BRAYER BR1115 Instruction Manual page 64

Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 1
64
KZ
ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Егер сіз кофеқайнатқышты
қосып, ешқандай әрекет жасамасаңыз, онда
кофеқайнатқыш 15 минуттан кейін өшіріледі,
кофеқайнатқышты қосу үшін кез келген батырманы
(7, 8, 9) басыңыз.
• Кофеқайнатқышты қатты, түзу және жылуға
төзімді бетке орнатыңыз, кофеқайнатқыш корпу-
сының жақтау қабырғаларынан басқа заттарға
дейінгі қашықтық 20 см-ден кем емес, ал кофеқай-
натқыштың үстіндегі бос кеңістік 30 см-ден кем
болмауы керек.
• Кофеқайнатқышты асүйлік сөрелердің немесе
шкафтардың астында пайдаланбаңыз. Кофеқай-
натқыштың жұмыс істеуі кезінде одан шығатын бу,
оларға залал келтіруі мүмкін.
• Кофеқайнатқышты орнату орны кішкентай бала-
ларға қол жетімсіз болуы керек.
Назар аударыңыз! Алғашқы кофе, әзірлеу алдында
бойлерді, капучинатор қақпағын (16) және сүтке ар-
налған сыйымдылықты (18) жуып жіберу ұсынылады.
• Шешілмелі табандық (1), табандық торы (2) орында-
рына орнатылғанына көз жеткізіңіз.
• Қақпақты (12), суға арналған сыйымдылықты (13)
шешіп алыңыз.
• Сыйымдылықты (13) максималды деңгейге дейін
суық сумен толтырыңыз, сыйымдылықты (13) орны-
на орнатыңыз.
Ескертпе: сыйымдылық (13) су үшін ғана арналған,
сыйымдылықты (13) кез-келген басқа сұйықтықтармен,
мысалы сүтпен толтыруға тыйым салынады.
• Сыйымдылықты (18) алыңыз, оны өз бағытыңызға
тартыңыз және шешіп алыңыз, сыйымдылықтан (18)
капучинатор қақпағын шешіп алыңыз (16) (сур. 1). Сый-
ымдылықты (18) сумен максималды деңгей белгісіне
дейін толтырыңыз.
Ескертпе: капучинатор сыйымдылығы (18) сүтке ғана
арналған, сыйымдылықты (18) кез-келген басқа сұй-
ықтықтармен толтыруға тыйым салынады, капучинатор
қақпағын жуу режимінде ғана суды пайдалануға жол
беріледі.
• Капучинатор қақпағын (16) сыйымдылыққа (18) орна-
тыңыз, капучинаторды орнату орнына бекіткіші іске
қосылғанға дейін орнатыңыз.
Ескертпе: сыйымдылықты (18) қақпағымен (16)
орнатқаннан кейін капучинатор бекітілуінің дұрыс орна-
тылғанын және сенімділігін үнемі тексеріп отырыңыз.
• Сүт беру қарқындылығы реттегішінің тұтқасын ортанғы
күйге орнатыңыз.
• Кофеге арналған сүзгілердің бірін (21 немесе 22) сүзгі
ұстағышына (20) салыңыз, ол үшін сүзгінің (21 немесе
22) шығыңқыларын сүзгі ұстағышындағы тілікпен (20)
сәйкестендіріңіз және сүзгіні (21 немесе 22) сағат
тіліне қарай/қарсы бұраңыз. Кофеқайнатқышты жұ-
мысқа дайындау кезінде ұнтақталған кофені сүзгіге (21
немесе 22) сепппеңіз.

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents