Download Print this page

BRAYER BR1251 Instruction Manual page 40

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 1
40 KZ
• Құрылғыны алғаш пайдалану алдында өнімдер-
мен түйісетін, барлық шешілмелі қондырмалар
мен сыйымдылықтарды жақсылап жуыңыз.
• Жеткізілім жиынтығына кіретін бөлшектерді ғана
пайдаланыңыз.
• Құрылғының айналып жатқан бөлшектеріне
тиіспеңіз. Блендер-қондырмасы пышағының неме-
се бұлғауышының айналатын аймағына шаштың
немесе киімнің салбыраған элементтері түсуіне
жол бермеңіз.
• Құрылғыны пайдалану алдында қондырмалардың
дұрыс орнатылғанына және бекітілгендігіне көз
жеткізіңіз.
• Ұсақтағыш сыйымдылығын тегіс және тұрақты
бетке орналастырыңыз.
• Ұсақтағыш сыйымдылығына өнімдерді құрылғыны
қосқанға дейін салыңыз, егер ұсақтағыш сый-
ымдылығы ішінде өнімдер болмаса, құрылғыны
қосуға тыйым салынады.
• Ыстық өнімдерді ұсақтағыш сыйымдылығына
салардан бұрын оларды салқындатыңыз.
• Ұсақтағыш сыйымдылығына салынған өнімдер
мөлшері мен құйылған сұйықтықтың деңгейін
бақылаңыз.
• Ұсақтағыш-пышақтың және қондырма-блен-
дердің кескіш жиектері өткір және қауіп төндіреді,
ұсақтағыш-пышақты және қондырма-блендерді
абайлап ұстаңыз.
• Егер жұмыс кезінде пышақтардың айналуы тоқта-
са, құрылғыны өшіріңіз, розеткадан қуаттандыру
бауының ашасын суырыңыз, қақпақ-редукторды
шешіп алыңыз және ұсақтағыш-пышақтардың ай-
налуына кедергі келтірген өнімді алып тастаңыз.
Ұсақтағыш-пышақтың және қондырма-блендердің
айналуы қиындаған кезде, ұсақтағыш сыйым-
дылығына немесе қондырма-блендер пайдала-
нылатын сыйымдылық ішіне су, шырын, қайнатпа
және т. б. қосу ұсынылады.
• Мотор блогын электр желісінен ажыратқаннан
кейін ғана, ұсақтағыш сыйымдылығынан мотор
блогын шешіп алуға болады.
• Ұсақтағыш тостағаны мен өлшеуіш стақанды ми-
кротолқынды пешке салуға тыйым салынады.
• Қондырғылар мен сыйымдықтарды ыдыс жуу
машинасына салмаңыз.
• Балалардың қауіпсіздігі үшін қаптама ретінде пай-
даланылатын, полиэтилен пакеттерді қадағалау-
сыз қалдырмаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Балаларға полиэтилен
пакеттерімен немесе қаптама үлдірімен ойнауға
рұқсат етпеңіз. Тұншығу қаупі бар!
• Құрылғы балалардың пайдалануына арналмаған.
• Құрылғыны ойыншық ретінде пайдалануын бол-
дырмау үшін, балаларды қадағалаңыз.
• Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда балалар жұмыс
бетіне, құрылғы корпусына, қуаттандыру бауына
немесе қуаттандыру бауының ашасына тиісуіне
рұқсат бермеңіз.

Advertisement

loading