Vitek VT-1185 Manual Instruction page 16

Hide thumbs Also See for VT-1185:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 9
ҚАЗАҚША
Қақпақты «щертіліске» дейін басу арқылы жабыңыз.
Қақпағы тығыз жабық екеніне көз жеткізіңіз.
Ескертпе: Егер қақпақ тығыз жабылмаған болса,
онда су қажетті температураға дейін қызбайды.
Желілік бау штекерін (16) термопот корпусындағы
ағытпаға (15) салыңыз, ал желілік бау ашасын
(16) розеткаға қосыңыз. Дыбыстық белгі естіледі
және экранда барлық индикаторлар қысқа уақытқа
қосылады.
Қайнату процесі автоматты түрде қосылады.
Құрылғы автоматты түрде қыздыру режиміне өтіп,
суды әдепкі бойынша қойылған 85 °C температураға
дейін қыздыра бастайды. Осы кезде судың қайнау
индикаторлары (21), қуатты қосу белгішесі (18) және
орнатылған температурасы 85 °C жанады.
Суды ұзақ уақыт қайнату процесі аяқталғаннан
кейін термопот 85 °C температураны ұстап тұру
режиміне ауысады.
Ескертпе: термопотта суды ұзақ қайнату техно-
логиясы пайдаланылады, бұл суда ерітілген хлордың
құрамын анағұрлым азайтуға мүмкіндік береді.
Суды төгіңіз; бұл үшін түймені (28) басып, су
беретін сорғыны іске қосу бұғаттауын босатыңыз,
бұл ретте басқару тақтасындағы (7) құлыптау инди-
каторы (19) сөнеді.
Ескертпе: Егер құлыптауын босатқаннан кейін
8 секунд ішінде ешқандай әрекет жасалмаса,
құлыптау автоматты түрде қайта қосылады және
құлыптау индикаторы (19) қайта жанады.
Назар аударыңыз! Суды жылыту аяқталғаннан
кейін қақпақты бірден ашпаңыз - ыстық будан күйіп
қалу қаупі!
Назар аударыңыз! Суды құйған кезде ыстық судан
күйік алмау үшін абайлық сақтаңыз.
Термопоттағы суды ағызу үшін
– Сәйкес ыдысты су төгетін шүмектің астына қойыңыз
(9), мысалы, кесені, «UNLOCK | Разблокировка»
(28) түймені басыңыз, бұл ретте құлыптау инди-
каторы (19) сөнеді, содан кейін су беру пернесін
«DISPENSE | Құю» (8) басыңыз және оны
контейнерді сумен толтырудың қажетті деңгейіне
дейін ұстап тұрыңыз.
– Су беруге арналған шүмектен (9) ыстық су шығады.
– Пернені «DISPENSE | Құю» (8) босатыңыз сонда су
жіберу тоқтайды.
Термопотты ажырату үшін, желі бауының ашасын
(16) розеткадан суырыңыз.
Су бөлме температурасына дейін салқындағанша
күтіңіз.
Термопоттың қақпағын (1) ашыңыз және оның
толық салқындауын күтіңіз.
Қақпақты шешіп алыңыз (1) («Тазалау және күтім»
бөлімін қараңыз).
Термопотты еңкейтіп, судың қалдықтарын абай-
лап төгіңіз. Судың басқару тақтасына түспеуін
қадағалаңыз.
Қақпақты (1) орнына қойыңыз («Тазалау және
күтім» бөлімін қараңыз). Термопотты қолданар
алдында, қақпақтың (1) мықтап бекітілгеніне көз
жеткізіңіз.
Термопот пайдалануға дайын.
ТЕРМОПОТТЫ ПАЙДАЛАНУ
Қақпақты (1) ашыңыз, ол үшін қақпақты ашу
пернесін (2) басыңыз және оны ұстағаннан кейін
қақпақты (1) жоғары қарай тартыңыз.
Термопот ішіне қолайлы ыдысты пайдалана оты-
рып су құйыңыз, сұйыққойманың (10) ішкі бетіне
салынған судың максималды деңгейінің «FULL» (6)
белгісінен асырмаңыз. Суды «FULL» (6) белгісінен
жоғары құймаңыз, өйткені қайнаған кезде ыстық су
төгіліп кетуі мүмкін.
Желілік бау штекерін (16) термопот корпусындағы
ағытпаға (15) салыңыз, ал желілік бау ашасын (16)
розеткаға қосыңыз. Баяу қайнату процесі баста-
лады, осы ретте дисплейде (24) қыздыру индика-
торлары (21) қосылады, қуаттандуру «ON | ҚОСУ»
(18) және бұғаттау индикаторы (19) қосылады.
100 °C температураға жеткенде термопот авто-
матты түрде 85 °C температураны ұстап тұру
режиміне өтеді. Бұл ретте панельде (7) берілген
температураны ұстап тұру режимінің индикаторы
(22) жанады.
Ескертпе:
– Суды қайнату процесінде жоғарғы қақпақты
ашпаңыз.
– Егер ол қайнап жатса, су қоспаңыз.
– Жоғарғы қақпақтың (1) бу шығатын тесігін (3)
жаппаңыз.
– Әдепкі бойынша, термопот 85 °С ұстап тұрады.
Температураны таңдау
Ыстық суды ұстап тұрудың қажетті температурасын
өзгерту үшін суды жылыту температурасын таңдау
түймесін «T°C SET | Таңдау T°C» (26) дәйекті түрде
басыңыз. Температураны таңдау индикаторлары
95/85/75/65/55/ 45 (23) диапазонында немесе суды
жылытуды өшіру «OFF | СӨНД» (17) кезінде дәйекті
түрде өзгереді, бұл судың қызу температурасы-
на «95°C/85°C/75°C/65°C/55°C/45°C» немесе суды
салқындату режимін белсендіруге сәйкес келеді.
Ескертпелер:
– Егер таңдалған температура термопоттағы
температурадан төмен болса, онда алдымен
термопоттағы су белгіленген температураға
дейін салқындатылады, содан кейін таңдалған
температура
сақталады.
судың температурасы белгіленген деңгейден
5 градусқа төмендеген кезде термопот қыздыру
режиміне ауысады.
– Таңдалған температураның индикаторы су жылуды
ұстап тұру температурасына дейін салқындаған
кезге дейін жыпылықтап тұрады. Белгіленген
16
Термопоттағы

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents