BRAYER BR1115 Instruction Manual page 71

Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 1
• Егер капучинаторда сүт қалса, оны шешіп алыңыз
және капучинаторды тоңазытқышқа (сур. 12) алып
қойыңыз, егер кофе әзірлеу кезінде барлық сүт
пайдаланылса, бұл жағдайда капучинаторды шешіп
алу және жуу ұсынылады («КАППУЧИНАТОРДЫ
ТАЗАЛАУ» қараңыз).
СҮТ КӨБІГІН ӘЗІРЛЕУ
• Сіз қажетті мөлшердегі сүт көбігін кез келген уақытта
әзірлей аласыз.
• Сүт көбігі ыстық шоколад, латте маккиато, дәмде-
уіштері бар шай және т.с.с. әзірлеу үшін пайдала-
нылуы мүмкін.
• Көбікті әзірлеу үшін пайдаланылатын сүт балғын,
суытылған және консервантсыз болуы маңызды.
• Кәдімгі қаймағы айырылмаған, майлылығы 4-тен
6%-ға дейінгі сүтті қолданыңыз, кілегей майлылығы
10%-дан кем болмауға тиіс.
• Жоғарыдағы тарауларда сипатталғандай, кофеқай-
натқышты дайындаңыз, ұнтақталған кофені сүзгіге
(21 немесе 22) салмаңыз.
• Торға (2) биіктігі және көлемі бойынша шақ келетін
тостағанды орнатыңыз.
• Капучинатор түтігінің (15) еңкейту бұрышын реттеу
тұтқасы (14) арқылы капучинатор түтігін (15)
орнатылған тостағанға бағыттаңыз, қажет болғанда
капучинатор (15) түтігі ұзындығын өзгертіңіз (сур. 9).
• Капучинатор түтігін (15) капучинатор түтігінің көлбеу
бұрышын реттеу тұтқасымен орнатылған тостағанға
бағыттаңыз.
• Сүт көбігін беру (қарқындылығы) реттегішінің тұтқасын
(17) оң жаққа бұрыңыз (осы күйінде сүт көбігінің мөл-
шері көбірек болады) (сур. 11).
Ескертпе: сүт көбігі шығуының қарқындылығын кофесін
әзірлеу барысында реттеуге болады
• Қуаттандыру сөндіргішін (11) «0/I» күйіне «I» орнатып,
кофеқайнатқышты қосыңыз, осы кезде индикатор (7, 8,
9) жанады және жыпылықтап тұрады.
• Кофеқайнатқыш жұмысқа дайын болғанда, желі инди-
каторы (7, 8, 9) тұрақты жарқырап тұрады.
• Батырманы (6) «Cappuccina» басыңыз және 3 секунд
бойы басып ұстап тұрыңыз, бұл ретте индикаторлары «
» және «
» жанады.
• Сүт көбігінің қажетті мөлшері алынғаннан кейін
батырмасын (8) «Капучино» қайта басып, процесті
тоқтатыңыз.
• Әзірленген сүт көбігі бар тостағанды шешіп алыңыз
және көбікті тағайыны бойынша пайдаланыңыз.
• Кофеқайнатқыш жұмысы аяқталғаннан кейін сөндір-
гішті (11) «0/I» күйіне «0» орнатып, оны өшіріңіз.
• Егер капучинаторда сүт қалса, оны шешіп алыңыз және
капучинаторды тоңазытқышқа (сур. 12) алып қойыңыз,
егер кофе әзірлеу кезінде барлық сүт пайдаланылса,
бұл жағдайда капучинаторды шешіп алу және жуу ұсы-
нылады («КАППУЧИНАТОРДЫ ТАЗАЛАУ» қараңыз).
КАПУЧИНАТОРДЫ ТАЗАРТУ
• Сыйымдылықта (18) сүт біткеннен кейін, капучинаторға
тазалау жүргізу ұсынылады.
KZ
71

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents