Polaris PVCS 1101 HandStickPro Manual page 17

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 24
POLARIS сауда таңбасымен шығарылатын өнімді таңдағаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз. Біздің бұйымдар сапа, функционалдық және
дизайнға қойылатын жоғары талаптарға сәйкес жасалған. Біздің фирмадан жаңа бұйым алғаныңызға риза болатыныңызға сенімдіміз.
Құрылғыны пайдаланбас бұрын осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықты міндетті түрде толықтай, мұқият оқып шығыңыз, осы нұсқаулықтың
барлық пайдалану ережелерімен мұқият танысыңыз, онда Сіздің қауіпсіздігіңізге қатысты маңызды ақпарат бар, сондай-ақ, құрылғыны дұрыс пайдалану
және оған күтім көрсету жөніндегі нұсқаулар мен кеңестер берілген.
Пайдалану жөніндегі нұсқаулықты кепілдік талонымен, кассалық чекпен бірге, мүмкіндігінше, картон қорапта және орама материалымен бірге
сақтаңыз.
ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ
Бұл пайдалану бойынша нұсқаулық, үлгісі PVCS 1101 HandStickPRO, POLARIS сауда таңбасымен шығарылатын, тұрмыстық электрлік шаңсорғыш (бұдан
әрі мәтін бойынша – шаңсорғыш, құрылғы) жөніндегі техникалық деректері мен сипаттамаларымен, оның құрастырылыммен, сонымен қатар құрылғыны
сақтау мен пайдалану бойынша ережелермен танысуға арналған.
ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ ПАЙДАЛАНУ АЯСЫ
Бұл шаңсорғышты тек тұрмыстық мақсатта осы Пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың талаптарына сәйкес үй тұрмыс жағдайында ғана пайдалануға арналған.
Бұл шаңсорғышты өнеркәсіптік және коммерциялық мақсатта пайдалануға тыйым салынады. Сондай-ақ, шаңсорғышты бөлмежайдан тысқары жерде,
сонымен қатар ылғалдығы жоғары және ауа температурасы +15ºС -тан төмен жылытылмайтын мекенжайларда пайдалануға мүлдем болмайды. Өндіруші осы
пайдалану жөніндегі нұсқаулықта қарастырылмаған немесе дұрыс пайдаланбаудың нәтижесінде туындаған залал үшін жауапты емес.
ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ
Бұл шаңсорғыш кафель, паркет, линолеум сияқты еденнің тегіс бетін, сондай-ақ кілемдер мен жиһаз жабындарынан құрғақ шаң-тозан мен ұсақ қоқысты
сору жолымен құрғақ тазалауды іске асырады. Сур. 1
Сур. 1
Еденге арналған электрлі қылшақ
1.
Еденге арналған электрлі қылшақты бекітуге арналған батырмасы
2.
Шаң-тозаң тарту түтігі
3.
Түтікті бекітуге арналған батырмасы
4.
Алынбалы Li-ion батареясы
5.
Батареяны ажырату батырмасы
6.
Шаңсорғышты және еденге арналған электрлі қылшақты сөндіру/іске қосу батырмасы
7.
Жұмыс режимдерін I/II/III ауыстырып қосатын батырмасы
8.
HEPA- сүзгі орнатылған қақпақ
9.
10. Шаңжинағыш контейнерін ажырату батырмасы
11. Саңылаулы саптамасы
12. Шағын-қылшақ
13. Қабырғалық тіреуіш, саптамалар ұстағышы
14. Зарядтау құрылғысы
ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ ЖИЫНТЫҚТЫЛЫҒЫ
Шаңсорғыш (негізгі корпусы) -1 дана.
1.
Алынбалы аккумуляторлық Li-ion батареясы- 1 дана.
2.
Еденге арналған электрлі қылшақ -1 дана.
3.
Зарядтау құрылғысы (адаптер)-1 дана.
4.
Қабырғалық бекіткіш, саптамалардың ұстағышы- 1 дана.
5.
Саңылаулы саптама - 1 дана.
6.
Шағын-қылшақ- 1 дана.
7.
Түтік- 1 дана.
8.
Пайдалану жөніндегі нұсқаулық-
9.
10. Кепілдік талон-1 дана.
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ҚАПТАМА ҚОРАБЫНАН ШЫҒАРЫП АЛУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ ҮШІН ДАЙЫНДАУ
Құрылғының қаптама қорабын ашып, шаңсорғышты абайлап шығарып алыңыз, содан кейін оның орайтын барлық материалдарын оның ішінен және
сыртынан алып тастаңыз.
Шаңсорғыштың сыртқы корпусынан барлық жарнамаға қатысты жапсырмаларды алып тастаңыз.
Құрылғының жиынтықтылығына кіретін барлық бөлшектері мен керек-жарақтарын қарап тексеріп шығыңыз, олардың барлығы бар болғанына көз
жеткізіңіз, осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың (Құрылғының жиынтықтылығы) тарауын қарап шығыңыз.
Құрылғының қаптама қорабынан шаңсорғыштың барлық бөлшектері мен керек-жарақтарын және адептерін шығарып алыңыз.
Шаңсорғыштың жеткізілім жиынтықтылығына кіретін барлық құрамдас бөлшектері мен керек-жарақтарын қарап тексеріп шығыңыз, олардың барлығы
зақымдалмағанына көз жеткізіңіз.
Шаңсорғышты құрастырып жинау:
Назар аударыңыз! Шаңсорғыштың тораптары пластиктен жасалған және бір-бірлеріне мұқият келістірілген. Шаңсорғыштың бөлшектері орнатылатын
қондырмалы орындарына/бөліктеріне зақым келтірмеу үшін және бекіткіштерін бүлдірмеу үшін шаңсорғыштың бөлшектерін құрастырып жинаған
кезде шамадан тыс күш салмаңыз. Шаңсорғышта әрбір бөлшектің қондырмалы орнына/саңылауына/орнатылатын бөлікке дұрыс орнатылуын және берік
түрде бекіткіштердің сарт еткізіп бекітілуін қадағалаңыз.
Аккумуляторлық батареяны шаңсорғыштағы батарея бөліміне (егер ол орнатылмаған болса) орнату қажет. Батареяны суретте көрсетілгендей
1.
бағыттауыштары бойымен шаңсорғыштағы батарея бөліміне, шертпек секілді сарт еткен дыбысы естілмейінше орнатыңыз:
Сур. 2
Еденді тазалауға арналған электрлі қылшақ:
2.
Еденге арналған электрлі қылшақтың жалғағыш құбырын шаңсорғыштағы негізгі түтіктің саңылауына, олардың қада-байланыстары дәл ұяшыққа
орналасатындай етіп қондырып салыңыз да, және шертпек секілді сарт еткен дыбысы естілмейінше қысып басыңыз.
Сур. 3
Шаңсорғыштың негізгі түтігіне шаң сорғы келте құбырын жалғастырып орнатыңыз.
Сур. 4
Портативті тұрмыстық шаңсорғыш
POLARIS
Үлгісі PVCS 1101 HandStickPRO
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
1 дана.
- 17 -

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents