TEFAL Turbo Crisp Manual page 119

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
- немесе өнім идентификаторында немесе спецификацияда көрсетілгендей қате
кернеуге немесе жиілікке байланысты нашар нәтижелер
Тұтынушылардың заңды құқықтары: Осы TEFAL/T-FAL халықаралық
кепілдігі тұтынушының заңда белгіленген құқықтарына немесе жойылмайтын не
шектелмейтін құқықтарына, сондай-ақ тұтынушы тауарды сатып алған бөлшек
сатушыға қатысты құқықтарына әсер етпейді. Бұл кепілдік тұтынушыға белгілі
бір заңды құқықтар береді, ал тұтынушының мемлекетке және елге байланысты
әртүрлі болатын басқа заңды құқықтары болуы мүмкін. Тұтынушы осындай
құқықтарды өз қалауы бойынша қолдана алады.
***Егер өнім тізімдегі елде сатып алынса, содан кейін тізімде көрсетілген басқа
елде пайдаланылса, онда TEFAL/T-FAL халықаралық кепілдік мерзімі, өнім тізімде
көрсетілген елде басқа кепілдік мерзімімен сатып алынса да, пайдалану еліне
арналған кезең болып табылады. Егер өнімді TEFAL/T-FAL компаниясы сатпаса,
жөндеу процесі ұзақ уақытты қажет етуі мүмкін. Егер өнімді жаңа елде жөндеу
мүмкін болмаса, мүмкін жерде TEFAL/T-FAL халықаралық кепілдігі бойынша оған
ұқсас немесе бағасы бірдей балама өніммен алмастырады.
*TEFAL тұрмыстық техникалары Америка мен Жапония секілді кейбір аумақтарда
T-FAL брендімен белгілі. TEFAL/T-FAL — Groupe SEB компаниясының тіркелген
сауда белгілері.
Кепілдік бойынша шағым бергіңіз келсе, осы құжатты анықтама алу үшін сақтаңыз.
**Тек Австралия үшін:
Біздің өнімдеріміз австралиялық тұтынушылар құқығын қорғау туралы заңға
сәйкес жойылмайтын кепілдіктермен жеткізіледі. Елеулі ақау болған жағдайда,
ауыстыруға немесе ақшаны қайтаруға және басқа себебі бар шығындар мен
залалдар үшін өтемақы алуға құқығыңыз бар. Тауар сапаға сәйкес келмесе және
ақаулық елеулі ақаулық болмаса, тауарды жөндетуге немесе ауыстырып беруін
сұрауға да құқығыңыз бар.
**Тек Үндістан үшін: Кепілдік ұзақтығы өнімге және Үндістандағы штатқа
байланысты. Толық кепілдік шарттары сату орнында тексерілуі керек. Сыртта сатып
алынған және Үндістанда пайдаланылған өнімдерге 2 жылдық кепілдік беріледі.
Кепілдік тек ақаулы өнімді жөндеуге қолданылады, бірақ TEFAL таңдауы бойынша
ақаулы өнімді жөндеудің орнына оны ауыстыруы мүмкін. Тұтынушы өзіндегі өнімді
жөндету үшін міндетті түрде TEFAL SERVICE APP смартфон қолданбасы немесе
1860-200-1232, дүйсенбі-сенбі күндері 09:00–18:00 аралығындағы жұмыс
уақытында TEFAL тұтынушыларды қолдау орталығына қоңырау шалу арқылы
қызмет көрсету туралы өтінішін тіркеу керек. Пошта арқылы қайтарылған тауарлар
кепілдікке кірмейді. Сатып алу дәлелі ретінде тұтынушы осы мөр басылған кепілдік
картасымен бірге тауар түбіртегін де ұсынуы керек.
204

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents