Download Print this page

BRAYER BR1114 Instruction Manual page 53

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 1
• Сүзгі ұстағышты (5) кофе әзірленіп болғаннан кей-
ін бірден шешіп алмаңыз, себебі сүзгінің (5) ішінде
шамадан тыс су және бу қысымы болуы мүмкін,
кофеқайнатқыштың суығанын күтіңіз.
• Сүзгі ұстағышын (5) шешу үшін тұтқаны (4) сол
жаққа «INSERT» бұрыңыз және сүзгі ұстағышын
(5) шешіп алыңыз.
АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ СӨНДІРУ ФУНКЦИ-
ЯСЫ
Қуаттандыруды қосқаннан кейін, егер 25 минут
ішінде ешқандай әрекет болмаса, кофеқайнатқыш
автоматты түрде сөндіріледі.
ЖАҚСЫ ЭСПРЕССО КОФЕСІН ҚАЛАЙ
ӘЗІРЛЕУГЕ БОЛАДЫ
• «Эспрессо» кофеқайнатқыштарына арналған
ұнтақталған кофені пайдаланыңыз.
• Сүзгіште (6) ұнтақталған кофені сәл тығыздап
отырыңыз, ол үшін өлшеуіш қасықтың (16) теріс
жағын пайдаланыңыз.
• Дайындалған кофеның күштілігі кофе дәндерінің
ұнтақталу дәрежесі мен сапасына байланысты
болады. Егер кофе тым ұзақ құйылса, бұл кофе
тым ұсақ ұнтақталған екенін немесе тым қатты
тығыздалғанын білдіреді.
АЛДЫН АЛА ҚЫЗДЫРУ
• Жақсы ыстық эспрессо кофесін әзірлеу үшін, біз
алдын ала кофе сүзгісін (6) және сүзгі ұстағышын
(5) қыздырып алуды ұсынамыз.
• Қақпақты (14) ашыңыз және сыйымдылықты (15)
сумен толтырыңыз, немесе сыйымдылықты (15)
шешіп алып, оны сумен толтырыңыз, сыйым-
дылықты (15) орнына қойыңыз.
• Кофеге арналған сүзгілердің (6) біреуін ұстауышқа
(5) салыңыз.
Ескертпелер:
- бір шыныаяқ кофе жасау үшін кішкене сүзгіні
(6) қолданыңыз және бір шыныаяқ әзірлеу
түймесін (18) «
» басыңыз;
- екі шыныаяқ кофе жасау үшін үлкен сүзгіні қол-
даныңыз (6) және екі шыныаяқ әзірлеу түймесін
(19) «
» басыңыз.
• Сүзгі ұстағышын (5) кофеқайнатқышқа орнатыңыз.
Ұстағыштың шығыңқысы (5) бойлердің ойықтары-
на «INSERT» сәйкес келуі керек, содан кейін, сүзгі
ұстағышының тұтқасын (4) тірелгенге дейін оңға
қарай «LOCK» бұраңыз.
• Сәйкес тостағанды торға (2) қойыңыз.
• Қуаттандыру бауының ашасын электр розеткасы-
на салыңыз.
• Қосу/өшіру түймесін (17) «
кофеқайнатқышты қосыңыз, осы ретте түйменің
жарығы (17) жанады, түйменің жарығы (18, 19, 20)
KZ
53
» басу арқылы

Advertisement

loading