Redmond RMC-M140 Manual page 87

Table of Contents

Advertisement

Осы бұйымды пайдаланудың алдында оны пайдалану бойынша
нұсқаулықты мұқият оқыңыз және анықтамалық ретінде сақтап
қойыңыз. Аспапты дұрыс пайдалансаңыз, оның қызмет ету мерзімі
көпке ұзарады.
.
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Өндіруші қауіпсіздік техникасы талаптарын
және бұйымды пайдалану ережелерін
ұстанбаудан туындаған зақымдар үшін
жауап бермейді.
• Бұл электр аспап тұрмыстық жағдайларда
әзірлеуге арналған көпфункционалды
құрылғы болып табылады және пәтерлерде,
қала сыртындағы үйлерде, қонақ үй
нөмірлерінде, дүкендер, офистердің
тұрмыстық бөлмелерінде
өнеркәсіптік емес пайдаланудың басқа
жағдайларында қолданыла алады.
Құрылғыны өнеркәсіптік немесе кез
келген басқа мақсатсыз пайдалану
бұйымды дұрыс пайдалану шарттарын
бұзу болып табылады. Бұл жағдайда
өндіруші ықтимал салдарлар үшін жауап
бермейді.
• Құрылғыны электр желіге қосудың
алдында оның кернеуі аспап қоректенуінің
номиналды кернеуіне сәйкес келетінін
тексеріңіз (бұйымның техникалық
сипаттамасын немесе зауыттық кестешесін
қараңыз).
• Аспаптың тұтынылатын қуатына арналған
ұзартқышты пайдаланыңыз. Бұл талапты
ұстанбау қысқа тұйықталуға немесе
кабельдің тұтануына әкеліп соқтыруы
мүмкін.
• Аспапты тек жерлендірілген розеткаға
қосыңыз — бұл тоқ соғуға қарсы
қорғаныстың міндетті талабы. Ұзартқышты
пайдаланылғанда ол да жерлендірілгеніне
немесе
көз жеткізіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Аспап жұмыс істеп
тұрғанда оның корпусы, табағы мен металдық
бөлшектері қызады! Абай болыңыз! Асханалық
қолғапты пайдаланыңыз. Ыстық буға күйіп
қалмау үшін қақпақты ашқанда құрылғының
үстінде еңкеймеңіз.
• Аспапты пайдаланған соң, сонымен қатар
оны тазалау немесе жылжыту кезінде
розеткадан ажыратыңыз. Электр бауды
RMC-M140
KAZ
87
87

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents