Ұзақ Мерзім Бойы Сақтау - Viking MB 443 Instruction Manual

Hide thumbs Also See for MB 443:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
металдың зақымдануына əкеліп соғуы
мүмкін, ал ол VIKING құрылғысы
жұмысының қауіпсіздігіне əсер етеді.
Өрттің туындау қаупін азайту үшін,
желдеткіш тесіктер, суытқыш қырлар
жəне пайдаланылған газдарды
шығаратын құбырдың жанында: шөп,
сабан, мүк, қураған жапырақ жəне ағып
кеткен майлаудың болмағанына
көз жеткізіңіз.
Техникалық қызмет көрсету:
Осы нұсқаулықта көрсетілген барлық
əрекеттерді орындаңыз, қалған басқа
жұмыстардың барлығын делдал
жасауы тиіс.
Қажетті құралдар мен білім болмаған
кезде дереу делдалға хабарласыңыз.
VIKING компаниясы, техникалық
қызмет көрсету жəне жөндеу жасау үшін
тек ресми делдалдарға жүгінуді
ұсынады.
VIKING компаниясы тұрақты оқыту
курстарын өткізіп тұрады жəне ресми
делдалдар үшін техникалық ақпарат
ұсынады.
Бұл құрылғы үшін тек VIKING
компаниясы рұқсат еткен құралдарды,
бөлшектер мен қосымша аспаптарды
ғана пайдаланыңыз, немесе дəл
осылай техникалық орындалған. Олай
болмаған күнде адамдарға зақым
келтіру немесе ұсақтағыштың бұзылу
қаупі бар. Сұрақтар болған жағдайда
делдалға хабарласыңыз.
VIKING компаниясының өзіндік
құралдары, құрамдас бөліктері мен
бөлшектері өз қасиеттері бойынша
құрылғы үшін ең оңтайлы жəне
пайдаланушының талаптарына сай
келеді. VIKING компаниясының өзіндік
бөлшектерін ондағы нөмір, «VIKING»
атауы бойынша анықтауға болады жəне
0478 111 9823 F - KK
қажет болғанда бөлшектің коды
бойынша. Ұсақ бөлшектерде тек
бөлшек нөмірі ғана болуы мүмкін.
Қауіпсіздік түсінігіне орай, жанармай
беру жүйесімен байланысты барлық
бөлшектердің (жанармай құбырлары,
жағармайлық краны, жанармай багы,
өткізгіштер) зақымданған жəне
тамшылайтын жерлерін үнемі тексеріп
тұрып, қажет болған жағдайда, оларды
ауыстыру үшін маманды шақырыңыз
(VIKING компаниясы, VIKING
делдалдарының қызметіне жүгінуді
ұсынады).
Сақтандырғыш жəне нұсқау беретін
жапсырмалар əрқашан таза жəне
оқылмалы болуы керек. Зақымданған
немесе жоғалған жапсырмаларды
VIKING делдалдарының түпнұсқалы
жапсырмаларына ауыстырыңыз.
Бөлшекті жаңасына ауыстырған кезде,
жаңа бөлшектің сондай
жапсырмасының болғанын байқаңыз.
Кескіш бөліктің жұмысын тек мықты
жұмыс қолғаптарын киіп, өте сақ түрде
орындаңыз.
Барлық сомындар, бұрандамалар мен
бұрандалар, əсіресе пышақ бұрандасы
жақсылап тартылғанын жəне
құрылғының қауіпсіз əрі қалыпты
күйінде тұрғанын байқап тұрыңыз.
Құрал мен шөпжинағышта тозған жəне
зақымды жерлерінің бар-жоғын əсіресе
қоймаға қабылдар алдында үнемі
тексеріп отырыңыз (мысалы, қысқы
үзіліс кезінде). Қауіпсіздік түсінігіне
орай, тозған жəне зақымданған
бөлшектерді дереу ауыстыру керек,
соның арқасында құрал қауіпсіз əрі
қалыпты қолданыс жағдайында
болады.
Қозғалтқыштың негізгі реттелген күйін
ешқашан өзгертпеңіз жəне оны тым
жоғары айналыстарда қолданбаңыз.
Егер техникалық қызмет көрсету кезінде
қандай да бір бөліктер немесе
қорғаныш құрылғылары алынып
тасталса, нұсқаулықтың талабына
сəйкес оларды орнына орнату қажет.
4.8 Ұзақ мерзім бойы сақтау
Шапқышты жабық үй-жайға апарар
алдында, моторды суытыңыз.
Жағармай багы босатылған шапқышты -
жабылатын жəне жақсы желдетілетін
үй-жайда сақтаңыз.
Оқымаған адамға (мысалы, балаларға)
ұсақтағышпен жұмыс істеуге тыйым
салынған.
Багында бензині бар құрылғыны
ғимараттың ішінде ешқашан
сақтамаңыз. Пайда болатын бензин
булары, жанып тұрған отпен немесе
ұшқынмен түйісіп, кейін тұтанып кетуі
мүмкін.
Қажет болғанда, мысалы, қыс
маусымында шапқышты қолданысқа
енгізер алдында жағармай багін
босатыңыз, бірақ осы жұмысты тек
ашық ауада жасаңыз
(барлық жағармайды жұмсаңыз).
Ұзақ уақыт сақтау алдында
(мысалы, қыс айларында) құрылғыны
мұқият тазарту қажет.
Шапқышты сақтағанда, ондағы
тұтандыру білтесінің түйіспелі ұштығын
алып шығарып қойыңыз.
Құрылғыны тек жұмысқа жарамды
күйінде ғана пайдаланған жөн.
343

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents