Polaris PVCS 1101 HandStickPro Manual page 19

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 24
Адаптердің істікшесін батареяның корпусында орналасқан істікшелі ағытпасына (ұяшығына) кіргізіп жалғастырыңыз.
1.
Адаптердің ашасын электр желісіне жалғастырып қосыңыз. АКБ зарядының қуаттандыру индикаторының шамы қызыл түспен жанады. Батареядағы
2.
қуаттандыру индикаторының сигналдық жарқырауы, бұл қуаттандыру үдерісінің басталғанын білдіреді. Аккумуляторлық батарея толғымен қуатталған
кезде АКБ зарядың қуаттандыру индикаторының шамы жасыл түспен жанып тұрады.
Аккумуляторлық батареяны шаңсорғыштан ажыратып бөлек қуаттандыруға болады.
3.
Назар аударыңыз! Адаптер қуатталу үдерісі кезінде сәл қызуы мүмкін - бұл қалыпты жағдай.
Адаптердің қуаттандыруы қосылған кезде құрылғы іске қосылмайды.
АКБ-НЫ АУЫСТЫРУ
Шаңсорғыштың бұл моделінде алынбалы аккумуляторлық батарея қолданылады.
Батареяны алу қажет болса, электр желісінен ажыратылған құрылғыда батареяны ажырату батырмасын басыңыз да, оны бағыттауыштары бойымен төмен
қарай итеріп, ұяшықтан шығарып алыңыз.
Назар аударыңыз: Құрылғының жұмыс үдерісі кезінде, сондай-ақ аккумуляторды қуаттандыру барысында, батареяны ажыратып алуға/орнатуға
қатан тыйым салынады!
Уақыт өте келе аккумуляторлық батареяның сыйымдылығы азаяды және құрылғының үздіксіз жұмыс жасау ұзақтығы (уақытысы) қысқарады – бұл қалыпты
нәрсе.
Техникалық диагностика, яғни ақауларды іздестіру немесе батареяны ауыстыру қажет болса авторизацияланған (уәкілетті)
көрсету орталықтарына хабарласыңыз (сервистік) қызмет көрсету орталықтарының тізімі құрылғының жеткізілім жиынтығына кіреді, сондай-ақ www.polar.ru
сайтында қолжетімді).
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ОҒАН КҮТІМ КӨРСЕТУ
1. Шаңсорғышты сөндіріп, оның электр желілік баусымның айырын электрлік желісінен ажыратыңыз, содан кейін адаптердің істікшесін (егер ол жалғанып
қосылған болса) құрылғыдан ажыратып алыңыз.
2. Құрылғыны және оның зарядтау құрылғысын суға немесе басқа сұйықтықтарға батырып салуға мүлдем болмайды.
3. Шаңсорғышты немесе оның бөлшектері мен керек-жарақтарын тазалау үшін абразивті заттары бар жуғыш не тазартқыш құралдарын және органикалық
ерітінділерді пайдалануға тыйым салынады.
4. Шаңсорғыштың металл бөліктерін таза, құрғақ мата сулықпен сүртіп тазалаңыз.
5. Шаңсорғыштың пластик бөліктерін суланған, сәл дымқыл, жақсылап сығылған мата сулықпен сүртіңіз. Құрылғының сыртқы корпусында су тамшылары
қалмауы тиіс.
6. Шаңсорғыш құрғақ, салқын жерде сақталуы тиіс.
Шаңжинағыш контейнерін тазалау
Шаңжинағыш контейнері мен сүзгілерді тазалау жұмыстары құрылғыны әрбір пайдаланғаннан кейін жүргізілуі керек.
Егер шаңжинағыш контейнері мен сүзгілер шаң мен қоқыспен бітелген болса шаңсорғышты пайдаланбаңыз, бұл шаңсорғыштың істен шығуына әкелуі мүмкін
немесе шаңсорғыш зақымдалуы мүмкін.
1. Шаңсорғышты сөндіріп, оның электр желілік баусымның айырын электрлік желісінен ажыратыңыз. Адаптердің ашасы электр желісінен және оның
істікшесі құрылғының істікшелі ағытпасынан (ұяшығынан) ажыратылуы қажет.
2. Шаңсорғыштың электрлі қылшағын бекітуге арналған батырмасын басыңыз. Электрлі қылшақты түтіктен ажыратып алыңыз. Шаңсорғыштың керек-
жарақтарын бекітуге арналған батырмасын басыңыз. Түтікті шаң сорғы келте құбырынан ажыратып алыңыз.
Сур. 8
Шаңсорғышты тұтқасынан ұстай, шаңжинағыштың төменгі қақпағын төмен қарата қоқыс жәшігінің үстінен ұстап тұрып, шаңжинағыш
3.
контейнерінің төменгі қақпағын ашуға арналған бекіткіш ілмегін ағытып қақпағын ашыңыз да, оны сәл қағып-сілкіп шаң-тозан мен қоқыстан
босатыңыз. Шаңжинағыш контейнердің қақпағын жабыңыз. Сур. 9
Шаңсорғышты тұтқасынан ұстай, шаңжинағыш контейнерін төмен қарата ұстап тұрыңыз. Құрылғыдағы шаңжинағыш контейнерін ажыратуға
4.
арналған бекіткіш пернесін батыра басыңыз да, контейнерді сағат тілі бағытымен шағын бұрышта төмен қарай бұрап, оны абайлықпен
шаңсорғыштан ажыратып алыңыз. Сур. 10
Қақпақты жөғары қарай тартып, оны HEPA – сүзгісімен бірге ажыратып алыңыз.
5.
Циклондық сүзгісін сағат тілі бағытымен шағын бұрышта (төмен қарай) бұраңыз, оны шешіп алу үшін 1-суретте көрсетілгендей орындаңыз. Содан
кейін, екіншілікті циклондық жүйенің түтігін тазалау және жуу үшін шаңсорғыштың түтігін төмен қарай тартып, шешіп алыңыз.
Сүзгіні қақпақтан бөліп ажыратып алу үшін, HEPA сүзгісін (сүзгі жинағын) 2-суретте көрсетілген бағытта бұраңыз да, оны қақпақтан ажыратып
алыңыз. Осылайша HEPA сүзгісін тазалауға немесе жууға оңай болады, 3-ші суретті қараңыз.
HEPA– сүзгінің ішкі қуысындағы шаңды сілкіп қағып тастау үшін, бұл сүзгіні оның төменгі шетжақпен тегіс металл емес бетке сәл ғана тықылдатып
соғу қажет.
Сүзгілерді ағын салқын судың астында, ешбір жуғыш не тазартқыш құралдарын қолданбай,
температурасында кептіріңіз.
HEPA сүзгінің ішкі қуысына ерекше назар аударыңыз.
Циклондық сүзгінің пластмассадан жасалған корпусын жуып-шайып тазалау үшін жұмсақ қылшықты затты - қылшақты (құрылғының жеткізілім
жиынтығына кірмейді) қолдануға болады, бірақ жуғыш не тазартқыш құралдарын пайдалануға тыйым салынады.
Құрылғының HEPA– сүзгісін және сүзгілеу жүйесінің элементтерін мұқият қарап шығыңыз, олардың зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Сүзгінің
немесе сүзгілеу жүйесіндегі элементтерінің бүлінуі, зақымдалуы, үзілуі немесе деформациялануы және басқа да ақаулықтар анықталған жағдайда,
ондай бүлінген элементтерін басқа жаңа түпнұсқаулық біреуіне ауыстырыңыз.
Назар аударыңыз: Шаңсорғышты сүзгісіз, сондай-ақ дымқыл немесе бүлінген сүзгімен пайдалануға тыйым салынады.
Сүзгілеу жүйесінің элементтерін жуып-шайып тазалаған соң немесе жуып кептіргеннен кейін жинаңыз. Сүзгілеу жүйесінің жиналуы кері
реттілікпен орындалады.
Сур. 11
НЕРА сүзгісінің жиналуы жоғарыда аталған қадамдарына сәйкес тура сол жолмен кері реттілікпен орындалады.
6.
Назар аударыңыз! Сүзгіні орнатқан кезде шамадан тыс күш салмаңыз, әйтпесе оның бекіткіш дөңестері (шығыңқы жерлері) және сүзгілеу
элементі бүлінуі мүмкін.
Сүзгіні қайтадан өз орнына, яғни қақпақтағы сүзгіге арналған бөлігіне орнатыңыз.
Ескертпе: Әр тазалау үдерісің жүргізгеннен кейін, яғни шаңсорғышты әр пайдаланғаннан кейін HEPA сүзгісін тазартуға ұмытпаңыз. Бұл сүзгі жоғарыда
келтірілген тәсілмен тазалануға тиіс.
Сүзгіні ауыстыру қажет болса, оны басқа жаңа түпнұсқаулық біреуіне ауыстырыңыз (сүзгіге тапсырыс беру авторизацияланған (уәкілетті) сервистік қызмет
көрсету орталықтары арқылы жүзеге асырылады).
Электрлі қылшақты тазалау
Электрлі қылшақ әрбір тазалау жұмыстары жүргізілген соң, яғни шаңсорғышты әр пайдаланғаннан кейін тазалануға тиіс. Қылшықты
POLARIS сервистік қызмет
жақсылап жуып-шайып тазалаңыз және бөлме
- 19 -

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents