Download Print this page

Sony LMD-3251MT Manual page 209

Hide thumbs Also See for LMD-3251MT:

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 14
Қызып кету қаупін алдын алу
• Көрсетіліп тұрған таңбаларды өшіріңіз
Таңбаларды өшіру үшін MENU (Мəзір) түймесін
басыңыз. Жалғанатын құрылғыны көрсететін
таңбаны өшіріп, жалғанатын құрылғыны
сəйкесінше жалғаңыз. Толық мəлімет алу үшін
жалғанатын құрылғының пайдалану нұсқаулығын
қараңыз.
• Пайдаланбаған кезде қуат көзін ажыратып
қойыңыз Монитор ұзақ уақыт пайдаланылмаған
кезде қуат көзін ажыратып қойыңыз.
Ұзақ уақыт пайдалануға қатысты
Сұйық кристалды дисплей панелінің сипаттамасына
байланысты, ұзақ уақыт бойы тұрақты суреттерді
көрсету немесе құрылғыны жоғары температурада/
жоғары ылғалды ортада үздіксіз пайдалану суреттің
бүлінуіне, қызып кетуге, жарықтық өзгеріп тұратын
жерлер мен сызықтардың пайда болуына немесе
жарықтықтың мүлдем жоғалуына əкеледі.
Əсіресе, əр түрлі қатынастағы сурет сияқты монитор
экранынан кішкентай суреттің үздіксіз көрсетілуі.
Қозғалмайтын суреттердің ұзақ уақыт көрсетілуінің
немесе құрылғыны жоғары температурада/ауасы
тар бөлме сияқты ылғалдығы жоғары ортада немесе
ауа кондиционерінің қасында пайдаланудың алдын
алыңыз.
Жоғарыдағы мəселелердің алдын алу үшін
жарықтықты кішкене азайтып, құрылғы
пайдаланылмаған кезде қуаттан ажыратып қоюды
ұсынамыз.
3D көзілдірігін пайдалану
• 3D көзілдірігінің əйнегін ұстамаңыз.
• 3D көзілдірігін қыздырғыш құрылғының жаны
немесе көліктің іші сияқты темпаратурасы жоғары
жерлерде қалдырмаңыз.
• 3D көзілдірігінің қалпы бұзылып кетпеу үшін оған
артық салмақ салмаңыз.
• 3D көзілдірігін ұстаған немесе тасымалдаған
кезде қатты нəрселердің тиіп кетуінің алдын
алыңыз.
• 3D көзілдірігін ескірген, сынған немесе
зақымдалған кезде кимеңіз. Əйнектегі кішкене
сызаттар көру кезінде кедергі келтіреді. Экранға
қарамай басқа жаққа қарау 3D əсерін азайтады
немесе суреттің түстерін өзгертеді.
Тазалауға қатысты
Тазалаудан бұрын
Айнымалы ток адаптерінің сымын розеткадан
ажыратыңыз.
Монитор мен 3D көзілдірігін тазалауға
қатысты
Сұйық кристалды дисплей мониторын
медициналық мақсатта пайдаланған жағдайда
алдыңғы қорғау тақтасына инфекцияға қарсы
материал пайдаланылады. Қорғау тақтасының беті
3D көзілдірігі сияқты жарықтың шағылысуын
азайту үшін арнайы түрде өңделген. Қорғау бетіне/
монитордың бетіне бензин, еріткіш, қышқыл, сілті,
қырғыш құрал немесе химиялық тазарту
шүберектері сияқты құралдар пайдаланылса,
монитордың жұмысы бұзылады немесе беттің
жылтыры зақымдалады. Мыналарға қатысты абай
болыңыз:
• Қорғау тақтасының бетін/монитордың бетін/3D
көзілдірігін 50 - 70 к/к% изопропил спиртінің
концентратымен немесе 76,9 - 81,4 к/к% этанол
концентратымен сүртіп тазалаңыз. Қорғау
тақтасының бетін ақырын сүртіңіз (1 Н күштен аз
күш жұмсап сүртіңіз).
• Тұрып қалған дақтар жұмсақ еріткішпен
ылғалдандырыла отырып, тазартқыш шүберекпен
ысқылап, содан кейін үстінен пайдаланылатын
химиялық еріткішті пайдалану арқылы кетіріледі.
Тазалау немесе дизинфекция үшін бензин,
еріткіш, қышқыл, сілті, қырғыш құрал немесе
химиялық тазарту шүберектері сияқты
құралдарды ешқашан пайдаланбаңыз, себебі олар
қорғау тақтасының/монитордың бетін
зақымдайды.
• Қорғау тақтасының/монитордың бетін бүлінген
шүберекпен сүрткен кезде артық күш
пайдаланбаңыз. Қорғау тақтасының/монитордың
беті сызылуы мүмкін.
• Қорғау тақтасының/монитордың бетін/3D
көзілдірігін резіңке немесе винил резіңкеге ұзақ
уақыт бойы тигізіп ұстамаңыз. Беттің жылтыры
нашарлауы немесе қабаты түсіп қалуы мүмкін.
Құрылғыны тастау
• Құрылғыны басқа қалдықтармен бірге
тастамаңыз.
Мониторды тұрмыстық қалдықтарға қоспаңыз.
9
KZ
Ескерту

Advertisement

loading