орындауы тиіс.
Бұл жабдықты өзгертуге рұқсат берілмейді.
ЕСКЕРТУ
Ток соғу қаупін болдырмау үшін осы жабдық
тек жерге тұйықталған қуат көзіне қосылуы
қажет.
ЕСКЕРТУ
Құрылғының қуат қосқышы жоқ.
Қуат көзін ажырату үшін штепсельді ажыратыңыз.
Құрылғыны орнатқан кезде, бекітілген электр
схемасына оңай қол жеткізуге болатын
ажыратқышты қосыңыз немесе штепсельді
құрылғының жанындағы оңай қол жеткізуге
болатын желілік розеткаға қосыңыз.
Медициналық электр жабдығын штепсельді
ажырату қиын жерге қоймаңыз.
Құрылғыны пайдалану кезінде ақау пайда болса,
қуат көзін ажырату үшін ажыратқышты
пайдаланыңыз немесе штепсельді ажыратыңыз.
2
KZ
АБАЙЛАҢЫЗ
Бұл сұйық кристалдық мониторды тек көрсетілген
монитор тіреуішімен бірге пайдалану керек.
Жарамды тіреуіштер туралы ақпарат алу үшін
«Техникалық сипаттамалары» бөлімін қараңыз.
Сұйық кристалдық мониторды кез келген басқа
тіреуішке орнату тұрақсыздыққа жəне жарақат алуға
алып келуі мүмкін.
ЕСКЕРТУ
Құрылғыны сұйықтық тамшылайтын немесе
шашырайтын жерге қоймаңыз. Сауыт сияқты ішіне
сұйықтық құйылған ыдыстарды құрылғының үстіне
қоюға болмайды.
Құрылғыны кітап шкафы немесе қабырға шкафы
сияқты жабық жерге орнатпаңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Қабырғадағы розеткаға қосулы тұрғанда,
құрылғының өзі өшірілсе де, құрылғы айнымалы
ток қуат көзінен ажыратылмайды.
ЕСКЕРТУ
Құрылғы орнатылатын беттің өлшемдері
құрылғының ені мен ұзындығынан кем болмауы
тиіс.
Əйтпесе құрылғы құлап кетіп, жарақат алуға себеп
болуы мүмкін.
Кронштейнге, қабырғаға немесе төбеге орнату үшін
білікті Sony мамандарымен кеңесіңіз.
Пайдалану/Мақсатты пайдалану
көрсеткіштері
Sony LMD-3251MT сұйық кристалдық мониторы
хирургиялық эндоскопиялық/лапароскопиялық
камера жүйелерінен жəне басқа үйлесімді
медициналық кескіндерді өңдеу жүйелерінен
кескіндердің түрлі түсті 3D жəне 2D бейнелерін
көрсетуге арналған. LMD-3251MT – кең экранды,
анықтығы жоғары, медициналық мақсатқа арналған
монитор, ол инвазивтілік деңгейі минималды
хирургиялық операциялар кезінде нақты уақытта
пайдалануға арналған жəне оны аурухананың
операция бөлмелерінде, хирургиялық орталықтарда,
клиникаларда, дəрігерлердің кабинеттерінде жəне
соған ұқсас емдеу мекемелерінде пайдалануға
болады.

Advertisement

loading