BRAYER BR1115 Instruction Manual page 62

Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 1
62 KZ
• Құрылғы суға құлап кеткен жағдайда, дереу желі ба-
уының ашасын электр розеткасынан сурыңыз, содан
кейін ғана құрылғыны судан алып шығыңыз.
• Кофеқайнатқышты жылу көздерінің, жылыту ас-
паптарының немесе ашық оттың тікелей жанында
пайдаланбаңыз.
• Құрылғыны аэрозольдар пайдаланылатын немесе
шашырайтын жерлерде, сондай-ақ тез тұтанатын
сұйықтықтарға жақын жерлерде пайдалануға тыйым
салынады.
• Кофеқайнатқышты тегіс және тұрақты бетке
орнатыңыз, оны үстелдің шетіне қоймаңыз. Желі
бауының үстелден салбырап тұруына жол бермеңіз,
сонымен бірге оның ыстық беттермен және жиһаз-
дың өткір жиектерімен жанаспауын қадағалаңыз.
• Кофеқайнатқышты ыстық беттерге қоймаңыз.
• Қуаттандыру бауы мен қуаттандыру бауының аша-
сына сулы қолмен тиісуге тыйым салынады.
• Жеткізілім жиынтығына кіретін кофеқайнатқыш бөл-
шектері мен жабдықтарын ғана пайдаланыңыз.
• Кофеқайнатқышты қосар алдында барлық шешіл-
мелі бөлшектерінің дұрыс орнатылғанына көз
жеткізіңіз.
• Кофеқайнатқыштағы судың деңгейі минималдық
белгіден төмен болмауын қадағалаңыз.
• Суы жоқ кофеқайнатқышты қоспаңыз.
• Ыстық бумен күюді болдырмау үшін сүт көбігін дай-
ындау кезінде немесе дайын сусындарды қыздыру
кезінде абайлық сақтаңыз.
• Сүзгі ұстағышының, капучинатор түтігінің және капу-
чинатор қондырмасының беті өте жоғары темпера-
турада болуы мүмкін. Ыстық беттерге тиіскен кезде
ұқыптылық пен абайлық сақтаңыз.
• Сүзгі ұстағышын кофеқайнатқыш жұмыс істеп тұрған
кезде шешуге тыйым салынады.
• Тазалау және жабдықтарын шешу алдында құрылғы-
ны толығымен суытыңыз.
• Кофеқайнатқышты тазалау алдында немесе пайда-
ланбайтын болған жағдайда, оны электр желісінен
ажыратыңыз. Кофеқайнатқышты желіден ажыратқан
кезде тек қуаттандыру бауының ашасынан ұстаңыз
және оны электр розеткасынан абайлап шығарыңыз,
қуаттандыру бауынан тартпаңыз — бұл қуаттандыру
бауының, электр розетканың зақымдануына әкелуі
немесе қысқа тұйықталуын тудыруы мүмкін.
• Балалардың қауіпсіздігі мақсатында қаптама ретінде
қолданылатын полиэтилен пакеттерді қараусыз
қалдырмаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Балаларға полиэтилен
пакеттерімен немесе қаптама үлдірімен ойнауға
рұқсат етпеңіз. Тұншығу қаупі бар!
• Кофеқайнатқыш балалардың пайдалануына арнал-
маған.
• Аспапты ойыншық ретінде пайдаланбаулары үшін
балаларды қадағалап отырыңыз.
• Кофеқайнатқыш жұмыс істеп тұрғанда балаларға
қуаттандыру бауына және құрылғыға тиісуіне жол
бермеңіз.
• Жұмыс кезінде және суу кезінде құрылғыны балалар-
дың қолы жетпейтін жерге қойыңыз.

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents