Redmond RMC-M140 Manual page 91

Table of Contents

Advertisement

Жылдам пісіргіш режиміндегі барлық бағдарламаларда, сонымен қатар
мультипісіргіш режиміндегі «МАКАРОНЫ» бағдарламасында әзірлеу
уақытының кері есебі табақта жұмыс температуралары мен қысымға
жеткенде басталады.
8. Бағдарлама жұмысы аяқталысымен соған тән сигнал естіледі. Ары қарай,
таңдалған бағдарламаға немесе ағымдағы теңшелімдерге байланысты
аспап Автоысыту режиміне өтеді (дисплейде «Ысыту» индикаторы
жанады) немесе өшеді. Қажет болса, «Отмена/Подогрев» түймешігін
басу арқылы Автоысыту функциясын өшіруге болады.
Әзірлеу аяқталысымен жылдам пісіргіш режимінде жұмыс камерасындағы
қысымды қалыпқа келтіру үшін «Сброс давления» түймешігін басыңыз.
Дисплейде «---P» жазуы пайда болады. Дыбыстық сигналдан соң қақпақты
құрсаулау тетігін «Ашық» күйіне орнатып, аспап қақпағын ашыңыз.
Барлық енгізілген теңшелімдерді болдырмау немесе әзірлеу үдерісін
тоқтату үшін «Отмена/Подогрев» түймешігін басыңыз.
ТЫЙЫМ САЛЫНАТЫН ӘРЕКЕТТЕР:
- табаққа табақтың ішкі бетіндегі шкаланың максималды белгісінен
жоғары тамақ пен су толтыру;
- жылдам пісіргіш режимінде сусыз немесе басқа сұйықтықсыз әзірлеу
(кем дегенде 2 өлшеу стақаны);
- тамақты майға қуыру үшін жылдам пісіргіш режимін қолдану.
Жоғары қысымда әзірлеу (жылдам пісіргіш режимі)
«НА ПАРУ» бағдарламасы
Ет тағамдарын, балық, құс және көкөністі буда әзірлеуге арналған. Әдепкі
бойынша әзірлеу уақыты өнімнің таңдалған түріне байланысты («МЯСО»
(«ЕТ») — 20 минут, «РЫБА» («БАЛЫҚ») — 10 минут, «ПТИЦА» («ҚҰС ЕТІ») — 15
минут, «ОВОЩИ» («КӨКӨНІСТЕР») — 12 минут). Әзірлеу уақытын 5 минут
орнату қадамымен 5 минуттан 2 сағатқа дейін аралықта реттеуге болады.
Буда түрлі тағамдарды әзірлеу үшін арнайы контейнер қолданыңыз (жинаққа
кіреді):
1. Табаққа 300-350 мл су құйыңыз.
2. Азықтарды рецептке сәйкес дайындаңыз, буға пісіріп әзірлеуге арналған
контейнерге біркелкі салыңыз. Табаққа тор орнатыңыз, үстіне контейнер
қойыңыз.
3. Табақты аспаптың корпусына қойыңыз, біраз бұрыңыз, ол қыздыру
элементіне тығыз тиетініне көз жеткізіңіз.
4.
«Аспапты пайдаланудағы әрекеттердің жалпы тәртібі» тарауының 2-8
тш. нұсқауларын ұстаныңыз.
«СУП» бағдарламасы
Ет сорпасын, құс етінен сорпа, көкөніс және балық сорпасын әзірлеуге
арналған. Әзірлеу уақыты азықтың таңдалған түріне әдепкі байланысты
(«МЯСО» — 40 минут, «РЫБА» — 25 минут, «ПТИЦА» — 30 минут, «ОВОЩИ»
— 20 минут). Әзірлеу уақытын 5 минут орнату қадамымен 10 минуттан 8
сағатқа дейін аралықта реттеуге болады.
«ТУШЕНИЕ/ХОЛОДЕЦ» бағдарламасы
Ет, балық, құс еті мен көкөністі бұқтыруға арналған. Әдепкі бойынша әзірлеу
уақыты өнімнің таңдалған түріне байланысты («МЯСО» — 40 минут, «РЫБА»
— 30 минут, «ПТИЦА» — 35 минут, «ОВОЩИ» — 25 минут). Әзірлеу уақытын 5
минут орнату қадамымен 10 минуттан 12 сағатқа дейін аралықта реттеуге
болады.
«ВАРКА» бағдарламасы
Ет, балық, құс еті мен көкөністі пісіруге арналған. Әдепкі бойынша әзірлеу
уақыты өнімнің таңдалған түріне байланысты («МЯСО» — 40 минут, «РЫБА»
— 25 минут, «ПТИЦА» — 30 минут, «ОВОЩИ» — 30 минут). Әзірлеу уақытын 5
минут орнату қадамымен 5 минуттан 8 сағатқа дейін аралықта реттеуге
болады.
«ТОМЛЕНИЕ» бағдарламасы
Ет, балық, құс етін жұмсартуға арналған. Әдепкі бойынша әзірлеу уақыты
өнімнің таңдалған түріне байланысты («МЯСО» — 2 сағат 30 минут, «РЫБА»
— 1 сағат 30 минут, «ПТИЦА» — 2 сағат). Әзірлеу уақытын 10 минут орнату
қадамымен 10 минуттан 8 сағатқа дейін аралықта реттеуге болады.
«РИС/КРУПЫ» бағдарламасы
Күріш пісіруге, түрлі жармалар пісіруге арналған. Бұл бағдарламада әдепкі
бойынша әзірлеу уақыты 15 минутты құрайды. Әзірлеу уақытын 1 минут
орнату қадамымен 5 минуттан 4 сағатқа дейін аралықта реттеуге болады.
«ДЕТСКОЕ ПИТАНИЕ» бағдарламасы
Балалар тағамын әзірлеуге арналған. Бұл бағдарламада әдепкі бойынша
әзірлеу уақыты 30 минутты құрайды. Әзірлеу уақытын 5 минут орнату
қадамымен 10 минуттан 12 сағатқа дейін аралықта реттеуге болады.
«ПЛОВ» бағдарламасы
Палау әзірлеуге арналған. Бұл бағдарламада әдепкі бойынша әзірлеу уақыты
40 минутты құрайды. Әзірлеу уақытын 5 минут орнату қадамымен 10 минуттан
2 сағатқа дейін аралықта реттеуге болады.
«МОЛОЧНАЯ КАША» бағдарламасы
Сүтке түрлі ботқаларды әзірлеуге арналған. Бұл бағдарламада әдепкі бойынша
әзірлеу уақыты 10 минутты құрайды. Әзірлеу уақытын 1 минут орнату
қадамымен 5 минуттан 4 сағатқа дейін аралықта реттеуге болады.
«МОЛОЧНАЯ КАША» бағдарламасы майы аз пастерленген сүттен ботқа
әзірлеуге арналған. Сүттің қайнауының алдын алу және қажетті нәтиже алу
үшін келесілерді істеуге кеңес беріледі:
барлық дәні тұтас жарманы су таза болғанша мұқият жуу (күріш,
қарақұмық, тары және т.б.);
мультипісіргіш табасына әзірлеудің алдында сары май жағу;
құрамдастарды рецепттер кітабының кеңестеріне сәйкес өлшеп,
қатынастарды қатаң ұстану, құрамдастардың мөлшерін тек қатынасты
азайту немесе көбейту;
майлы сүтті пайдаланылғанда оны 1:1 қатынаспен ауыз сумен
араластырыңыз
«БОБОВЫЕ» бағдарламасы
Бұршақ тұқымдастарды пісіруге, түрлі гарнирлер жасауға арналған. Бұл
бағдарламада әдепкі бойынша әзірлеу уақыты 1 сағат 30 минутты құрайды.
Әзірлеу уақытын 5 минут орнату қадамымен 10 минуттан 8 сағатқа дейін
аралықта реттеуге болады.
Қалыпты қысымда әзірлеу (мультипісіргіш режимінде)
«ВЫПЕЧКА» бағдарламасы
Бисквит, пісірме, пирогтарды ашыған және қатпарлы қамырдан пісіруге
арналған. Бұл бағдарламада әдепкі бойынша әзірлеу уақыты 50 минутты
құрайды. Әзірлеу уақытын 5 минут орнату қадамымен 15 минуттан 8 сағатқа
дейін аралықта реттеуге болады.
«ХЛЕБ» бағдарламасы
Түрлі сұрыпты нан пісіруге арналған. Бұл бағдарламада әдепкі бойынша
әзірлеу уақыты 3 сағатты құрайды. Әзірлеу уақытын 5 минут орнату
қадамымен 10 минуттан 6 сағатқа дейін аралықта реттеуге болады.
Бағдарлама жұмысының бірінші сағатында қамыр тынады, содан кейін тікелей
пісіру басталады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Пісіру кезінде табақ пен өнім қызады! Аспаптан
дайын нанды шығарғанда ас үй қолғаптарын қолданыңыз.
«МАКАРОНЫ» бағдарламасы
Макарондар пісіруге, түрлі рецептілер бойынша паста әзірлеуге арналған.
Бұл бағдарламада әдепкі бойынша әзірлеу уақыты 8 минутты құрайды. Әзірлеу
уақытын 1 минут орнату қадамымен 2 минуттан 1 сағатқа дейін аралықта
реттеуге болады. Бұл бағдарламада «Шегерілген старт» функциясы қол
жетімсіз.
«Әзірлеу бағдарламаларын қолдану барысында әрекеттердің жалпы тәртібі»
тарауының 1-7 тш. нұсқауларын ұстаныңыз. Су қайнаған соң сигнал естіледі.
Қақпақты ақырын ашып, тамақтарды қайнаған суға салып, қақпақты жабыңыз.
Белгіленген бағдарламаны орындау және әзірлеу уақытының кері есебі
басталады.
«ЙОГУРТ/ТЕСТО» бағдарламасы
Йогурт әзірлеуге және қамыр қоюға арналған. Бұл бағдарламада әдепкі
бойынша әзірлеу уақыты 8 сағатты құрайды. Әзірлеу уақытын 5 минут орнату
қадамымен 10 минуттан 12 сағатқа дейін аралықта реттеуге болады. Бұл
бағдарламада «Шегерілген старт» және «Автоысыту» функциялары қол
жетімсіз.
Йогурттар әзірлеу үшін сіз REDMOND RAM-G1 йогуртқа арналған арнайы
жинағын қолдана аласыз (жеке сатып алынады).
«ЖАРКА/ФРИТЮР» бағдарламасы
Ет, балық, құс етін, көкөністер қуыруға арналған. Әдепкі бойынша әзірлеу
уақыты өнімнің таңдалған түріне байланысты («МЯСО» — 18 минут, «РЫБА»
— 10 минут, «ПТИЦА» — 15 минут, «ОВОЩИ» — 12 минут). Әзірлеу уақытын 1
минут орнату қадамымен 5 минуттан 2 сағатқа дейін аралықта реттеуге
болады. Бұл бағдарламада шегерілген старт функциясы қол жетімсіз.
1. «Әзірлеу бағдарламаларын қолдану барысында әрекеттердің жалпы
тәртібі» тарауының 1-2 тш. нұсқауларын ұстаныңыз.
2. Қақпақты тығыз жабыңыз,қақпақты құрсаулау тетігін «Открыто»
(«Ашық») күйінде қалдырыңыз. Аспапты электр желісіне қосып, «Әзірлеу
бағдарламаларын қолдану барысында әрекеттердің жалпы тәртібі»
тарауының 4-7 тш. нұсқауларын ұстаныңыз.
3.
«Cтарт/Автоподогрев» түймешігін басыңыз. Сигнал естіліп, қақпақты
құрсаулау индикаторы (дисплейде) жыпылықтайды. Бұдан кейін
қақпақты ашып, қақпақты құрсаулау тетігін «Закрыто» («Жабық») күйіне
апарыңыз. Әзірлеу үдерісі және бағдарлама жұмысы уақытының кері
есебі басталады.
Бағдарламаны орындау кезінде аспап қақпағын жаппаңыз!
4. Бағдарлама жұмысы аяқталысымен соған тән сигнал естіледі. Ары қарай,
таңдалған бағдарламаға немесе ағымдағы теңшелімдерге байланысты
аспап Автоысыту режиміне өтеді (дисплейде «Подогрев» индикаторы
жанады) немесе өшеді. Қажет болса, «Отмена/Подогрев» түймешігін
басу арқылы Автоысыту функциясын өшіруге болады
Өнімдерді қуыру барысында аспап ең жоғарғы температурада жұмыс
істейді. «ЖАРКА/ФРИТЮР» бағдарламасын қайта қолдану алдында
аспапты толық суыту қажет.
Қуыру кезінде өнімдерді араластыру (аударып тұру) қажет.
Фритюрде қуыру үшін арнайы себет қолданыңыз.
«МУЛЬТИПОВАР» бағдарламасы
«МУЛЬТИПОВАР» бағдарламасы пайдаланушы енгізген температура және
әзірлеу уақытының параметрлері бойынша кез келген дерлік тағам әзірлеуге
арналған. Тағамдарды 75°С-ге дейінгі температурада әзірлеген жағдайда
Автоысыту функциясы әдепкі бойынша өшірілетін болады. Қажет болса,
әзірлеу бағдарламасын іске қосқан соң «Старт/Автоподогрев» түймешігін
басу арқылы қолмен қосуға болады («Отмена/Подогрев» түймешігінің
индикаторы жанады).
Бұл бағдарламада әдепкі бойынша әзірлеу уақыты 30 минутты құрайды.
Әзірлеу уақытын орнату диапазоны — өзгеріс қадамы 1 минуттан 2 минуттан
15 сағатқа дейін. Бағдарламада температураны орнату диапазоны 5°С өзгеріс
қадамымен 35–160°С құрайды.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! 140°С-ден астам белгіленген температурада
қауіпсіздік мақсатында әзірлеу уақыты 2 сағаттан аспауы тиіс.
RMC-M140
KAZ
91

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents