Redmond RMC-M140 Manual page 90

Table of Contents

Advertisement

Бұйымның сериялық нөмірі болмауы оған кепілдік қызмет көрсету
құқығыңызды сізден автоматты түрде айырады.
Аспап корпусын ылғал матамен сүртіңіз. Табақты жылы сабынды сумен
жуыңыз. Мұқият кептіріңіз. Бірінші рет пайдаланылғанда бөтен иіс пайда
болуы мүмкін, бұл аспап ақауының салдары болып табылмайды. Бұл жағдайда
аспапты тазалаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Аспапты кез келген ақаулы түрде пайдалануға
тыйым салынады.
II. АСПАПТЫ ПАЙДАЛАНУ
Пайдалана бастау алдында
Аспапты бу клапанынан шығатын бу тұсқағаз, декоративтік жабындылар,
электрондық аспаптар мен жоғары ылғал мен температурадан зардап шегуі
мүмкін басқа заттар немесе материалдарға тимейтіндей қатты тегіс көлденең
бетке орнатыңыз.
Әзірлеудің алдында аспаптың сыртқы және көзге көрінетін бөліктерінде
зақымдар, жарық және басқа ақаулар болмауына көз жеткізіңіз. Табақ пен
қыздыру камерасының түбі арасында бөтен заттар болмауы керек.
Қақпақты ашу / жабу
Жапқан кезде аспап қақпағы бұйым корпусымен саңылаусыз қосылады, бұл
оның жұмыс камерасында жоғары қысым жасауға мүмкіндік береді. Аспап
ішіндегі қысым атмосфералықтан жоғары болса, қақпақ автоматты түрде
құрсауланады. Егер әзірлеу аяқталғанда қақпақ күш салмастан ашылмаса,
демек жұмыс камерасындағы қысым әлі аса жоғары. «Сброс давления»
түймешігін басып, аспаптағы қысымның қалыпқа келуін күтіңіз.
Қақпақты жабу үшін:
1. Қақпақты сыртыл естілгенше түсіріңіз.
2. Қақпақты құрсаулау тұтқасын «Закрыто» («Жабық») күйіне апарыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Аспап жұмыс кезінде қызады! Әзірлеу барысында
және аяқталғанда қақпақтың металдық бөлігіне тимеңіз. Құрылғыны
көтеру және тасымалдау үшін корпустағы арнайы тұтқаларды
қолданыңыз.
Қорғаныс жүйесі
REDMOND RMC-PM140 мультипісіргіш-жылдам пісіргіші көп деңгейлі
қорғаныс жүйесімен жабдықталған. Егер камерада температура және (немесе)
қысым рұқсат етілетін көрсеткіштерден асса, жүйе әзірлеу үдерісін тоқтатады.
Осы параметрлер қалпына келгенде әзірлеу үдерісі жалғасады. Егер белгілі
уақытта бұл болмаса, арнайы құрылғы электр қоректену шеңберін үзеді және
мультипісіргіш-жылдам пісіргіш жұмысын толық тоқтатады.
Егер сіз жылдам пісіргіш режимінде әзірлеу үдерісін «Отмена/Подогрев»
түймешігін басу арқылы тоқтатқан болсаңыз (немесе аспап бағдарлама
жұмысы кезінде электр желісінен өшірілуі тиіс), аспап қақпағы құрсауланады.
Дисплейде «Закрыто» («Жабық») қақпағын құрсаулау индикаторы, жұмыс
камерасында қысым деңгейінің индикаторы мен дыбыстық сигналдарды
қосу/өшіру индикаторы (егер олар өшірілген болса) жанады, ал «Старт/
Автоподогрев» түймешігінің индикаторы жыпылықтайтын болады. Бұл ретте
қауіпсіздік мақсаттарында сондай-ақ басқанда қысымды қолмен түсіру қажет
«Сброс давления» түймешігінен басқа, басқару панелінің барлық түймешіктері
құрсауланады (қысымның автоматты түрде түсуі 10 минуттан кейін орын
алады). Жұмыс камерасында қысымды қалыпқа келтірген соң аспап қақпағы
құрсаудан шығарылады.
Бағдарламаны таңдау және әзірлеу уақытын орнату
REDMOND RMC-М140 мультипісіргіш-жылдам пісіргішінде әр бағдарлама
үшін әдепкі бойынша орнатылған әзірлеу уақытын өзгертуге болады:
1. «Меню» түймешігін баса отырып, әзірлеу бағдарламасын таңдаңыз.
Дисплейде әр бағдарлама үшін әдепкі бойынша орнатылған әзірлеу
уақыты жанады.
90
2. «Час/–» түймешігін басқанда сағаттар мәнін, «Мин/+» түймешігін
басқанда — минут мәнін орнатыңыз. Мәнді тез өзгерту үшін қажетті
түймешікті басып ұстап тұрыңыз. Ең үлкен мәнге жеткенде уақытты
орнату диапазоннан басталады.
3. Жасалған орнатылымдарды болдырмау үшін «Отмена/Подогрев»
түймешігін басқан жөн, содан кейін әзірлеу бағдарламасын қайта таңдау
қажет
Әзірлеу уақытын қолмен орнатқанда әзірлеу бағдарламаларының
жиынтық кестесіне сәйкес, сіз таңдаған әзірлеу бағдарламасында
қарастырылған орнату қадамы мен ықтимал диапазонды ескеріңіз.
Жылдам пісіргіш режиміндегі барлық бағдарламаларда, сонымен қатар
«МАКАРОНЫ» (мультипісіргіш режимінде) әзірлеу уақытының кері есебі
табақтағы қажетті температура мен қысымға жеткенде басталады.
Қалған бағдарламаларда әзірлеу уақытының кері есебі «Старт/
Автоподогрев» түймешігін басқан соң бірден басталады.
Әзірлеу температурасын өзгерту
«МУЛЬТИПОВАР», «ВЫПЕЧКА», «МАКАРОНЫ», «ЙОГУРТ/ТЕСТО» және
«ЖАРКА/ФРИТЮР» бағдарламаларында әзірлеу температурасын өзгерту
мүмкіндігі қарастырылған (оның ішінде автоматты бағдарламалар жұмысы
барысында):
1. Әзірлеу бағдарламасын таңдаған соң немесе оның жұмысы барысында
«Температура °С» түймешігін басыңыз.
2. «Час/–» түймешігін басып, температура мәнін азайтыңыз, «Мин/+»
түймешігін басып — ұлғайтыңыз.
3. «Температура °С» түймешігін қайта абсып, белгіленген мәнді сақтаңыз
(бағдарлама жұмыс барысында әзірлеу температурасын өзгерткен
жағдайда).
Қысым деңгейін өзгерту
REDMOND RMC-М140 мультипісіргіші-жылдам пісіргішінде жылдам пісіргіш
режимінде әзірлеу бағдарламасын таңдаған соң сондай-ақ 5 кПа қадаммен
30-дано 60 кПа-ға дейін қысым деңгейін өзгертуге болады.
Қысым деңгейі «Қысымды өзгерту» түймешігін басу арқылы белгіленеді және
дисплейдің тиісті индикаторында шартты түрде көрінеді (1-ден 7-ге дейін).
Қысым деңгейін орнату жоғарғы мәнге жеткенде диапазон басынан
жалғасады.
«Шегерілген старт» функциясы
Бұл функция әзірлеудің таңдалған бағдарламасы жұмысын бастайтын уақытты
орнату қадамы 10 минуттан 10 минуттан 24 сағатқа дейінгі диапазонда
енгізуге мүмкіндік береді.
1. Әзірлеу бағдарламасын таңдаған соң «Отложенный старт» түймешігін
басыңыз. Стартты шегеру уақытын орнату режимінің индикаторы жанады,
«Отложенный старт» түймешігінің индикаторы жыпылықтайтын болады.
«Час/–» түймешігін басу арқылы сағат мәнін, «Мин/+» түймешігін басу
арқылы— минут мәнін орнатыңыз. Мәнді тез өзгерту үшін қажетті
түймешікті басып ұстап тұрыңыз. Ең жоғарғы мәнге жеткенде уақытты
орнату диапазон басынан жалғасады.
2. «Старт/Автоподогрев» түймешігін басыңыз. Әзірлеу бағдарламасы іске
қосылғанша қалған уақыттың кері есебі басталады.
3. Орнатуды болдырмау үшін «Отмена/Подогрев» түймешігін басыңыз.
Одан кейін бағдарлама параметрлерін қайта енгізіңіз.
«Шегерілген старт» функциясы «ЖАРКА/ФРИТЮР» және «МАКАРОНЫ»
бағдарламаларында қол жетімсіз.
Шегерілген уақытты орнату барысында жылдам пісіргіш режиміндегі
барлық бағдарламаларында, сонымен қатар «МАКАРОНЫ»
бағдарламасында (мультипісіргіш режимінде) әзірлеу уақытының кері
есебі тек аспап қажетті температуралар мен қысымға жеткенде ғана
басталатынын ескеру қажет.
Дайын ас температурасын ұстау функциясы (автоысыту)
Дайын тағамның 60-80°С диапазонында температурасын 12 сағаттың ішінде
ұстауға мүмкіндік береді. Әзірлеу бағдарламасы аяқталысымен (дыбыс
сигналынан соң) автоматты түрде қосылады, бұл кезде дисплейде «Подогрев»
индикаторы жанады және осы режимде минуттарда уақыттың тікелей
есептелуі көрінеді.
Қажет болғандаәзірлеу бағдарламасы іске қосылған соң «Старт/Автоподогрев»
түймешігін басып, Автоысыту функциясын алдын ала өшіруге болады (дыбыс
естіледі, түймешік индикаторы өшеді). Автоысыту функциясын қайта қосу
үшін «Старт/Автоподогрев» түймешігін қайта басып ұстаңыз.
«ЙОГУРТ/ТЕСТО» бағдарламасында Автоысыту функциясы қол жетімсіз.
«МУЛЬТИПОВАР» бағдарламасында 75°С-ден астам әзірлеу
температурасы орнатылған жағдайда Автоысыту функциясы әдепкі
бойынша өшеді, алайда қажет болса, сіз оны әзірлеу бағдарламасы іске
қосылған соң қолмен «Старт/Автоподогрев» түймешігін басу арқылы
қосылады.
Тағамды ысыту функциясы
Бұл функция суық тағамды 60-80°С температурасына дейін ысытуға мүмкіндік
береді.
1. Азықты табаққа салыңыз. Табақты аспаптың корпусына қойыңыз, ол
қыздыру элементіне тығыз тиетініне көз жеткізіңіз.
2. Қақпақты тығыз жауып, аспапты электр желісіне қосыңыз.
3. «Отмена/Подогрев» түймешігін басыңыз. Дисплейде түймешік
индикаторы, сондай-ақ «Ысыту» индикаторы жанады. Ысыту уақытының
тікелей минуттарда есептелуі басталады. Аспап тағамды ысытады және
температурасын 12 сағаттың ішінде ұстайды, одан кейін ысыту
автоматты түрде өшеді.
4. Ысытуды тоқтату үшін «Отмена/Подогрев» түймешігін қайта басыңыз.
Түймешік индикаторы мен «Подогрев» индикаторы (дисплейде) өшеді,
аспап күту режиміне ауысады.
Дыбыстық сигналдарды өшіру
Күту режимінде немесе бағдарлама жұмысында дыбыстық сигналдарды өшіру
үшін «Вид продукта» түймешігін басыңыз. Дыбысты өшіру үшін түймешікті
қайта басыңыз.
Аспапты пайдаланудағы әрекеттердің жалпы тәртібі
1. Қажетті құрамдастарды рецептке сәйкес дайындаңыз (өлшеңіз), табаққа
салыңыз. Сұйықтықты қоса, барлық құрамдастар табақтың ішкі бетіндегі
ең жоғарғы белгісінен төмен болғанын байқаңыз.
2. Табақты аспаптың корпусына қойыңыз. Ол қыздыру элементіне тығыз
тиетініне көз жеткізіңіз.
3. Қақпақты тығыз жауып, қақпақтың құрсаулау тетігін «Закрыто»
(«Жабық») күйіне орнатыңыз (ерекше жағдай — программа «ЖАРКА/
ФРИТЮР»). Аспапты электр желісіне қосыңыз.
4. «Мәзір» түймешігін баса отырып, әзірлеу бағдарламасын таңдаңыз
(тиісті индикатор дисплейде жыпылықтауы тиіс). «НА ПАРУ», «СУП»,
«ТУШЕНИЕ/ХОЛОДЕЦ», «ВАРКА», «ТОМЛЕНИЕ» немесе «ЖАРКА/
ФРИТЮР» бағдарламасын таңдағанда, «Вид продукта» түймешігін басып
отырып, қажетті ішкі бағдарламаны таңдаңыз (тиісті индикатор
дисплейде жыпылықтайтын болады).
5. Қажет болса, әдепкі бойынша орнатылған әзірлеу уақытының мәнін
өзгертіңіз.
6. Қажет болса, стартты шегеру уақытын, орнатыңыз, қысым деңгейін
(жылдам пісіргіш режимінде), әзірлеу температурасын өзгертіңіз
(«ВЫПЕЧКА», «МАКАРОНЫ», «ЙОГУРТ/ТЕСТО», «ЖАРКА/ФРИТЮР»,
«МУЛЬТИПОВАР» бағдарламалары үшін).
7.
«Cтарт/Автоысыту» түймешігін басыңыз. Әзірлеу бағдарламасын орындау
басталады.

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents